Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары



бет17/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
абдиева нураш

Жаңғырықтық символдық, яғни фонетикалық дыбыс белгілі бір бейнеленетін дыбысты қайталау, ономотопея жағдайы сияқты.
Синестетикалық символизм – дыбыс басқа сенсорлық модальділікке жататын бейнеленушінің қасиеттерін туындату жағдайында (мысалы, дыбыс туралы айту барысында айту: «қатты» немесе «жұмсақ», «ашық» немесе «қоңырқай», «тәтті» немес «ащы», «ауыр» немесе «жеңіл» және т.б).
Физиогномикалық символизм – дыбыс эмотивті немесе психофизиологиялық қасиеттермен ой байланыстырғанда «синкинестэмиялық символизм», мысалы, дыбыс туралы айтуда: «айбатты» немесе «жұмсақ», «көңілді» немесе «мұңды», «жуан» немесе «жіңішке» және т.б. немесе «тікенектей» мен «жұмыр», «күшенген» немесе «әлсіз», «үлкен» немесе «кіші» [63,36]. Көркем мәтіндегі дыбыстық ұйымдасу дыбыс бейнелеуіш жүйе құбылысына қарай екі бағытта зерттеліп талданады 1) дыбыс бейнелеуіш 2) дыбыс символдық.
Дыбыс символдық сөздерді, әрине, алдымен (сөздіктерден, мәтіннен) сәйкестендіріп алу қажет. Зерттеушілер дыбыс символдық сөздердің белгілері мен оларды сәйкестендірудің мынадай критерийлерін көрсетеді: І. Семантикалық критерий:
1) эмоционалдық пен экспрессивтілік
2) семантиканың бейнелілігі
3) семантиканың нақтылығы
4) адамның психофизиологиялық әмбебабын белгілейтін қарапайым элементтер белісі.
II. Грамматикалық критерийлер

  1. Морфологиялық гипераномальдылық;

III. Сөзжасамдық критерийлер
6.Редупликация;
IV. Фонетикалық-құрылымдық критерийлер
7.Фонетикалық гипераномальдылық,
8.Форманың қатыстық бірбейнелілігі,
9.Фонетикалық гипернұсқалылық
(үнді протетикалық, метатеза, «дауыстылар кезектесуі», «дауыссыздар кезектесуі» - әдісіне қарай, артикуляция орнына қарай, қатаңдық/ұяңдыққа қарай);
V. Функционалдық критерийлер
10.Стилистикалық шектелу;
VI. Интерлингвистикалық критерийлер
11.Типологиялық ұқсастық (изоморфизм) түрлі тілдер бойынша [103].
Дыбыс символдық сөздер дыбыс символдық емес аяның сөздерімен «араласып» эволюция барысында өзінің алғашқы семантикалық және функционалдық шектелуін жоятынын айта кету қажет.
Дыбыс бейнелеуіш сөздердің фоносемантикалық сипаты, әсіресе, дыбыс еліктеуіш сөздерде айқын көрінеді. Дыбыс символикалы сөздердің фоносемантикалық табиғатын анықтаудың өз қиыншылықтары бар, себебі аталған сөздердегі дыбыстар табиғи нысандардың дыбыстарына емес, дыбыстан бөтен түрлі сипаттарға еліктеуден пайда болған. Дыбыс еліктеуіш сөздер өзара екі түрге бөлінуі мүмкін:
1. Жанды нысандар шығаратын дыбыстарға еліктейтін сөздер.
2. Жансыз табиғи нысандар дыбыстарына еліктейтін сөздер.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер мен дыбыстық символикалық сөздердің тұтас мәтінді түзудегі орны - бүгінгі таңда тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
Көркем мәтіндегі дыбысқа еліктеу сөздердің микромәтіндердегі ойды дамыту қызметін атқаруы кездеседі:
1-ші микромәтін:
Тырма сықырлай орынан қозғалған. Аттың аяқ алысы байсалды. Тырма доңғалағы қиыршық тас аралас топырақты шықырлата дөңгелеп келеді. Он, он бес, жиырма қадам жүрді. Тыныштық.
2-ші микромәтін:
...Жиырма қадам... Жиырма бес қадам... Отыз... Тырманың бір жақ доңғалағы жол үстінде жатқан тасқа соғылды. Қужауырын қалт тоқтады. Құлағын тікірейте мойнын артқа бұрды. Мертік жауырыны мүлде күдірейіп кеткендей. Едіге де демін ішіне тартып тына қалды. Бірақ Қужауырын делбе қағылмаса да жүгін алға тартты. Тырма жұдырықтай ғана сопақша тастың үстінен аттап өтті. Аттап секіргендей болды. Тырманың алып тарақтың жүзіндей қатар-қатар тізілген темір тырнауыштары сыңғыр-сыңғыр, салдыр-салдыр етіп, біріне-бірі соғылды. Қужауырын үрейлене көкке шапшыды да ала жөнелді (М. Мағауин).
1-ші микромәтіндегі сықырлай, шықырлай деген дыбысқа еліктеу сөздер 2-ші микромәтінде сыңғыр-сыңғыр, сылдыр-сылдыр деген дыбысқа еліктеу сөздерге ұласады. Яғни алдыңғы микромәтіндегі еліктеу сөз келесі микромәтінде ойды дамыту мақсатында, ой жалғастығы үшін қолданылған.
1 –ші микромәтін Аз уақытта үлкен үйдің екі жағынан ақырын сыңқылдап, күліп келе жатқан жас әйелдер үндері естілді. Дәрмен, Мағаш, Кәкітай, Өтегелді сияқты бүгінгі кеште бәріне ортақ сыр сақтаған жігіттердің құлағына жиі-жиі сылдыраған шолпы дыбыстары келеді. Олардың сергек құлақтары сол дыбыстарға мән берумен бірге, көздері есік жақтарға жиі қарасады. Әуелі әр жастағы балалар кірісті. Бұлардың да өңдері таза қазақ тегіннен басқарақ екендігін білдіреді. Шаштары қоңырқай, көздері үлкен, мұрындары көтеріңкі, бойы ұзындау, тік біткен.
2-ші микромәтін Қыздар кіргенде, Әбіш скрипкасын тоқтатып, жаңа келген сыпайы топқа, тәрбиелі ілтипат білдірді. Орнынан тұрып, беті қып-қызыл болып ду ете түсіп, басын сәл ие амандасқандай белгі етті. Алдыңғы қыз Мағрипаның өзі болатын. Оны мен серіктеріне Мұсабайдың келіншегі және Мұсабайдың өзі мен Нұртаза, Өтегелді сияқты ауыл иелері, Әбішпен қатар тез тұрысып, төрге қарай шығуға жол берісті. Мағрипаның көп қонақ үстіне кіргелі, екі беті ду етіп қызарып, қып-қызыл еріндері ұялғандай жымиып, аппақ кесек тістерін көрсетті. Ол сәнді салмақпен баяу басып, алтынды шолпысы өте жіңішке, биязы үнмен шылдырлай келіп, Мұсабайдың дәл жоғары жағынан отырды (М.Әуезов).
Берілген үзінділердегі алдыңғы микромәтінде келген сылдырлап деген дыбыстық еліктеу сөз екінші микромәтінде тағы қайталанады. Қыз шолпысының сылдырлауы, шылдырлауы символдық мағынада жұмсалып, қыз бойына тән еркелікті, қазақ қызына тән сыпайылықты білдіреді. Шылдырлаған шолпы дауыстары қыз бейнесін, оның сыпайы жүрісін, нәзіктікті таныту мақсатында берілген. Яғни мәтіндік үзіндіде жұмсалған сылдырлау, шылдырлау деген дыбыстық еліктеу сөз мәтіндегі астарлы ойды білдіреді. Сондай-ақ үзіндіде бұл сөздер кейіпкер бейнесін сомдауда ерекше стильдік қызмет атқарады.
Сол сияқты сарылдау, сылдырлау, сырылдау, шарылдау, шұрылдау т.б. құрамындағы сар/шар/шұр/шор деген түбірлер судың сарылдап, шарылдап, сорылдап, шорылдап, яғни қатты немесе баяу екпінмен қуыс, тар жермен ағуына еліктеу түрінде сипатталады.
Өзен түбі таза құмайт, қатқыл керіш болғандықтан, су айнадай мөлдір болып сырғиды. Күзгі шөптің сәл сарғыш, буалдыр бойын жағалап, кейде майда жасыл шалғынды ақырын сілкіте тербетіп бауырлай сылдырлайды (М.Әуезов).
Зерттеушілердің пікірінше, С дыбысы судың жылжитын, ағатын, сылдырайтын, сырғанайтын, сорғалайтын, жылтылдайтын, жалтылдайтын т.б. сипаттарын бейнелеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет