«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет58/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

8.5. Жүрек жұмысы қызметінің реттелуі

Жүрек өмірбойы 3000 тонна қанды ағызып отырады екен. Жүрек қызметі бір–бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда клетка ішінде (интрацеллюларлық), жүрек ішінде (интракардиалдық) және жүректен тыс (экстракардиалдық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан.


Интрацеллюларлық реттеу. Электрондық микроскоп арқылы зерттеп қараудың нәтижесінде миокард синцит емес (протоплазмалық немесе ядролық клетка заты), жеке клеткалар – өзара, аралық дискілер арқылы байланысқан миоциттерден тұрады.

Әрбір клеткада белок синтездеп, оның құрылысын және қызметін қамтамасыз етіп отыратын реттеуші механизмдері әсер етіп отырады. Әрбір белоктың синтезделу жылдамдығы өзін-өзі реттеуші механизмдеріне байланысты және оның жұмсалу мөлшеріне, қарқынына байланысты өнімдік деңгейін реттеп отырады.
Жүрекке үлкен күш түскенде (мысалы, жүрек қызметінің тұрақты жұмысы кезінде), миокардтың жиырылдырғыш белоктарының синтезделуі күшейіп, оның қызметін қамтамасыз етіп отырады. Осыдан келіп миокардтың физиологиялық жұмыс гипертрофиясы пайда болады, әсіресе, мұндай құбылыс спортпен айналысушыларда болады.
Интрацеллюларлық реттеу механизмі миокардтың қызмет қарқынының өзгеру жүрекке керекті мөлшерде қанның келіп құюын қамтамасыз етеді. Бұл реттеу механизмі Франк – Старлинг заңы немесе “жүрек заңы” деп аталып кетті. Миокардтың жиырылу күші оның талшықтарының бастапқы ұзындығының дәрежесіне пропорционалды, былайша айтқанда, диастола кезіндегі миокардтың созылу дәрежесіне сәйкес. Диастола кезінде миокардтың өте кең созылуы жүрекке қанның көбірек келіп құюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге миозин талшықтары арасынан әрбір миофибрилдердің ішінен көп актин жіпшелері шығады. Бұл дегеніміз активті нүктелердің немесе “өткелдердің” қанның көбеюі жиырылу кезінде актин және миозин жіпшелерін жалғастырады. Сонымен, миокардтың әрбір клеткасы диастола кезінде қаншама кең керіліп созылса, соншама систола кезінде қысқарады. Сондықтан да жүрекке келіп құйылған вена қанын сондай мөлшерде артерия жүйесіне құйып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет