8.2. Жүректің қанды ағызуы және таратуы
Жалпы қан көлемінің 80-85% үлкен қан айналу шеңберінде болатын болса, қалған бөлігі кіші (өкпе) бөлігінде болады.
Жүрек – 9%, үлкен вена – 34%, өкпе тамыры – 12%, үлкен артерия – 8%, майда артерия – 5%, артериолдарда – 2%, капиллярларда – 5%, майда веналармен венозды син – 25%
(12-сурет).
Жүрек қарыншаларының жиырылғандағы қанның минуттық көлемі деп бір минут жиырғандағы шығатын қанды айтады немесе оны минуттық көлемі дейді. Ересек адамда жүректен минутына 5 литр қан ағып өтеді. Оны мына кестеден байқауға болады.
Жүректің күйі
|
Жүректің жиырылуы
1 минут
|
Жүректің қанды ағызу жылдамдығы (л/мин.)
|
Тыныштық күйде
|
60
|
5,5
|
Бірқалыпты жүктеме
|
100
|
10,9
|
Қарқынды жүктеме
|
138
|
15,0
|
Әрбір қарынша жиырылған кезде орташа 70-80 мл қанды лақтырып отырады. Сондықтан да оны систолдық қан көлемі деп атайды. Қанның көлемі екі қарыншадан бірдей мөлшерде ағып өтеді. Систолдық көлем 80 мл болса, жүрек соғысы 70, онда минуттық көлемі 80х70=5600 мм.
Жүректің салмағы 250-350 г. Жүректің соғысындағы тонын (дыбысын) фонендоскоп арқылы зерттеп білуге болады.
1-тон систолалық, себебі ол дыбыс қарыншалар жиырылған кезде пайда болады. Ол – сондай созылмалы төмен клапандардың бірлігі.
2-тон диастолдық, ол – қарыншалардың босаңсыған кезі. Ол қысқа, дыбысы жоғарғы әрі жарты ай тәрізді қақпақшалары жабылғанда пайда болатын дыбыс.
Бірінші тоны жүректің төбесі жағында, бесінші қабырғалардың деңгейінде сол жақ қарынша мен қос жақтаулы қақпақшалардың тұсында болады. Осы тонды төс сүйегіне ІV және V қабырғалардың арасында тыңдауға болады. Ол – оң жақ қарынша мен үш жақтаулы қақпақшаның соғуынан пайда болатын дыбыс.
Екінші тон – төс сүйегінің оң жағынан екінші қабырға аралығында орта қақпақшасының ашылып жабылуы. Осы дыбысты төс сүйегінің сол жағында тыңдауға болады. Дыбысты арнаулы фонокардиограммаға жазып алуға болады. Әртүрлі жүрек аурулары кезінде, әсіресе, “жүрек ақауы” тоны өзгереді. Оған басқа да шуылдар қосылып, дыбыс анық естілмейді. Себебі клапандарының жұмысында өзгерістер орын алады. Мысалы, жүрек ақауы кезінде қақпақшалар толық жабылмай, қан қайта кері ағады. Соның нәтижесінен қосымша дыбыс пайда болады. Шуыл кейде клапандарды жауып, ашып тұратын аппараттардың да қысқаруының арасындағы тесіктердің азаюынан болады. Дыбысты немесе жүрек жұмысы тонын алдын ала зерттеу дегеніміз – пайда болып келе жатқан жүрек ауруына диагноз.
Достарыңызбен бөлісу: |