Шыны ыдыстарды залалсыздандыру. Банкаларды тазалап туып, ыстық суға қайнатады да суын құрғатады. Консервілеуге дайындалған жеміс-жидектерді немесе көкөністерді ернеуіне 1,5–2 ст, жеткізбей банкаларға салып, тұздіқ немесе сироп (жеміс шырын) құяды. Қақпақсыз немесе қаңылтыр қақпақпен жабылған банкаларды қайнаған су толтырылған (50–60 ) кастрюльге салады. Кастрюльдегі су деңгейі банкалар консервілеуге салынған жемістердің деңгейімен бірдей болуы қажет. Банкалар сынбас үшін кастрюльдің түбіне тұғырық қойылады. Кастрюльдегі суды банкалармен қоса қайнатады. Су қатты қайнаған кезден юастап, стерильдеу уақыты әртүрлі болады. Стерильдеу кезінде консервілерге (шыныларға) су шашырамауы үшін суды баяу қайнатады. Стерильденіп болғаннан кейін банкаларды қысқышпен алып, оларды дереу арнайы бұрандалы қол машинасмен қақпағын бұрап жабады. Қақпағы жабылған юанкаларды салқындату үшін төңкеріп столға қояды.
5.2 Көкөністерді тұздау тәсілдері
Қиярды тұздау. Соғылып, бүлінбеген біркелкі жас көк қиярларды іріктеп алады. Егерде қияр біраз семіңкіреп қалса, тұздамас бұрын 4–5 сағат бойы суық суға салып қойған тиімді. Қиярды, дәмдеуіш заттарды және ыдыстарды (банка, бөшкені) дұрыстап ұқыпты жуу қажет.
Тұзды су дайындау үшін 500 г тұзды 10 л суға ірітеді. Әр 10 литр тұзды суға юелгілі мөлшерде сірке суын қосса (жүзім немесе жеміс суы болса тіпті жақсы) қияр өте дәмді болып, жақсы сақталады. Ыдыстың түбіне қажетті барлық дәмдеуіш заттың ½ бөлігін және қиярдың екінші жартысын, оның үстіне қалған дәмдеуіш заттарды қрсады. Қияр нығыздалып салынбаса тұзы ащы болады. Мұнан кейін тұздалған қиярды суық жерге қояды. Қияр салнған құтылардың бетін нығыздап жауып, 0 С және 3 С температурада сақтайды.Оны сақтау кезінде тұзды судың бетінде өңез пайда болмауын мұқият қадағалап отыру қажет. Өңез пайда болмас үшін тұзды судың бетіне қышаның құрғақ ұнтағынсебеді. Тұздалған қиярды жабық ыдыста (бөшкеде) ұзақ мерзімге сақтау үшін тұзды суға жүзімнің сірке суын қосу керек. 10 литр суға 500 г тұз, 1 стақан жүзім сірке суы қосылады. 50 келі қиярға 2,5–3 келі татымды заттар; 1,5 келі піскен аскөк, 150 г сарымсақ, 300 г ақжелкен (жапырағы мен тамыры), 300 г емен жапырағы, 300 г қарақат жапырағы, 200–300 г петрушка, селдерей қосады. Тұздалған қиярды екі аптаға дейін сақтауға болады. Ол үшін қиярды кастрюльге салып, тұзды суды (1 келі қиярға 1,5 литр су, 1 шай қасық құмшекер, 4–5 қара бұрыш бұршағы, 4,5 қалампыр, 2 шай қасық тұз) қайнағанша қыздырып, қиярдың үстіне құяды, сосын суытады. Қиярды шыны құтыға салып, үстіне тұзды су құйып, 2–3 тіс сарымсақ, бір шөкім құрғақ аскөк қосады. Өңез пайда болса, тұзды суды құйып алып, қайнатып, салқындатып қиярға қайта құю керек. Тұздық суы мөлдір болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |