Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары



бет22/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
абдиева нураш

ҚОРЫТЫНДЫ

Мәтін - тіл жүйесіндегі ең жоғары бірлік. Мәтін – сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Мәтінге қатысты зерттеулердің сан алуандығы оның күрделі құбылыс екендігін дәлелдейді.


Мәтіннің өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады.
Біздің ойымызша, мәтін қызметі мен табиғатын сипаттауға біршама релевантты категориялар қызмет етеді. Мәтіндік категориялар әлі көпшілікке танымал болған және ешқандай күмән келтірмейтін деңгейге жете қойған жоқ. Бірақ біздің ойымызша, олардың арасындағы ең маңыздысы: дербестік, тақырыптылық, логикалылық, үндестілік, бағалауыштық, темпоралдық, шоғырлылық категориялары. Бұлардың ішіне жеке типтер енуі немесе олармен қиылысуы мүмкін. Басқа мәтіндік категориялар жүйесінде дербестік категориясын зерделеу мәтіндер категориясы иерархиясында дербестік категориясы басты орынға ие екендігі жөнінде, сондай-ақ модальдылық пен темпоральдық, бірізділік, тағы басқа осы сияқты категориялардың бастау алу көзі екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Ол негізгі мәтін түзуші категория болып табылады. Егер мәтіндік категория мәтіндік деңгейінде көрінетін категория болса, мәтін түзуші категория мәтінді құрауға қатысатын категория болады. Мәтіндік категория үнемі мәтін түзуші қызмет атқара бермейді және ол міндетті де емес. Ал мәтін түзуші категория үнемі мәтіндік категория болып табылады. Барлық мәтіндік категорияларды мәтін түзуші және мәтін түзуші емес деп бөліп қарастыруға болады. Біріншілерге дербестілік, темпоралдылық, шоғырлылық, байланыстылық, модальдылық, және т.б. жатады, ал екіншісіне – сыпайылық, сан-сапалық, себеп-салдарлық және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет