«Мен қоғамда мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты біраз сын-пікірлер бар екенін білемін» деп басталатын Президенттің алға тартып отырған сегізінші міндетінің де мәні мен маңызы аса өміршең екендігін ұғындық.
Қазіргі уақытта елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей пәрменімен батыл жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың басты мақсаты да мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту арқылы, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтіп, мемлекеттік қызметшілерге көбірек дербестік беру болса, бұл орайда алғашқы қадамдар жасалып та жатыр.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсатын Президентіміз өзі сипаттап айтып берді. «Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы!», –дейді Мемлекет басшысы.
Ендігі арада Әділ Қазақстанның мемлекттік қызметкері қандай болуы керек деген ой туары анық. Сол ойымызға орай Қасым-Жомарт Тоқаев «мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни, нағыз маман болу және отаншылдық. Ал олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес», – дегенін әр деңгейдегі ірілі-ұсақты басшылар да, мемлекеттік қызметшілер де ескеруі керек. Осы арқылы біз Қазақстанның жаңа тұрпаттағы мемлекеттік қызметшісін қалыптастыра аламыз. Халықтың алдында абыройлы болудан асқан міндет те, парыз да болмауы керек.
Президент – әулиеемес, халықтанбиіктұлғаемес!» Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір ауыз сөзін төрелететін болсақ, ол баяғы Сырым Датұлының «Азамат жетім болмайды – халықтан болса панасы, халық жетім болмайды – басшы болса данасы» деген ұлағатты сөзін ойға оралтты.
Және де Президент қандай болуы керек және ол кім, басшы қандай болуы керек, оның міндеті не деген сауалдарға Қасым-Жомарт Тоқаев «президент халықтың жалдамалы менеджері», ал, мемлекеттік қызметкерлер тек халық қызметшісі деген тұжырым жасай отырып, осы категориялардың бәрін де қоғамның «Адал азамат болу» атты ең басты адами парызбен ұштастыру арқылы Адалдық пен Әділдікті ту етіп көтереді.
* * *
Сөз соңын және 2023 жылдың 17 маусымында Түркістан қаласында болып өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінен туындаған ой-пікірімді Мемлекет басшысының «Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы міндет. Біз отаншылдығымызды және елге жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуіміз керек. Адал азамат болуға ұмтылуымыз қажет. Сонда әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге үлес қосамыз», – деген ойымен аяқтағанды жөн санадым.
Бәрінен де Адал азамат болғанға не жетсін?!
Біз “бірлігіміз – әралуандықта” деген қағиданы берік ұстанып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтайтын боламыз. Түрлі діндер мен конфессияларды жақындастыруды және қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты диалог орнатуды көздейтін мәртебелі миссиямызды атқара береміз. Біз азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын, барша әлемнің кәсіпкерлері, инвесторлары мен талантты адамдары қызығатын ашық әрі дамыған экономика құрамыз. Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді.
Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |