«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет52/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Т- лимфоциттер иммундық бақылауда да үлкен рөл атқарады. Егер осы клеткалардың қызметі баяулайтын болса, ісіктің дамуына, аутоиммундық ауру (өзінің тканін өзі бөгде клетка сияқты қабылдайды) және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы төзімділігі төмендейді.
В-лимфоцит, бұл да сүйектің қызыл кемігінде құрылады. Ал бөлінуі ішектің лимфалық тканінде, соқыр ішекте, таңдай және тамақ бадамшасында жүреді. Олардың қандағы құрамы 20–30%, В-лимфоциттің басты қызметі – антитела құру арқылы гуморалды иммундік жүйе құру. Антигендермен кездескеннен кейін В-лимфа сүйектің қызыл кемігіне, көкбауырға және лимфа түйіндеріне өтіп, сол жерлерде көбейіп, плазматикалық клеткаға айналып, иммунды ¡-глобулин деген антидене бөледі.
В-лимфоциттер өзіндік қасиетіке, ерекшелікке ие. Әрбір тобының (клон) әрбір антигенге қарсы тұратын антиденесі, ерекше түрлері болады. В1–клетка бөгде полисахаридтерге қарсы антиденелер түзеді. В2– клетка Т-хелпердің қатысуымен бөгде белоктарға қарсы гуморалды иммунитет жасайды. В3–клетка немесе К-клетка цитотоксиндік активтілігі бар. Былайша айтқанда, В-Киллер деп атайды.


7.7. Қанның түзілуі және қан жүйесін реттеу механизмі

Қан түзілу – қанның формалық элементтерінің қалыптасуы және дамуы. Эритропоэз – эритроциттердің пайда болуы, лейкопоэз, тромбоцитопоэз.


Эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер және тромбоциттер сүйектің қызыл кемігінде дамиды (жалпақ сүйектер мен түтікше сүйектердің метафазасында). Оның массасы бауыр массасына тең – 1,5–2 кг.
Лимфоциттер сүйек кемігінен басқа да жерде, лимфа түйіндерінде, бауырда, ішектің лимфоидты тканінде, бадамшаларында түзіледі.
Тәулігіне 200-250 млрд эритроциттер пайда болып және соншамасы бұзылады.
Эритропоэздің ең бастапқы клеткасы эритробласт болып табылады. Біртіндеп пронормбластқа, базофилді, полихроматофилді және оксифильді (ортохромды) нормобласторға ауысып, айналып отырады.
Оксифильді нормобласт кезеңінде ядроны ығыстырып шығарып жіберіп, эритроцит – нормоцит түзеді. Кейде ядросын полихроматофилді нормобласт кезеңінде ығыстырып, одан рейтикулоциттерді түзеді. Бұл элементтердің құрамындағы ерекше зат боялғанда түрі торға ұқсас болады. Рейтикулоциттер тірілеу келеді. Оның мөлшері дені сау адамның қанында 1%-дан аспайды.
Сүйектің қызыл кемігінен шыққаннан кейін (20-40 сағаттан кейін) қанды рейтикулоциттер өзінің ерекше затын жоғалтып, ересек эритроцит нормоциттерге айналады. Рейтикулоциттердің қандағы санына қарай эритропоэздің даму қарқынын білуге болады.
Сондықтан да эритропоэздің активтілік көреткішін білдіруші ретикулоцитоз деп есептейді.
Эритроцит қалыптасуына керекті құрылыс материалдарымен бірге оны ынталандырушы үдерістер керек. Гемді синтездеуге гем керек болса, оның тәуліктік қажеттілігі 20–25 мг. Осының 95%-ын ағзасы бұзылған эритроциттің құрамындағы гемоглобиннен алады. Ал тек қана 5%-ы тағамның құрамымен келеді (1 мг жақын).
Эритроциттер бұзылғаннан кейінгі темір босанып сүйектің қызыл кемігінде гемоглобин түзілуге қатысады және бауырда, ішектің кілегей қабатында ферритин түрінде қорланады. Ал гемосидерин түрінде сүйектің қызыл кемігінде, бауырда көкбауырда қорланады. Қорларда 1–1,5 г темір болады. Олардың жұмсалуы эритропоэздің қарқынына байланысты. Деподан және ішектерден темірді тасымалдау трансферрин (сидерофилин) арқылы тамақтың құрамындағы темірді сіңіру іске асады. Эритроциттердің қалыптасуына ағзаға витамин В2 және фолиев қышқылының келуі де үлкен әсер етеді. Осылардың ішінде біріншісінің активтілігі 1000 есе күштірек. Витамин В12 (цианкобаламин) қан түзілуіне тиісті сыртқы фактор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет