7.2. Қанның құрамы және қасиеті
Плазма – 55–60, 6–8 жалпы массасы.
Клетка – 45–40, 4,5–6 литр.
Қанның көлемдік арақатынасын гемотокрит деген арнаулы шыны капилляр арқылы (100 тең-теңге бөлінген) центрифуга салып айналдыру арқылы анықтайды.
Плазманың құрамы. Су 90–92%, 8–10% құрғақ заттар, белоктар: альбумин – 4,5%, глобулин – 2-3%, фибриноген – 02–04%, барлық белок – 7-8%, глюкоза – 4,4–6,7 ммоль/л (80–120%), 0,9 минералды заттар.
Қанның тығыздығы мен тұтқырлығы. Егер судың тұтқырлығын 1-ге тең деп есептесек, онда қан плазмасының тұтқырлығы 1,7–2,2 тең. Ал қанның бұзылмаған тұтқырлығы 5 шамасында. Қанның тұтқырлығының басты қасиеті ондағы белоктар мен эритроциттерінің ерекшеліктеріне байланысты. Сыртқы және ішкі үйкелістерді жеңу арқылы қан қозғалыста болады. Қанның тұтқырлығы қан қозғалғанда, былайша айтқанда, су азайғанда, іш кепкенде немесе қатты терлегенде, сонымен қатар қандағы эритроциттердің санының көбеюінен болады. Таза қанның салыстырмалы тығыздығы немесе жеке салмағы – 1,050 – 1,060-қа тең. Эритроцит – 1,090. Плазма – 1,025–1,034.
Қанның осмостық қысымы. Егер әртүрлі концентрациялы екі ерітіндіні жартылай өткізгіш жарғақша арқылы бөлсек (ол тек еріткішті ғана өткізеді, мысалы, суды), онда су концентрациясы жоғары ерітіндіге қарай өтеді. Осы жерде ерітіндіні жоғары өткізгіш жарғақ арқылы тартып, өткізуші күш осмостық қысым деп аталады.
Қанның, лимфаның және ткань сұйықтығының осмостық қысымы арқылы қан мен тканьдер арасындағы судың алмасуын анықтауға болады. Клетканы қоршап жатқан сұйықтықтың осмостық қысымының өзгеруі судың алмасуын бұзады. Оны эритроциттерге тәжірибе жасап байқауға болады. NaCl гипетониялы ерітіндісінде су азайып, клетка жиырылып кетеді. NaCl гипертониялық ерітіндісінде су ішке кіріп, клетка ісініп, жарылып кетуі мүмкін.
Қанның осмостық қысымын криоскопиялық әдіспен, былайша айтқанда, қату температурасын өлшеп білу арқылы анықтауға болады. Ерітіндіде майда молекулалар мен иондардың жалпы концентрациялары жоғары болған сайын қысымы төмен келеді. Мысалы, адамда қанның қату температурасы 0оС-тан 0,56–0,58оС-қа дейін төмен болады. Температураның осындай төмендеуінде ерітіндінің қатуы оның осмостық қысымы 7,6 атм. тең.
Достарыңызбен бөлісу: |