«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар


«Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек»



бет5/8
Дата24.09.2024
өлшемі39.47 Kb.
#503922
1   2   3   4   5   6   7   8
Адал еңбек

«Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек» жәнеде «Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі», –деген Мемлекет басшысының осы айтқандары әркімге ой салады. «Үлкендер» кей жағдайда үлкендік жасап отыр ма осы күні?!Бұл бөлек әңгіме…
Осы құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды алаңдатып отырған кей келеңсіздіктерді тек Мемлекет басшысы ретінде ғана емес, қазақтың бір азаматы ретінде жасырмай айтқанын ұлттың болашағына деген алаңдаушылығы мен халқына деген жанашырлығы деп айтар едік.
«Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр», –дей келіп Мемлекет басшысы «соңғы кезде оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиі болып кетті. Оны, тіпті, бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды. Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді», – дегені әрқайсымыздың көкейімізде жатқан сөз еді, тіпті алаңдатып отырған жай еді.
Тіпті батыра айтсақ, әрбірден соң кей жағдайда Құдайға да, Құранға да, Қарттарына да қарсы шығып жатқан бүгінгі алауыз қоғамның балалары мен жастары бұған кінәлі де емес шығар?
«Бала тәрбиесі – ең алдымен, ата-ананың міндеті. Алайда кейде ата-аналар дұрыс тәрбие берудің орнына өздері жағымсыз үлгі көрсетеді», – деген және де «Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс», –деген Президентіміздің осы айтқанын біз де өз ойымызға арқау етіп отырмыз. Ендігі арада әр ата-ана және бала бақшалар және мектептер балаға дұрыс тәрбие беруді Мемлекет алдындағы міндет деп қарағандары да абзал.
***
Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту.Бұл – бесінші міндет!Әлемдік дамудың қазіргі үрдісі ақпарттық бәсекелестік пен тіпті тай-таласты күшейте түскені бар. Ақпараттық майдан жүріп жатыр деуге де болады. Мұның бір ерекшелігі әрі қаупі сол, ақпараттық майдан арқылы адамның санасын улау, ұлттық болмысты әлсірету және де жас ұрпақтың бейәдеби мінезі мен қылықтарын қалыптастыру қатар жүріп жатыр.
«Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет», – деген Мемлекет басшысының бұл айтқаны креативті индустрияны жаңа деңгейге көтерудің басты тетігі болар еді.
Өйткені, Президент айтып отырғанындай,«Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды».Ал енді осы біртұтас жүйе арқылы озық құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастырудың кезі келіп жетті деуге болады.
Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісін Президент алғы маңызды міндеттердің бірі ретінде атады.«Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді»,– дей келіп, Мемлекет басшысы бұл үрдістің салдары жақсылыққа апармайтындығын, сол үшін «Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару» өте маңызды екендігін орынды айтып отыр.
Қазір кітап жазғыш, мемуар шығарғыштар тым көбейіп кеткен жағдайда Мемлекеттің кітап өнімдерін шығару ісіне бақылау мен қатаң тәртіп орнықтырғаны да жөн. Жалдамалы жазғыштарды жалдап кітап жазып, оны «ақшалылардың» баспадан шығаруы етек алып барады. Және де соларды жергілікті кітапханаларда насихаттау қатар жүреді. Бұл жастардың кітапқа деген ынтасын жойып, әдеби көркем шығарманың бәсін төмендетіп жіберді. Егер де біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятамыз десек әуелі осы мәселе есте болуы керек.
Президетіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мартин Лютер Кинг сияқты менің де көкейімде жүрген бір арман бар, бұл – тәулік бойы жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу.Мен мұндай кітапхананы Анкарада көрдім. Оның оқырмандары әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармаларды, арнаулы әдебиетті оқи алады. Мұндай кітапхананы елімізде де салуға болады деп ойлаймын» деген сөзі қызықтыра түскені бар.
Егер де тәулік бойы жұмыс істейтін Президент кітапханасы ашылса, сөз жоқ, жастарымыз «түнгі клубтарды» қоя тұрып, осы кітапханаға баратындарына да шек келтірмес едік. Және де балаларымыз бен жастарымыздың бойындағы кітап оқу «культін» қалыптастыру үшін әр облыс орталықтарында ең әуелі осы заманғы талап-талғаммен бір-бір кітап дүкендерін жаңадан салып шығудан да тартынбай, бұдан күшті де, қаражатты да аямаған абзал. Мұндай кітап дүкендері тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана орнына да жарап жатса, ол да құба-құп!
Жазушылар одағының төрағасы, көрнекті қаламгер «МерекеҚұлкеновтің «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын қайтару туралы ұсынысын қолдаймын. Бұл атақ атына – заты сай, лайықты туындылары арқылы халық сүйген жазушыларға ғана берілуі керек деп санаймын», –деген Мемлекет басшысының пікірін қаламгер ретінде қуана құптаймын.
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет