Біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет.Үшінші міндет осы, міне! Біз халқымыздың аса құнды тарихи жәдігерлерінің көбін жоғалтып алған халықпыз. Соларды жинақтау, әлемнің түрлі мемлекеттерінің музейлерінде тұрған ұлттық бағалы жәдігерлерімізді қайтарып алу жұмыстарымен бірге, қолдағы барын дәріптеу, жер-жаһанға таныта білудің кезі келіп жетті енді!
«Елімізді жаңғырту үшін «жұмсақ күштің» мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн. Сыртқы істер министрлігі жанындағы «КazAID» халықаралық даму агенттігі осы жұмысқа ұйытқы болуға тиіс. Көптеген мемлекетте мұндай ұйымдар ұлттық брендті, тарихты және мәдениетті насихаттайды. Сол арқылы мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Кәсіпкерлердің әлемдегі беделін арттыруға көмектеседі, – дей келіп, Президентіміз біз ендігі арада тарихи Ұлттық құндылықтарымызды елімізді танытумен бірге, еліміздің кәсіпкерлігін дамытудың төте бір жолы деп қарастырғанымыз абзал.
Мысалы «Эйфель» мұнарасы арқылы жұрт Парижге баруға құмартады. Сол елді тани түседі. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арқылы, басқа датарихи және мәдени құндылықтарымыз арқылы біз әлемге Қазақстанды кеңінен таныта түсетіндей ұлттық брендтерді қалыптастыра білсек етті. Мысалы, «Алтын адам» Қазақстанның бренді емес пе?!
Мемлекет басшысының «Елімізде рухани құндылығы жоғары өзге де дүниелеріміз жеткілікті. Оның ішінде. Қазір бірнеше нысанды трансұлттық аталымдар бойынша ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін өтініш берілді. Бұл шаруа көрші елдермен бірлесіп атқарылып жатыр», – дегенін назарға ала отырып, ендігі арада «адамзаттың асыл қазынасы атануға әбден лайық мұраларымызды» өз елімізде де, өзге әлем елдеріне таныту ісіне барынша жауапты болып, әрқайсымыз соған ынталы болуға тиістіміз.
***
Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Расында осы төртінші міндет аса маңызды міндет!
Ұрпақ тәрбиесін Президентіміз айтып отырған «Қайтсек табысты елге айналамыз?», –деген мақсатпен ұштастыра жүргізілуге тиісті ғой деп ойлаймыз.
«Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқандарының үштағанын – білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға қазір үлкен көңіл бөлініп отырғаны да тегін емес. Ұрпағымыздың болашағы мен ұлтымыздың жаңа болмысы осы үштағанның бірегейлігі арқылы анықталары да анық.
Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мәселесін Қасым-Жомарт Тоқаев бір бүгін ғана айтып отырған жоқ. «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады», – дегенді Президентіміз 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтқан да болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |