Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет11/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

Аударманың ситуативті – денотивті моделі. Ситуативті – денотивті модель – барлық тілдік белгілердің мазмұны қандай да бір заттар, құбылыстар мен шындық қарым – қатынастарды көрсетеді, яғни сөйлеу бөлімдерді (кескіндерді) шындықтың қандай да бір жағдайдың (ситуацияның) ақпаратын береді. Бір құбылыс әр тілде әртүрлі суреттелуі керек. Текстті қабылдау этапында (кезеңінде) аудармашы тілдік белгілердің мағынасын сараптайды. Аудармашы жағдайды түпнұсқа тілінде түсінгеннен кейін мәтінді аударма тіліне аударады. Бұл модель аударма үрдісін дұрыс суреттейді. Түпнұсқа мәтініндегі жағдайды түсініп, аудармашы аударылатын тілде тек бірғана аудару тәсілі бар екенін байқайды. «Fragile!» - Осторожно, стекло! Абайлаңыз, шыны!
Аударма теориясының терминологиялық өрістері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:
1) Көркем аударма микроөрісі төмендегідей терминдерден құралады: авторланған аударма, авторлық аударма, бейімдеу, бейімделген аударма, барабар алмастыру, барабарлық, аударма барабарлығы, барабар аударма, антонимдік аударма және т.б.;
2) Машиналық аударма микроөрісі: автоматтандырылған ақпараттық жүйе, аудармашы, АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны), кіріс сөздік, кіріс тіл, шығыс сөйлем, шығыс сөздік, шығыс тіл, іріқұрылым бірліктері, машиналық сөздік, машиналық интерпретация, машиналық құрылым және т.б.
3) Мәтін аудармасының микроөрісі: газет мәтіндерінің аудармасы, фельетонды мақалалар аудармасы, көркем аударма, техникалық әдебиет аудармасы, ғылыми әдебиет аудармасы, қоғамдық-саяси әдебиет аудармасы, патенттік рефераттар аудармасы, құжаттар аудармасы, мәтін тақырыптарының аудармасы, кино-бейне материалдар аудармасы және т.б.;
4) Аударма процесінің микроөрісі: аудармашының түпнұсқа мәтініндегі бағдарлау үрдісі, аудармашылық шешімдердің жүзеге асырылу үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру және қабылдау үрдісі, аудармашылық шешімдерді іздестіру немесе таңдау үрдісі, оңтайлы шешімді іздестіру үрдісі, бағдарлау үрдісі, коммуникация акті, екі тілді коммуникация акті, аудармалық іс-әрекет, аудармалық амалдар және т.б.;
5) Аударма әдістемесінің микроөрісі: аударма техникасы, аударма практикасы, таңбалық аударма, мазмұндық аударма, ілеспе аударма, жазба әдісі, мәтінді құрақтау әдісі, семантикалық өрісті қысқарту әдісі, статистикалық оппозициялар өрісі, транформация әдісі, бастапқы мәтінді трансформациялау әдісі, сүзгілер әдісі және т.б.
Бұл аударма теориясына қатысты терминдердің лексика-семантикалық құрылымы. Зерттеулерге сүйенсек, қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің мынадай уәжділік түрлері бар:
1) «Жалпы және жеке теориялық негіздері» уәждеуіш тобы: аударманың денотативтік теориясы, аударманың денотативтік жағы, аударманың дескриптивтік теориясы, аударманың ақпараттық теориясы, аударманың лингвистикалық теориясы, аударманың әдебиеттанымдық теориясы, аударманың жалпы теориясы, аударманың прагматикалық аспектісі, аударманың қолданбалы теориясы, аударманың жағдаяттық теориясы, аударманың арнайы теориялары, аударманың стилистикалық аспектісі, әскери аударма теориясы, заңды сәйкестіктер теориясы, машиналық аударма теориясы, аударманың қоғамдық маңызы туралы теория, аударма теориясы, ретті аударма теориясы, арнайы аударманың коммуникативтік-жұмсалымдық теориясы, аударма теориясы, баламалық деңгейлерінің теориясы, көркем аударма теориясы және т.б.;
2) «Аударма түрлері» уәждеуіш тобы: абзацты-фразалық аударма, абзацты-фразалық ретті аударма, авторланған аударма, авторлық аударма, бейімделген аударма, барабар аударма, қысқаша аударма, антонимдік аударма, бинарлық аударма, сөзбе-сөз аударма, ауызекі аударма, әскери аударма, вокалды аударма, газеттік-ақпараттық аударма, екі жақты аударма, диахрониялық интралингвальды аударма, диахрониялық аударма, құжаттық аударма, доминантты аударма, дәлме-дәл аударма, расталған аударма, көзшолу-жазбаша аударма, көзшолу-ауызша аударма, интервербалды аударма, интерлингвалды аударма, интерлингвистикалық аударма, интерлинеалды аударма, интерсемиотикалық аударма, интервербалды аударма, интралингвистикалық аударма, ақпаратты-коммуникативтік аударма, ақпараттық аударма және т.б.;
3) «Амал, тәсіл, әдіс және үлгі» уәждеуіш тобы: талдау, қабылдау, аударманың герменевтикалық үлгісі, аударманың гипонимиялық тәсілі, грамматикалық трансформация, аударманың динамикалық үлгісі, алмастыру, аударманы таңбалық тәсілмен беру, сәйкестендіру, интерпретация, калькалау, жинақталу, нақтылау, ұғымдардың нақтылануы, контекстуалды алмастыру, лексикалық алмастырулар, лексикалық жайылма, лексикалық ықшамдау, жазба әдісі, мәтінді құрақтау әдісі, семантикалық өрісті қысқарту әдісі, аударманың трансформациялық үлгісі, аударманың жұмсалымдық-прагматикалық үлгісі, тұтастай қорыту, тұтастай өзгерту, баламалы алмастырулар, сөйлем деңгейіндегі аударма, сөздер деңгейіндегі аударма, сөз тіркестері деңгейіндегі аударма, мәтін деңгейіндегі аударма және т.б.;
4) «Аударма бірліктері» уәждеуіш тобы: штамптар, клише, жағдаяттық клише, терминдер, мақал-мәтелдер, бейнелі құрылымдар, сөз, сөз тіркесі, синтагма, сөйлем, абзац, мәтін, шығыс сөйлем, ірі құрылым бірліктері (машиналық аудармада), инвариантты бірлік, бастапқы мәтіннің интонациясы – мағыналық бірліктері, мәнмәтін, бастапқы бірлік, бастапқы мәтін, лексикалық калька, семантикалық калька, синтаксистік калька, фразеологиялық калька, ұлттық реалийлер, прецизионалды сөздер, реалий сөздер, транслитерленген сөз және т.б.
Сонымен, әрбір термин атауының астарында ұғым тұрады, ал ұғым зат немесе құбылыстар жөнінде пайымдаудың жиынтығынан қалыптасатынын байқадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет