«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет45/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3.7. Қан жҮйеcі
8-дәріс жоспары


7.1. Қан жүйесінің қызметі
7.2. Қанның құрамы және қасиеті
7.3. Қанның буферлік жүйелері
7.4. Гемоглабин
7.5. Гемолиз
7.6. Лейкоциттер
7.7. Қанның түзілуі және қанның реттеу механизмі
7.8. Қанның тобы
7.9. Резус фактор
7.10. Қанның ұюы


7.1. Қан жүйесінің қызметі

Қан, лимфа және ткань сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Организмдегі клетканың қалыпты жағдайда тіршілік етуіне ішкі орта құрамының және физика-химиялық қасиетінің салыстырмалы жағдайда тұрақты болуына біркелкі жағдай жасайды. Бұл үдеріс көптеген мүшелердің қызметі арқылы іске асырылады. Организм қоректі заттарды тасымалдап, таратып зат алмасу кезінде пайда болған зиянды өнімдерді сыртқа шығарып отырады. Қанды жеке бір жүйе есебінде қарастырып, ең алғаш мәлімет берген орыстың ғалымы Г.Ф.Ланг (1939 ж.). Осы жүйе:



  1. Шеткі қан немесе қан тамырлары арқылы ағатын қан;

  2. Қан өндіруші, жасаушы (сүйектің қызыл кемігі, лимфа түйіндері және көкбауыр);

  3. Қанды таратушы мүшелер;

  4. Нейрогуморалды реттеуші аппараттар сияқты төрт бөліктен тұрады.

Қан жүйесі мынадай қызметтер:
тасымалдау қызметін;
– тыныс алу қызметін;
– қоректік трофиканы;
– ыдырау өнімдерін шығаруды (экскреторлы);
жылу реттеуді;
– қан арқылы тұрақтылықты (гомеостаз, рН, осмостық қысым, жы-луды жоғарылататын денелер);
– су және минералды заттардың алмасуын қамтамасыз етуді (қан мен тканьдер арасында);
– қорғағыштық қызметті;
гуморалды реттеуді;
– креаторлық байланыстарды қамтамасыз етуді – (плазма және қан клеткалары арқылы макромолекулалар клеткааралық ақпараттарды беріп, клетка ішіндегі белок синтезін реттелуін қамтамасыз етеді, тканьдердің құрылысының қалпына келуін реттейді) атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет