Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары


Даң формасындағы әр фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір еліктеуіш мағынаға ие. Еліктеудің негізі сипатын, болмысын осы фоносемантикалық модельде дауыссыз д



бет19/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
абдиева нураш

Даң формасындағы әр фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір еліктеуіш мағынаға ие. Еліктеудің негізі сипатын, болмысын осы фоносемантикалық модельде дауыссыз д және ң дыбыстар (идеофондар) көрсетеді. Ал фоносемантикалық сөз ортасындағы дауысты дыбыс (идеофонема) еліктеуіш түбір суреттейтін дыбыстың күштілігін, әлсіздігін және тонын сипаттайды. Сөз етіліп отырған даң фонемотипінің (имиативінің) анлаутындағы д өзінің артикуляциялық сипатына, ерекшеліктеріне қарай t(т) – ға өте жақын, тек д ұяң “жұмсақ” болса, т қатаң (шулы) дауыссыз – ал басқа артикуляциялық ерекшеліктері (альвеоляр, таңдай алды, тіс, жабысыңқы, шұғыл) бірдей.
Осы фоносемантикалық сипаты бар атаулар құрамындағы түбірлер фонемотип немесе имитатив күйінде, ретінде дыбыс еліктеуіш қызметін атқарған. Мәселен, даңғырлау сөзіндегі даң – түбіріндегі әр фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір еліктеуіш мағынаға ие. Еліктеудің негізгі сипатын, болмысын осы фоносемантикалық дауыссыз д және ң дыбыстары (идеофондар) көрсетеді. Ал имитативтік сөз ортасындағы дауысты фонема (идеофонема) еліктеуіш түбірді (сөз) суреттейтін табиғи үн, шу, дыбыстың күштілігін/әлсіздігін және тобын сипаттайды. Жалпы алғанда, даң имитативі (фонемотип, фоносемантикалық модель) табиғи дыбыстардың (шудың) төмендегідей сипаттарына еліктейді: «күмбірлеген, саңғырлаған, даңғырлаған (дыбыс)», «іші қуыс заттың басқа нәрсеге соғылуынан шығатын қаңғыр-күңгір (дыбыс)», «даң-дүң» еткен, «қаңғыр-күңгір» еткен, «салдыр-гүлдір» еткен (дыбыстар), «даңғырлап қатты дауыс еткен», «айғай-ұйғайға, у-шуға ұқсайтын (дыбыстар)» т.б.
Дауыссыздар дыбысталғанда түрлі кезеңдерден (тіл, тіс, ерін, т.б.) өтеді, яғни “қатты” денотаттарды символикалық түрде бейнелей алады. Әсіресе, шұғыл дауыссыздар (қ, т, п т.б.) “қатты” кедергілерді, яки нысандарды атау құбылысында жиі қолданылады.
Инлауттағы қолданылған а идеофон (идеофонема) символданған дено-таттың (нысанның) көлемділігін, яғни “үлкен - дәу - биік” екенін осы фоносе-мантикалық модельде көрсетіп тұр. К.Ш. Хұсайынның көрсетуінше: “Дыбыс символизмі (ең болмағанда көлем мәніндегі өлшем бойынша) әмбебап сипатқа ие, оның негізінде дыбыстың физиологиялық қасиеттері жатыр. В.В. Левицкий “үлкен” ұғымын артқы, ұяң, шұғыл, діріл, әсіресе, [о], [а], [r], [d], [z] дыбыстар білдіреді деп еді” [94].
С.В. Воронин көрсеткендей: “домалақ” шар тәрізді үрілген томпақ заттың маңызды белгісінің бірі; еріндік дауысты, дауыссыздар белгілерінің бірі де осы; бұдан домалақ нәрсені білдіретін дыбыс бейнелеуіш сөз түбірінде еріндіктердің артикуляторлық фонемотипіне тиісті, ең болмағанда бір фонеманың болу қажеттігі келіп шығады: салыстырыңыз: түр tepalak, tembalak “домалақ шар тәрізді”, rob “домалақ ыдыс” [64, 67-68]. Жоғарыда көрсеткен “төбе” мәнді дыбыс бейнелеуіш сөздердің имитативтік түбірінде бір емес, кем дегенде екі еріндік дауыс: / о / у / ө дауысты фонемотиптері және б / п дауыссыз фонемотиптер бар. Ал енді у / о / ө фонемотиптері “томпақ”, “домалақ”, “шар тәрізді” денотаттарды дыбыстық түрде белгілейді десек, денотаттардың осы аталған сипаттары “шығыңқы”, “көтеріңкі”, яғни “биікте”, “бас жағында”, “басында”, “төбесінде” деген ұғым түсініктермен, сипаттармен ыңғайлас, сыңарлас жақын болып келеді. Демек, аталған фонемотиптер – дауыстылары немесе дауыссыздары болсын “көтеріңкі”, “үстіңгі”, “басындағы”, “бас”, “төбе”, “биік” деген мағыналарды бедеріне қатысты бере алады.
Қазақ тілінің материалдарын қарасақ: доп, топ, дөң, дөңгелек, дүмпи, томпаю, тобыр, доңғал, добалдай т.б. сөздерде лабиальді (еріндік) фонемотиптер аталған сипаттарды көрсетіп тұр. Жоғарыда келтірілген сөздер тізімінде ң дауыссызы еріндік болғанымен, м сияқты мұрын жолды болып келеді және үнді немесе сонар дауыссыздар қатарына жатады, яғни артикуляциясы өте жақын.
Қазақ тіл білімінде фоносемантика теориясының негізін қалыптастырған профессор К.Ш. Хұсайынның мәлімдеуінше, қазақ тілінде лабиальді немесе лабиальданған дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізінде “томпақ”, “шығыңқы”, “домалақ”, “шар тәрізді” заттарға, сол заттарға қатысы бар қимылдарға байланысты өзі жинақтаған жүзге жуық (әрине, олардың саны одан көп) сөздер бар [65,53-154].
Ғалымдар келтірген осындай мол тілдік (фоносемантикалық) деректер негізінде лабиальді (лабиальданған), еріндік дауысты және дауыссыз дыбыстардың (фонемалар) өз кезінде фонемотип (идеофон) қызметін атқарғандығының дәлелі мен дәйегі бола алатындығын аңғардық. Ал осы аталған фонемотиптердің мағыналық сипатына тоқталсақ, “томпақ”, “домалақ”, “шар тәрізді”, “шығыққы”, “көтеріңкі”, “үстіңгі” т.б. солардан туындаған немесе өте жақын, сыңарлас мағыналарды осы фонемотиптер (идеофондар) дыбыстық символика түрінде бейнелейді. Дыбыстық символикаға ие орографиялық аппелятивтердің құрамындағы дыбыстардың, дыбыс тіркестерінің, яғни идеофон, имитативтердің аталған нысандармен сәйкестігі дыбыстардың фонологиялық, артикуляциялық сипаттарының сәйкестіктеріне негізделген. Фоносемантика саласында зерттеулер жүргізген ғалымдар осындай сәйкестіктерді анықтаған. Мәселен: шар тәрізді, томпақ, шығыңқы заттардың атауларындағы түбірлерде бір немесе бірнеше лабиалды дыбыстар бар екені жөнінде А.М. Газов – Гинзберг, В.Г. Лобин, С.В. Воронин, А. Йоханенссон сынды ғалымдар жазды. Ғалымдардың пікірінше, осы сәйкестік еріндік символизмге негізделген: “ауыз (ерін) қимылы томпақ (шар тәрізді) заттар формасын бейнелейді”. Бұл аталған қимыл лабиальды (еріндік) дауыстыларды (о, ө, ұ, у, ү) дыбыстағанда жасалады.
Еріндік дауыстылардың символизіміне негізделген фоносемантикалық сөздерге шошаю, шоқшию, дөңию сияқты сөздерді жатқызуға болады. Дыбыс бейнелеуіштік сөздердің тілдік тұлғасында міндетті түрде фонемотип (С.В. Ворониннің термині) бар. Фонемотипте аталған заттың кем дегенде бір сипатына қатысты фонема болуы тиіс фонемотиптер акустикалық, дыбысқа еліктеуіш сөздерде кездеседі. Мысалы, “томпақ”, “домалақ”, “үрлеген” заттардың сипатына сәйкес келетін дәл сондай сипаттар еріндік (лабиалды немесе лабиальданған) дауысты, дауыссыздарда бар. Сол себепті осы аталған артикуляциялық фонемотип “томпақ”, “домалақ”, “үрленген” заттарды атайтын сөздерде қолданылады.
Тілдің еркін еместік ұстанымы ФС бірінші де басты әдіснамалық ұстанымы болып табылады. Сондай-ақ ол уәжділік ұстанымы және сөздің дыбысталуы мен мағынасы арасындағы байланыстың еркіндік еместік ұстанымы деп те атауға болады. Бұл ұстаным Ф. де Соссюрдің тілдік белгілер еркіндігі ұстаныма қарама қарсы келеді. Тіл аясындағы , яғни тіл ішіндегі ұғымды білдіруші және білдіру арасындағы еркіндік қатынасын (уәжделмеген) еркіндік белгісі ретінде қарастырады. Ф.де Соссюр анығында «еркіндікті» денотатқа қатысты жалпы уәжделмеген белгі ретінде түсінген. Яғни ол «еркіндікті» тілдік белгілер шектеуінің сыртына шығарып жіберген және кеңейтіп тіл аясынан асырып жіберген. Сондықтан біздің алдымызда бір мәселе ғана емес екі мәселені шешу қажет болып отыр. Біріншісі – белгінің екі жағының «ішкі» байланыс мәселесі, және екіншісі – белгінің «сыртқы» еркіндік мәселесі. Яғни тілдік белгі мен денотат-тілдік мәндері арасындағы «сыртқы» байланыс. Еркінсіздікті ұстаным ретінде қарастыру, тілдік белгілердің уәжділігін айтқанда,, біз қазіргі тіліміздегі барлық сөздер уәжді деген қорытынды жасамаймыз. Әрине, біршама жасалымдар арасында уәжді деп сипаттауға келмейтіндері де бар. Тілдік белгілердің еркін еместігі түсінікті; бірақ «заманауи» синхронияда оның екі ұшты мәні бар: оны бір уақытта еркін және еркін емес деп айтуға болады. Оның себебі сөз сипатының екі ұштылығында: сөз обастан екі «мәнді білдіретін болып қарастырылған – коммуникативті және мағына білдіруші (отражательное)»... Белгілі бір атау актісі кезіндегі денотат-объектінің сипаты алынады, яғни оның негізіне алынатын сипат. Осы басты анықтау кезінде атау, яғни номинация еркін болмайды, ол уәжді; ол осы бір белгілі сипатты таңдау көбінде уәжді емес еркін болады. ФС екінші ұстанымы - детерменизм ұстанымы. Тілдің ДБЖ тұрғысынан бұл ұстаным сөз мазмұны, оның сипаты мен денотат қасиеттері белгісі арасында бір шарттылық бар деп есептейді, яғни денотат-объектінің белгісі – «уәжділік» немесе уәжді ойдың соңы атау негізіне алынады. ФС үшінші ұстанымы – мағына білдірушілік (отражательный). Біз қарастырып отырған тілдік сатыдағы мағына білдірушіліктің мазмұны – ол сөздің мазмұны (немесе ұғым терминіне жақын), мағына білдірушіліктің формасы – тілдік белгі (сөздің материялдық жамылғысы іспеттес). Осылайша тілдік белгілер мағына білдірушіліктің адамға тән материялдық жағының формасы болып табылады. Осының өзі мығына білдірушілік категория ретінде қабылдауға мәжбүрлейді. Тілдік белгілердің мағына білдірушілігі тұтастай барабар болумен қатар бірқатар бұрмалауларға тап болады. Ол белгілердің мағына білдірушілігінің екі сатылығында (яғни мағына білдірушіліктің екі сынақтан өтуінде), атау объектісі мен белгі арасындағы қатынастардың көп мағыналылығында, эволюция барысындағы белгінің өз мағынасынан сәл ауытқуы (яғни примарлық уәжділігінен ішінара айырылуы). ФС төртінші ұстанымы – тұтастық. Бұл ұстаным бойынша жүйе компоненттерінен қарағанда тұтас жүйе бірінші болып анықталады; объекті қасиеттерінің тұтастығы мен бірігуіне (интеграциялануына) баса назар аударылады. Тұтас жүйенің қасиеттері элементтер қасиеттерінің қосындысы ретінде алына салмайды, жүйе элементтері арасындағы қатынастар мен ерекше байланыстар арқылы туындайтын жүйе құрылымының біріккен (интеграцияланған) қасиеттері ретінде анықталады. Жүйедегі әрбір элемент басқа элементтермен байланыста болады. Әр элементтің сипаты тұтас жүйенің элементтер арасындағы байланысты тұтас жүйедегі «орнын» ескере отырып сипаттайды. Көппланды ұстанымы және оның нәтижелері. ФС бесінші ұстанымы – көп пландылық. Бұл ұстаным бойынша дыбыс бейнелеуіш жүйе «ауқымды», барынша толық үш өлшемдік «өз ішіне» бағытталған, бір-бірімен байланысқан үш тәуелсіз жоспардың сипаттамасы – синтагмалық, парадигмалық, иерархиялық. Сонымен қоса тұтас жүйенің «сыртқа» бағытталған, яғни «ортамен» байланыс жоспарындағы сипаттама.
Заманауи типологиялық тіл білімі туыстас емес тілдердің лексикасын салыстырмалы түрде зерттеуге жете мән беріп жүр. Кез келген тілдің лексикасындағы маргиналдық қатпарлар ( «түпкірлі» қатпарлар, бірақ кең ауқымды теориялық жоспарлардың ұстанымдық қорытындылауларына негіз беретін) арасында дыбыс еліктеуіш сөздер (ономатоптар) маңызды рөл атқарады. Бірақ отандық және шетелдік тіл білімінде де ономатоптар тілдік кешендер ретінде жүйелі типологиялық зерттеу нысаны көрген жоқ. Бұл жағдай белгілі тілдерде ономатоптық лексиканың жүйелі сипаттамасының болмауы делінсе, сондай-ақ ДБ жалпы теориясының жете өңделмегендігінен деп түсіндіріледі. 1969ж. ономатоптарды денотаттарына қатысты топтастыру ұсынылды [66]. Алғашында ағылшын материялдарына құрылған бұл топтастыру басқа тілдердегі ономатоптарды қарастыруға да келетін болып шықты. Сондай-ақ бұл топтастыру туыстас тілдер мен қоса туыстас емес тілдерге де келетін болып шықты. Қазіргі кезде 1996 жылы ұсынылып, уақыт өте зерттеулер барысында сұрыпталған ономатоптар топтастырылуы кешенді топтастыру болып табылды. Бұл топтастыру фоносемантикалық типологияны өңдеуге (немесе типологиялық ФС, немесе дыбыс бейнелеуіш жүйелер типологиясы) фоносемантикалық кешеннамалықты, фоносемантикалық кешендерді табуға мүмкіндік береді. Фоносемантикалық кешендердің басты тұжырымдамасы бойынша әлемдегі кез келген тілдің дыбыстық бейнелеу жүйесінде ономатоптардың үш тобы және екі гипер тобы бар.
Түрлі денотаттар типтерінің акустикалық сипаттамасын ескермей құрған кез келген ономатоптар топтастырылуы субъективті және толық емес болады. Осы себептен біз акустика мен психоакустика мәліметтеріне жүгінуімізге тура келеді. Біз дыбысталудың бес негізгі өлшемін (параметрін) белгілейміз. І параметр – жоғарылығы (кең мағынада): жоғарылық параметрінде негізгі жиілік пен дыбыс спектрі (психолингвистикалық – дыбыс жоғарылығы мен тембрі). ІІ параметрі – дыбыс қаттылығы ; дыбыс қаттылығының акустикалық карреляті – үдемелілік (интенсивтілік). ІІІ – параметр – уақыт: уақыттық сипатқа қарай дыбыстарды «шұғыл» (салдыр) және шығыл емес (салдыр емес) деп бөлуге болады. ІҮ параметр – реттілік (регулярность) (тербелістің кезеңділігі): осы параметр бойынша үндерді (үнді салдыр еместер) және шуыл (шуыл салдыр еместер) деп бөлеміз. Ү – параметр – диссонанттық. Осы анықталған бес параметр дыбысталудың объективтік аттарының негізі болып табылады және тілдің дыбыс еліктеуіш кіші жүйесінде көрініс табатын дыбыстардың типтері мен топарын анықтауға мүмкіндік береді. І (жоғарылық) параметрі бойынша дыбыстардың кез келген типі сандық қатынасқа қарай «төмен» немесе «жоғары» деп сипатталады. ІІ параметр бойынша (дыбыс қаттылығы) дыбысталудың кез келген типі сандық қатынасқа қарай «қатты» және «ақырын» деп сипатталады. ІІІ параметр (уақыт) дыбысалуды «қысқа» және «ұзақ» деп бөледі. Денотат қасиеттері деңгейінде қарастырлатындар 10 қасиеттиптер деп бөлінеді. 1) салдырлық 2) үнділік 3) шуыл 4) диссонантық 5) төмендік 6) жоғарылық 7) үдемелілік 8) үдемелі еместік 9) қысқалық 10) ұзақтық. Ұсынылған адам тіліндегі дыбыстар сипаттамасын толық және жан-жақты деп айтпаймыз. Бұл топтама дыбысталудың өзіндік сипаттамасына, (психо) акустикалық құрылымына қатысты болып табылады. Осы түрінде объективті топтастыруға негіз бола алады [105.].
Дыбыс символдық теориясын денотат аясының ішіне кірмей құруға мүмкін болмайды, өйткені оның дыбыс символдық кіші жүйесі психофизиологиялық негізіне кірмейді. Дыбыс символдықтың психофизиологиялық негізі – синестемия (анығында «түсінісу, сезіну» + эмоциялану ) Синестемия деп біз түрлі модальділік түйсіктері (бір модальділіктегі түйсіктер арасында - сирек) мен түйсіктер және эмоциялар арасындағы түрлі арақатынастарды айтамыз. Бұлардың нәтижесінде бірінші сигналдық деңгейде түйсік сапасының тасымалдануы (немесе нерв импульстарының тасымалдануы), екінші сигналдық деңгейде – мағынасының тасымалдануы сонымен қоса сөздің дыбыс символдық мағынасын тасымалдауы жатады. Сенсорлық арақатынастардың маңызды екі түрін белгілеуге болады; 1) орталық, 2) түпкірлік Бірінші байланыстың екі түрін қамтамасыз етеді: эфаптикалық (контактілі) байланыс және ассоциативті (орталық аралық, кортикалды) байланыс. Эфаптикалық байланыс (нерв жолдарына тигізу арқылы байланыс) Бір нерв талшықтарын және жасушаларын қоздыру сонымен байланыстағы басқалардың жағдайына әсер етеді. Бұл байланыста мысалы, көзге жарық түсіру кезіндегі қатты естіліп тұрған дыбыстың күшеюі құбылысымен түсіндіруге болады [106].
Ассоциациялық байланыстар. Көптеген бас миындағы қыртыстардағы бөлшектермен байланыс жасайтын және тағы басқа орталық аралық байланыстардың болуы ассоциациялық талшықтардың болуы сезіну органдарының біреуінде болып жатқан өзгерістер басқаларға әсер етудің бір жолы. Сенсорлық арақатынастың үш түрін белгілеуге болады . Біріншісі – бір рецепторды тітіркендіру арқылы басқаларға әсер етуі. Түйсіктер арақатынасының екінші түрі – синестезия. Мысалы – «түрлі-түсті есту», және жарық қоздырғыштары арқылы түрлі түсті әсерлерін туғызу. Түйсінудің үшінші түрі – түйсінудің түрлі рецепторлары байланысы арқылы көрініс табады, бұл кез келген зат немесе құбылысты түйсіну кезінде де орын алады. Мысалы астың күйдіргі немесе ауыз қуырар дәмін түйсіну кезінде дәмдік түйсіктерге қоса сәл ауырсыну түсігі де қосылады. Төртіншіге бір модальділік түйсіктері екінші модальділік түйсіктеріне әсер ете алуын айтамыз, яғни бір түйсіктің әсерінен екінші түйсіктің күшеюі (немесе бәсеңдеуі). Синтезия мен қатар осы сияқты жағдайлар дыбыс бейнелегіштің психофизиологиялық негізін түсінуде де өте маңызды. Мысалы: үннің жоғарылануы – түстің күреңденуі; төмен дыбыстар бірізді бейнелердің айқындығын солғындатады және бұл бейнелердің сөну кезеңін ұзартады. Дыбыс символдық атау (номинация) сенсорлық аяда кеңінен қолданылумен қатар эмоционалдық аяда да көп пайдаланылады. Эмоционалды фактор рөлінің маңыздылығы адамның дыбыстық қоздырғыштар арқылы әсер ету нәтижесінде түрлі түстіні көру қабілеттілігіне байланысты болады. Эмоционалдық реңктің жағымды жағымсыз болуы (жайлы /жайсыз, рахаттану/рахаттанбау) өзінің жалпылама болуына байланысты түсіктерді тасымалдауда өзіндік медиатор ретіндегі рөлі осымен тоқталып қалмайтындығын атап өту қажет. Ол өзі бөлек «түйсік ---8594; эмоция сияқты тасымалдау тізбектері барысында » соңғы элемент ретінде де шығуы мүмкін. Бұған мысал келтірер болсақ: жоғары, қарқынды шығатын дыбыстар қоздырады, ал төмен, созылыңқы дыбыстар эмоциялық қозуды бәсеңдетеді; ал иіс, дәм және тактильді түйсіктермен рахаттану/рахаттанбау сезімдері тығыз байланыста болады; қант рахаттану сезімін тудыратын түйсік арқылы келеді; ащылық – дәмдік түйсіктің сапасы, көбінде эмоцияға әсер етуші (мысалы, «өкініш зәрі») фактураның «бұдырлығы» қаттылық, тегіс еместік «жағымсыз» деп бағаланса, жұмсақтық пен тегістік – «жағымды» деп бағаланады. Осындай фактілер өзінің теориялық түсініктемесін «түйсік ---8594; эмоцияны » тасу жағдайындағы идеяның дамуы ретінде алады. Эмоция аясының осындай жағдайларының жоғарыда аталған «жалпыламалылығы», яғни жағымды/жағымсыз эмоционалдық реңк эмоциялық элементтің қатысы бар кездегі, барлық түйсікке байланысты тасымалдануларды түсіндіруге мүмкіндік береді. Эмоциялық элемент синестемия екі түрлі жолмен болуы мүмкін «түйсік 8594; эмоцияны, түсік» тасымалдаулары тізбегіндегі соңғы дербес элемент ретінде қатыса алады [67,56].
Синестезия – психофизиологиялық универсалий болып табылады, ол лингвистикалық кешенділік ретіндегі дыбыс символдығы негізіне жатады. Синестезияның әсер ету аясы – сенсорлық – эмоционалдық ая; осы ая дыбыс символдық лексиканың денотациялық облысы болып табылады.
Синестэмизмы
Синестэмияны қарастыра отырып тасымалдаудың рөлін атап өту қажет. Синестэмиялық тасымалдау, примарлық атауда маңызды рөл атқарумен қатар, секундарлық атауда да өте мәнді болып есептеледі. Примарлық, табиғи механизм өзінің шығу тегіне қарай конвенционалдық белгі кезеңінде «примарлық емес» конвенционалдық белгі ретінде қызмет етеді.
Тілдің дыбыс бейнелеуіш жүйесінің генетикалық аспекті мәселелерін заманауи тұрғыдан шешу нейрофизиология мәліметтерінсіз мүмкін емес. Осы үдерістердің ең маңыздыларын қарастырайық. Б. Робинсонның айтуы бойынша адамның сөйлеу әрекеті екі жүйенің жұмысына негізделеді. Бірінші жүйе лимбиялық – эволюциялық тұрғыдан біршама көне, лимбиялық құрылымдарда шоғырланған, билатеральді көрсетілген (бірақ жартышар доминанті жоқ), адамның эмоционалдыө және уәжділік іс-әрекетіне жауап береді, ақпараттандыру деңгейі төменірек. Екінші жүйе, кортикалды емес – эволюциялық тұрғыдан біршама жас, неокортекспен байланысты, латеральды, көбінде сол жақ жартышарда шоғырланады. ... Сондай-ақ сол жақ жартышар құбылыстарды логикалық тұрғыдан ұғыну арқылы, сөз арқылы ұғымдарды, нысандарды топтастыру, қорытындылау арқылы қоршаған ортамен байланыс бағытын қамтамасыз етеді. Бірінші жартышар нысандардың нақты, жеке қасиеттерін талдауын қамтамасыз етіп, күрделі сигналдарды бірден сезімдер арқылы талдап қоршаған орта құбылыстарында интуиция арқылы бағыт ұстау негіздерінде жатқан гештальтты қалыптастырады. Басқа сөзбен айтқанда, сол жақ жартышарда абстрактілі ойлау механизмдері болса, оң жақта – нақты, бейнелі ойлау механизмі орналасқан. Сол жақ жартышар құрылымымен эволюциялық тұрғыдан жастау мидың сөз арқылы сөйлеу – қызметтері мен абстрактілі ойлау қабілеті байланысты. Оң жақ жарты шардың құрылымдарымен, өз сөйлеу тіліміздің компоненттерінің интонациялық-дауыстық координациясының, сөздер дыбысын негізгі үн (негізгі үн – жануарлардың сигналдық дыбыстары компонентінің бастысы) жиілігі бойынша ажыратудың - сөйлеу тілін құру мен сөйлеу тілінің дыбыстарын талдаудың көне механизмдері байланысқан. Адам онтогенезінде эмоционалдық интонациялар сөзден бұрынырақ түсініледі; патология жағдайында, ми қызметі солғындаған кезде, сондай-ақ қалпына келу үдерісінде эмоциялық интонацияны түсіну сөзден бұрынырақ келеді де сөну үдерісі де кеш түседі. Осының барлығы оң жақ жарышарының есту және дыбыстау механизмдері, сол жақ жартышар механизмдеріне қарағанда көнерек деуге болады. Сол жақ жартышардың белсенділігінің төмендеуі, фонемалық лингвистикалық шектерді жойып, құндылықтарын теңестіру арқылы есту мен сөйлеу дыбыстарын қабылдаудың функционалдық регресіне, яғни тілге дейінгі кезеңге әкеледі. Сол себептен фонемалық шекаралардың анық болмауы – эволюциялық тұрғыдан көне, архаикалық қасиет. Соңғысы дыбыстық бейнелеуіш сөздің анық болмауы, дыбыстық бейненің диффузиялануы сияқты сипаттық белгілері де эволюциялық-көне қасиет деген тұжырым жасауға негіз болады. Бұл жерде дыбыстық бейнелеуіш лексиканың, дыбыстық бейнелеуіш жүйенің эволюциялық-көне екендігіне тағы бір дәлелге тап боламыз. Тілдің дыбыс бейнелегіш жүйесін көп планды қарастыру бұл көп қырлы бір тұтас ұстаным ұстаным болған деген қорытындыға әкеледі, және ол дыбыс бейнелеуіш ұстанымы. Біздің жалпы қорытындымыз: тілдің шығу тегі бейнелеуіш болған, тілдік белгілер филогенездің алғашқы кезеңінде табиғи тұрғыдан уәжделген (примарлы), бейнелеуіш. Тілдік белгі, жалпы тұтас тіл тәрізді примарлы уәжделген, бейнелеуіш болмыс ретінде шығып, алғашқы - «табиғи» кезеңде осы қасиет аясында дамиды. Бұл даму қалыптасып жатқан тілдік жүйе өзінің дыбысбейнелеуіштік негізгі мүмкіндіктерін аяқтағанша жалғасады. Белгінің өз қасиетінен айырылуы оның уәжділігін жоғалтуы еместігін атап өту қажет: бұл жерде жалпы уәжділік емес көбінесе примарлық қасиеттің жойылуын көреміз; примарлық уәжділік шеттетіліп оның орнына секундтық, яғни семантикалық және морфологиялық уәжділік келеді. Примарлық уәжділік өзі де құрылыстық өзгерістерге ұшырайды: Сөз мағынасы, әсіресе морфемалар примарлық уәжділікті шеттеткенмен ол өзінің орталық позициясын тұрақты ұстайды (әсіресе поэзияда). Өзінің қасиетін жою үдерісінде сөздің дыбыстық бейнелеуіш табиғаты «Жасырынуы» - дыбыс бейнелеуіш этимологияның жеткіліксіз өңделгені басты да объективті себеп болып табылады. Мағына мен дыбыс арасындағы байланыс сөзде өте епті «жасырынып» тұрғандықтан, этимолог бір тілдің микрожүйесі аясында бұл байланысты таба алмауы мүмкін. Біз «экологтандыру ұстанымы» деген терминмен атаған, жүйелілік әдіс ұстанымы бойынша әрбір берілген жүйені жалпы ортамен байланыста қарастыру қажет.
Зерттеліп жатқан жүйе негізінде конституцияланып жатқан концепт, немесе жүйеқұрушы қасиет деп дыбыс бейнелеуішті (немесе фонетикалық примарлық уәжділікті) айтамыз. Дыбыс бейнелеуіштік (фонетикалық, немесе примарлық уәжділік) дегеніміз сөз фонемасы мен атау негізіне қойылатын денотат-объектінің (уәждің) қасиеті арасындағы тұрақты, қайталағыш, маңызды да қажетті байланысты өз бойында ұстайтын сөз қасиеті. Осындай қасиетке ие сөздер Дыбыстық бейнелеуіштік жүйені құрайды. Ұсынылған дыбыстық бейнелеуіштердің анықтамасы бойынша, Дыбыстық бейнелеуіштер заңды және кездейсоқ емес құбылыс болып табылады. Денотат қасиеті бар байланыстағы ең аз фонемалар саны - біреу; ал ең көбі – сөздегі фонемалар санына тең. «Фонема- денотат қасиеті» деген байланыс Дыбыстық бейнелеуіш жүйенің лингвистикалық және экстралингвистикалық ярусындағы қасиеттік деңгейлерде жүзеге асып жатады; «фонеманың физикалық (фонемалық, акустикалық немесе / және артикуляциялық) қасиеті – денотаттың физикалық (акустикалық, оптикалық, тактильді және т.б.) қасиеті », немесе «Ф-қасиет» (фонемалық қасиет) - Д-қасиет (денотативті қасиет, немесе мотивема). Нақтырақ айтқанда сөз тұрғысынан алғанда «номинация негізіне алынған денотат қасиеті» уәжді қасиет, немесе номинация уәжі, немесе мотивема болып табылады; абстрактілі тұрғыдан қарастырғанда (объектіні идеялдандыру тұрғысынан) ол, біз «мотивотип» деп атап жүрген құбылыс болып табылады. Бұл жерде зерттеушілер әлі ашып үлгермеген уәжділік ая элементтері әсіресе, мотивотип рөлінің маңыздылығын атап өту қажет. Дыбыстық бейнелеуіш сөздердегі «дыбыс пен мағына» туралы сөз қозғау қажет екендігін де белгілі. Осы ыңғайлы да үйреншікті анықтамадан прагматикалық ой тұрғысынан бас тартпау қажет, бірақ оның жеткілікті дистинктив күшінің бар екендігін ескеру керек. «Дыбыс пен мағына арасындағы байланыс» дыбыс бейнелеуіш (примарлық уәжделген) сөзде ғана бар екендігін емес, кез келген дыбыс бейнелеуіш емес (примарлық уәжделмеген) сөзде де бар болады. Мұнда тұтас көптік құрамына кіретін екі элемент белгілі бір түрдегі байланысқа түспей қоймайтындығын алсақ та жеткілікті болады. «Дыбыс пен мағына арасындағы байланыс» деген анықтаманы қолдана отырып оның нақты еместігін атап өту қажет: Дыбыстық бейнелеуіш сөз үшін дыбыстың кең ауқымда алғандағы мағынамен (лингвистикалық яруспен) байланысы, оның уәжділікпен байланыста болғандығынан екендігін ескеру қажет. Сонымен (және бұл өте маңызды) негізгі сөз мағынасы ең басынан әдеттегі дыбыстық бейнелеуіш аясы (дыбысталу және дыбыс көзі, кинема, адам жүрісі, объекті формасы және т.б.), шектеуінен шығып кеткен, бірақ сонда да бұл сөздің дыбыстық бейнесі кездейсоқ емес номинация (ағылш. miff «жеңіл ұрыс; жанжал оты»; кинема: риза болмаушылық кинемасы – мұрын мен еріннің тыжырынуы, одан miff құрамындағы мұрын мен лобиальдылар) негізіне қойылған уәжділікпен анықталғандықтан ол дыбысбейнелеуіш болып табылады. Дыбыстық бейнелеуіш сөздегі экстралингвистикалық шарттылық көрінісі бізді дыбыстық бейнелеуіштердің номинативтік актісі тұрғысынан қарастырып жатқанымыз жалпыға белгілі фонетикалық уәжділік екендігін көреміз. Дыбыстық бейнелеуіштерде берілген жүйенің ерекше де бірегей қасиеті екенін атап өтеміз; бұл қасиет оған ғана тән және оның дистинктивті қасиеті болып табылады; осы бірегейлік оны жүйенің ДБ концептісі қылады. Сөз болып отырған жүйенің концептісі жай ғана қасиет емес, жүйе құрағыш қасиет ретінде (лингвистикалық және «табиғи» экстралингвистикалық болмыстар арасындағы) байланыс, қатынас болып табылады [68,12 ]
Тілдің алғашқы табиғи тамырына үңілсек, бұл таң қаларлық құбылыс емес.
Дыбыстық бейнелеуіш жүйе элементтерінің мәселелері өте күрделі және оны кешенді түрде шешу ұмтылыстары бүгінгі күнге дейін болған емес. Дыбыс пен мағына арасындағы байланыс қасиеттер деңгейінде анығырақ көрініс алады. Мысалы, фонологиялық жүйемен салыстырғанда, онда негізгі элемент – фонема болып табылады. (абстракцияланудың І сатысы) Дыбыстық бейнелеуіш жүйеде негізгі элемент – фонемотип (абстракцияланудың ІІ сатысы) Фонематип категориясы синхронияда ғана емес диахронияда да біршама «терең» этимологиялық анализдерде зерттеушінің, лингвистикалық ярустың ДБЖ-нің, және тұтас жүйенің негізгі құралы ретінде пайдаланылады. Мұнда Ф-қасиеттиптер рөлі де маңызды болып келеді. Экстралингвистикалық (денотативті) ярусты зерттеушінің негізгі құралы – Д-қасиеттипі немесе мотивотипі категориясы болып табылады [69,18].
Дыбыс бейнелеуіш жүйе қажетті, мәнді, қайталамалы, тұрақты, кездейсоқ емес, сөз фонемасы мен оның негізіне салынған денотат (уәжділік) номинациясы қасиетінің арасындағы байланыс фонетикалық тұрғыдан уәжделген сөздердегі тілдің архи жүйесінің сипаты болып табылады. Дыбыстық бейнелеуіш жүйе екі кіші жүйеге жіктеледі – дыбыс еліктеуіш және дыбыс белгілеуіш. Дыбыстық бейнелеуіш жүйенің басты элементі - дыбыс бейнелеуіш сөз. Соңғының анықтамасы: сөзде қажетті, мәнді, қайталамалы, тұрақты, кездейсоқ емес, сөз фонемасы мен оның негізіне салынған денотат (уәжділік) номинациясы қасиетінің арасындағы байланыс фонетикалық тұрғыдан уәжделген байланыс бар болуы қажет. Дыбыстық бейнелеуіш сөз негізінен дыбыс бейнелеуіш болғандықтан, өзінің шығу тегіне (осы уақытқа дейін лайықты бағасын алмаған) байланысты өте маңызды болып келеді. Өзінің басты элементі – сөзге байланысты - дыбыс еліктеуіш кіші жүйе бір бірімен байланысқан, фонетикалық тұрғыдан дыбыспен уәжделген сөздердің жиынтығы деп анықталған. Дыбыс белгілеуіш кіші жүйе бір бірімен байланысқан, фонетикалық тұрғыдан дыбыс еместермен уәжделген сөздердің кіші жиынтығы. Осы кіші жүйелер анықтамаларын біріктіре отырып Дыбыстық бейнелеуіш жүйенің оның басты элементі сөзге қатысты «ішкі» анықтамасын аламыз: Дыбыс бейнелеуіш жүйе бір бірімен фонетикалық тұрғыдан уәжделген сөздердің байланысқан жиынтығы болып табылады. Сөз – дыбыстық бейнелеуіш жүйенің басты, бірақ жалғыз емес элементі. Дыбыстық бейнелеуіш жүйенің маңызды ерекшеліктерінің бірі оған басқа деңгейлер элементтерінің кіруі. Олар – фонемалар, бірқатар морфемалар қатарының, микромәтіндер қасиеттері. Сондықтан дыбыстық бейнелеуіш жүйенің толық онтологиялық анықтамасы (жалпы жүйелік тарқатылған біздің анықтаманы ескеретін) келесі түрде келеді: Дыбыс бейнелеуіш жүйе (а) номинация уәжділігі мен сөз фонемасы аралығындағы фонетикалық тұрғыдан уәжделген, заңды кездейсомес байланысы бар жүйе құрағыш қасиетке ие, тіл архижүйесінің әртүрлі деңгейіндегі элементтерінің жиынтығы: Дыбыс бейнелеуіш жүйе номинация уәжділігі мен сөз фонемалары аралығындағы (а) заңды, кездейсоқ емес, фонетикалық тұрғыдан уәжделген байланысты білдіретн жүйе құрағыш қасиетке ие тілідің архи жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі элементтердің жиынтығы болып табылады, және (б) қызмет етуі, туындауы, дамуы мен түрленуіне қарай құрылымының бірлесуіне қатысты реттелген (синтагмалық, парадигмалық, иерархиялық). Фоносемантикалық заңдылықтар (фоносемантикалық универсалийлер) [69, 25].
Фонетикалық (примарлық) уәжділікті зерттеу лингвистикалық - фоносемантикалық универсалийлерді анықтап тұрақтандырады. Дыбыстық бейнелеуіш жүйе (фоносемантиканың объектісі) өзі және оның заңдылықтары универсалогия болып табылады. Фоносемантикалық универсалийлерді біз лингвистикалық универсалийлердің дербес түрі ретінде қарастырамыз. Мұнда сондай-ақ тіл білімі ғылымының дербес бөлімі ретінде фоносемантикалық типология (дыбыс бейнелеуіш жүйелер типологиясы) туралы да сөз болады. Мағыналық жағынан алдындағының фоносемантикалық типологияның баяндалуы мен құрылуы болды. Соңғысы әлем тілдеріндегі әр түрлі дыбыстық бейнелеуіш жағдайлар деңгейінің изоморфизмін анықтау мақсатында жасалды. Осы зерттеу барысында анықталған, Фоносемантиканың маңызды бірліктерінің бірі фонемотип болып табылады. Бірақ фонемотип фоносемантикалық типологияны зерттеудің басты құралы ретінде қарастырылады. Фонемотип басқа да бірқатар фоносемантикалық типологияның категориялары сияқты өзінің мәні бойынша эвристикалы болып келеді, өйткені жасырын түрде де ол белгілі зерттеу бағдарламасына ие болып тұрады. Фоносемантикалық универсалийлер мысалдарын келтірейік. Абсолютті фоносемантикалық универсалийлер. Дыбыстық бейнелеуіш сөздер жүйе құрайды; дыбыстық бейнелеуіш сөз бен денотат арасында заңдылыққа бағынатын сәйкестіктер бар; экспрессивтік сөз әрқашан дабыс бейнелеуіш болып келеді; дыбыстық бейнелеуіш сөздердің тіларалық изоморфизмі экстралингвистикалық фактор – денотат-объектіге деген дыбыс бейнелеуіш сөздердің гомоморфтілігі арқылы анықталады; окказионалдық дыбыс бейнелеуіш сөздердегі дыбыс бейнелеуіштің нақтылығы узуалдылармен салыстырғанда жоғарырақ болады; дыбыс бейнелеуіш нақтылығы денотат күрделілігімен кереғар қатыстық байланыста; фонемалар (сөз дыбыстары) мағынаға ие; фонемалар (сөз дыбыстары) мағынасы олардың фонетикалық мағынасы болып табылады; бейнелеуіштік (фонетикалық) уәжділік баяндауыштыққа қарсы қойылған; дыбыс бейнелеуіш сөз түбірінің дыбыстық құрамын көбейту оның мағынасын қарқындату құралдарының бірі болып табылады; егер мотивотип уәжділігі белгілі болса, Дыбыстық бейнелеуіш сөз құрамында кем дегенде бір фонемотип болатындығын айтуға болады; егер денотат-дыбысталуының (психо)акустикалық құрылымындағы элементтер мен берілген тілдегі дыбыс бейнелеуіш сөздердің жалпы құрылымдық ерекшеліктері белгілі болса, сол дыбыс еліктеуіш сөздің моделін айтып беруге болады; Дыбыстық бейнелеуіш сөздегі кем дегендегі бір фонемотип табиғаты денотат табиғатымен бірдей болатынын да айтуға болады; дыбыс еліктеуіш сөздердің тобы мен гипер тобының саны үнемі беске тең болады. Дыбыстық бейнелеуіш сөз фонемалары полифункционалды болып келеді; денотат құрылысының элементі дыбыстық бейнелеуіш сөзде бір әдістен артық көрініс алады. Дыбыстық бейнелеуіш жүйенің қасиеттері мен дыбыс символдық сөздер мәні жағынан – универсалийлер болып табылады. Қатыстық фоносемантикалық универсалийлер: «үлкенді» белгілеу ашық кең қарқынды дауысты болып келеді; «кішкенені» белгілеу жабық қысаң қарқынды дауысты немесе палатальді дауыссыз болып келеді; «ашық» пен «кеңнің» белгісі ашық кең қарқынды дауысты болып келеді; «жазық» белгісі ашық дауысты; «жылтыр», «тайғанақ» белгісі созылыңқы латеральді; «күрең», «мұңайлы» белгісі (үн жағынан) төмен дауысты; непейоративтілік лабиальділікпен байланысты.
Қорыта келе, дыбысқа еліктеуіш сөздер мен дыбыстық символикалық сөздердің мәтінтүзімнің фоносемантикалық бірліктері ретіндегі қызметін былайша саралап көрсетуге болады:
1 дыбысқа еліктеу сөздер және дыбыстық символикалық сөздер мәтіннің композициялық құрылымын түзуге қатысады;
2 дыбыстық символикалық сөздер мәтін семантикасына да қызмет етеді;
3 микромәтіндерді байланыстыру қызметін атқарады.
4 мәтіндік үзінділерде жұмсалған дыбыстық еліктеу сөздер мәтіндегі астарлы ойды беру үшін жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет