«Бізбабалараманатынаәрдайымадалболамыз. Шетелдіктергеқазақтыңбірқарысжерін де, біруыстопырағын да бермейміз. Оны көздіңқарашығындайсақтаймыз», – дегені бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал сөзі!
Ауылдың және мемлекеттің тіл мәселесі қазақ қоғамында жиі айтылып жүр. Осы екі мәселе бойынша да Мемлекет басшысының тарапынан нақтылы шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылып жатқаны да анық.
Ең бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасы күні Президент болып сайланып, 26 қарашада болып өткен Ұлықтау рәсімі өтісімен-ақ ауылдық елді мекендерді өркендетіп, дамыту туралы алғашқы Жарлыққа бірден қол қойғанын ескерсек,қазір «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында кешенді түрде мектеп салу, күрделі жөндеу жүргізу және оны жабдықтау, жолдарды жөндеп, салу жұмыстары тыңғылықты түрде қолға алынып жатыр.
Өз басым Президентіміздің «Қазір тіліміз дамымай жатыр деп алаңдауға ешбір негіз жоқ» дегеніне толық қосыламын. Тіл саясатында ішкі тұрақтылықты сақтау факторының аса маңызды екендігін ескермеске болмайды.
Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік тілдің жағдайын айтып, шу көтеретін кейбір адамдар бұл мәселені саяси құрал ретінде пайдаланады. Халық арасында дау шығарғысы келеді. Ақырында, осындай келеңсіз, ойсыз әрекеттер мемлекетіміздің қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Мұны ашық айту керек. Себебі тіл – біздің геосаяси кеңістікте «саяси себеп, саяси сылтауға» айналуда», –деген пікірінің жаны бар.
Кейде бір тілге жаны ашығыштардың «қазақ тілінің» мұңын мұңдап, жоғын жоқтағансып қоғамда белсенді болып, арзан бедел мен арзан абыройға ие болғысы келетін пиғылдарын да көріп жүрміз.
«Болашақта мемлекеттік тілдің тұғырын нығайта түсу үшін басқа да маңызды шаралар қабылдаймыз!» Мемлекет басшысы халқының алдында осыны айтты. Ал әзірге, «дау-дамай, даңғаза жасамай, тілімізді дамыта түсу үшін нақты іс-әрекетке көшуіміз керек. Сонда ғана біз табысқа жетеміз» және де «Қазақ тілі барша Қазақстан халқын ұйыстыратын басты құндылықтың бірі ретінде дами береді. Бұған ешқандай күмән болмауға тиіс. Ең бастысы, тіл саласындағы біздің бағдарымыз – айқын, баршаға түсінікті, – деген Президентіміздің сөзіне тоқтай білгеніміз де абзал.
***
Достарыңызбен бөлісу: |