Жазбаша аударма:
Жазбаша аударманың негізгі құрылымы болып табылатын мәтін өткен уақытта не кейіндеу немесе таяуда жасалған.
Мәтін тиянақталған, яғни аяқталған туынды болып табылады.
Мәтінді оқып біткеннен кейін түпнұсқамен салыстырып, қайта қарап шығуға, түзетуге болады, зейінге сүйенудің де қажеті шамалы.
Мәтін тұтастылығы сөз материалынан құралады. Аудармашы қалай құралатынын көре бермейді.
Автор аудармашыдан уақыт пен кеңістік аралығында бөліне алады, бұл аудармашының мәтінге барынша нысаналы қатынас жасауына әкеп соғады.
Аударманы болжаммен жасап, қайта өңдеп, редакциялауға да болады.
Сөздіктерді, анықтамалықтарды, қажетті әдебиеттерді т.б. пайдалану мүмкіндігі шектелмейді.
Аудармашы оқырманнан қаншалықты шеттегендей, автордан да соншалықты шеттейді. Көбінесе ол қандай ортадағы оқырман екенін біле бермейді.
Ауызша аударма:
Айтылған сөздің ауызша аудармасы, қағаз бетіндегі жазбаша мәтіннің аудармасын қоспағанда, ережеге сәйкес дәл сол мезетте туындайды.
Сөздің айтылуы механикалық даму жағдайында, динамикада болады, оның жалғасуын әркез аңғарып отыру мүмкін емес.
Ауызекі сөздің бәрі аудармашы есінде әркез тұра бермейді, тек есте жақсы сақталғаны ғана жоғалып кетпейді.
Айтылғанның бәрі сөзден, ым, емеуріннен және басқа да вербальды түрдегі (сөз өнеріне емес) материалдан тұрады. Аудармашы оның туындауына куәгер бола алады.
Аудармашы тікелей шешенмен ықпалдаса әрекет жасайды, қандай да бір жағдайда әңгімеге тікелей «араласуы» тиіс, онымен үнемі коммуникативтік қатынаста болады.
Ауызша аудармашы сөз басталғаннан-ақ сәйкес (ең болмағанда соған жақын) аударма жасауы тиіс. Аудару үстінде сөздікті, анықтамалықты пайдалану мүлде мүмкін емес.
Сөйлеуші, тыңдаушы және аудармашы қандай да бір оқиғаның ортасында (мәжіліс, әңгімелесу, кездесі т.б.), қандай да бір белгілі уақытта, қандай да бір белгілі орында бірге жүреді(синхронды аударуда бетпе-бет дидарласу мүмкін емес). Мұнда үш бірлік – орын, іс-әрекет, нәтиже қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |