Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Лингвистикалық аударма теориясы



бет10/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

1.2 Лингвистикалық аударма теориясы
Қазіргі кезде лингвистикалық аударма теориясы өз алдына жеке ғылыми пән ретінде анықталған. Бірақ аударма теориясы мен объектісі туралы бірнеше қарама–қарсы көзқарастар әдебиеттерде кездеседі. Лингвистикалық аударма теориясы аударманы кең тіл аралық көлемде қарастырады және оның барлық аспектілерін зерттейді. Лингвистикалық аударма теориясының міндеттері мынадай:
- аударманың жалпы лингвистикалық негізін ашып, бейнелеу, яғни аудару үрдісінің негізінде тілдің функцияларының заңдылығын, тіл жүйесінің ерекшеліктері;
- аударуды лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау;
- аударма ісің классификациялау негізін талдау;
- аударманың мағынасын ашу;
- әр түрлі тілдердің аударма теориясының жалпы мәселесі мен ерекшеліктерін талдау;
- ғылыми суреттеудің жалпы принциптерін талдау;
- әлеуметтік лингвистикалық және пргматикалық факторлардың аударма үрдісіне әсер етуін талдау;
- аударма нормасы түсінігін анықтау.
Лингвистикалық аударма теориясы жалпы аударма теориясы, арнайы аударма теориясы, жеке аударма теориясы деген бөлімдерден тұрады.
1) Жалпы аударма теориясы. Лингвистикалық бөлімнің аударма теориясының жалпы лингвистикалық аударма заңдылықтарын оның тілдердей дәл сәйкестігі аударма кезіндегі қатысты жалпы аударма актының ерекшеліктерін қарастырады.
2) Арнайы аударма теориясы. Лингвстикалық бөлімі, сөйлемдерді әр түрлі типтердің аударым үрдісінің ерекшеліктерін қарастырады. Бірнеше жеке аударымдарды бөліп шығарайық: ғылыми – техникалық аударма, ауызша теория аудармасы, машиналық теория аудармасы.
3) Жеке аударма теориясы. Лингвистикалық бөлімінің бір тілінен 2-ші тілге аударылған аспектілерді зерттейді.
Аударма іс - әрекет ретінде, мәтіннің түрленуі арқылы бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Негізгілері ауызша және жазбаша аударма.
Ауызша аударма – бұл аударманың бір түрі. Әдетте аудармашы сөйлеушінің қасында болады. Сондықтан сөйлеушінің жесттерін көруі мүмкін. Бұндай жағдай сөйлеушіні дұрыс түсінуге көмектеседі. Бірақ кейде аудармашы аудиторияны көрмеуі де мүмкін, бұл арнайы кабинада отырған кезде болады. Аудармашы тек наушник арқылы сөйлеушінің айтқан сөзін естіп отырады. Ауызша аударған аудармашының мақсаты тексттің фрагментінің мағынасын есінде сақтауы тиіс. Ал кейін фрагментті басқа тілге аудару және сөйлеушінің сөйлеу стилін, эмоцияларын жеткізу. Ауызша аударатын аудармашының есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек. Міндетті талабы – тез аудару. Синхронды аударма. Синхронды аударма кезінде мәтін айтылған кезде аударылады. Аударманың бұл түрі күрделі болып табылады, өйткені аударушыда тыңдау, түсіну, аудару, айту қабілеттеріне ие болуы керек. Синхронды аударма кезінде аударушы жеке кабинада болады және сөйлеушіні арнайы монитор арқылы көруі мүмкін немесе сөзін наушник арқылы естиді. Синхронды аударшылар кезектесіп аударады және 10 – 20 минут сайын демалады. Видеомәтінді синхронды аудару. Видеомәтінді синхронды аудару, яғни микрофон арқылы кинодағы әртістердің сөйлеген сөздерін, айтқан сөздерін немесе диктордың сөздерін аудару. Қазіргі кезде аударманың бұл түрі қолданылмайды.
Қағазға қарап аудару. Аударманың бұл түрі оңай болып көрінеді. Бірақ бұл тек қана сыртқы көрініс. Аударманың бұл түріне барлық оқу орындарында оқытады. Аудармашының мақсаты – еш дайындықсыз жазылған мәтінді қарап шығып, мәтіннің стилін, мазмұнын түсініп аударады.
Коммуналды аударма. Коммуналды аударманың мақсаты шетелден келген адамға мемлекет басшыларын түсінуге көмектесу. Ол үшін мәдениет туралы терең білім болуы керек, сонымен қатар елдер мен ұлттардың әлеуметтік жағдайын білу керек. Сонымен бірге аудармашы сот, медицина және ресми мекемелердің тілін (терминологиясын білу керек).
Жазбаша аударма. Жазбаша аударма, бұл жазбаша мәтінді жазбаша басқа тілге аудару. Алдымен аудармашы мәтінмен танысады, кейін аударма анализін жасайды, яғни мәтіннің жанрын, стилін, тақырыбын айқындайды. Осыдан кейін аударма мәтінін жасауға кіріседі.
Аударма үрдісі. Аударма үрдісінде тілдің табиғи заңдылықтарын ерекше сақтау қажет. Аударма үрдісі қаншалықты күрделі де қиын екенін тек қана осы іспен айналысқан адамдар ғана біледі. Аудармашы жан – жақты білімділік мен біліктілік жетілдіре отырып, аударма реквезитін меңгеру қажет. Аудармадағы тілдік қолданыс кеңістігі еркін немесе нәзиралық аударма, дәлме – дәл және жолма – жол аударма, теңдес, толық сәйкес келетін аудармалар үрдісі арқылы жетіліп отырады. Түрлі анықтамалар мен сөздіктерді құрастырып, аудармаларды бағалау және реакциялау әдістемесіне, сол сияқты шешімі аудармашының өз функциясын табысты орындауына әсер ететін түрлі практикалық мәселелерге байланысты бірқатар қолданбалы аспектілер жасау енеді. Аудармашының функцияларын ішінара немесе тұтастай автоматты қондырғыға беру, яғни машиналық аудармашы жүзеге асыру мақсатында аудармашылық үрдісті қалыптастыру әдістерін жасау лингвистикалық аударма танудың қолданбалы міндіттерінің арасында ерекше орын алады. Басқаша, айтқанда, аударма теориясы ненің болу керек екенін емес, ненің бар екенін, зерделенуші құбылыстың табиғатын ненің құрайтынын сипаттайды.
Аударма үрдісінің кезеңдері:
1. Мәтінмен танысу
2. Анализ
3. Мәтінді аудару
Аударма аспектісі. Шетел тілінен мәтінді ана тіліне дәлме дәл аудару және ана тілінен шетел тіліне аудару дегеніміз, ең алдымен, тілдің шығуы негізінің және түпнұсқа аудармасының лексикалық мазмұн аударма тілдегі лексикалық мазмұнымен әртүрлі арақатынаста болады. Осыған орай 3 негізгі жағдайларды бөліп айтуымыз керек:
1) лексикалық бірліктегі семантикалық мазмұн тілдің негізінде және аударма тілінде сәйкес келе береді. Бұл сирек болатын жайт және ол жұптанған сөздерді жатқызамыз. Ағылшынша Radiation, қазақша Радияция, сәулелену.
2) Тіл негізіндегі лексикалық бірліктің семантикалық мазмұны салыстырмалы түрде аударма тілдегі лексикалық мазмұнынан кеңірек болып келеді. Мысалы; ағылшынша - Departament; қазақша – кафедра, бөлімше, мекеме, әкімшілік, облыс. Келтірілген қазақ тіліндегі ұқсастықтар жеке ұғымдар емес, сөздің семантикалық мазмұнының дамуынан шығатын мағыналы сөздердің жиынтығы.
3) тілдің негізіндегі лексикалық бірлігі семантикалық мазмұны болып табылады. Мысалы; қазақша – студенттерді оқыту; ағылшынша – learn, teach, study. Тілдің негіз бен аударма тіліндегі сөдердің семантикалық арақатынасының ерекшеліктерін білмеу ағылшын тілін тасымалдаушының көзқарас тұрғысынан алғанда тілдік баламалардағы сәйкессіздікке ұрындырды.
Аударма моделі. Қазіргі лингвистикалық аударма теориясының өзекті мәселелерінің бірі аударма үрдісін суреттеуб яғни түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінін жасау кезіндегі әрекеттерді орындау. Осындай зерттеулердің нәтижесі аударма моделі болып табылады. Аударма моделін былай анықтауға болады: « аударма үрдісін іске асыру әрекетінің шартты белгіленуі» Қазіргі кезде аударма теориясында кеңінен орын алған келесі модельдер: ситуативті – денотивті, трансформационды, семантикалық.
Аударманың прагматикалық аспектісі. «Прагматика» термині ХХ ғ. 30-шы жылдары Ч. Морриспен ұсынылған. Бұл термин семантика бөлімін қарастырады және білдіреді. Бұл термин белгілер арасындағы және осы белгілерді қолданушы арасындағы қатынасты зерттейді. Белгіні жіберуші – белгі,белгі – белгіні қабылдаушы. Бұл схема тіларалық коммуникацияны көрсетеді. Белгі дегеніміз – бұл текст(мәтін) (түрнұсқа мәтіні, аударма мәтіні). Схемадағы бағыттар қажетті іс - әрекеті прагматикалық көзқарастан көосетеді. Белгіні жіберуші – текст авторы; Белгі – текст(түпнұсқа) Белгі – текст(аударма) Белгіні қабылдаушы – аударманы оқитын адам. Аударма прагматикалық – лингвистикалық аударма ториясының негізгі түсінігі болып табылады. Аударма үрдісінің нәтижесіне әсер ету үшін түпнұсқаның прагматикалық потенциалын іске асыру қажет және қабылдаушыға қажетті әсерді көрсету прагматикалық аспект болып табылады. Тексттің қабылдаушыға ететін әсері – прагматикалық потенциал болып табылады. Аударма үрдісінің ортаңғы фигурасы – аудармашы болып табылады, ол түпнұсқа мәтінінің прагматикалық потенциалын іске асыру үшін, аудармашы аударма үрдісіне әсер ететін факторларды есте сақтауы керек. Аудармашы коммуникациясының үрдісі түпнұсқа текстін анализдеуден басталады. Прагматикалық аспектіні зерттеу кезінде түрнұсқа текстінің спецификасын анықтау қажетті. Неміс ғалымы Альберт Нойберг түпнұсқа мәтіндерінің 4 түрін ұсынады.
І. Түпнұсқа мәтіні түпнұсқа тілінің аудиториясына сәйкес келуі тиісті емес.
ІІ. Түпнұсқа мәтіні белгілі бір ақпаратты әкеледі. Мысалы; саяси, мәдени, географиялық, экономикалық және тарихи жағдайлар.
ІІІ. Көркем мәдениет
ІV. Мәтін түпнұсқа тілінде дайындалған және аударма тіліне аударуға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет