Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы аив/житс


-буынға жататын тест-жүйелер арқылы скриниг жүргізу



бет9/20
Дата26.10.2022
өлшемі368.12 Kb.
#463434
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
аитв 1

4-буынға жататын тест-жүйелер арқылы скриниг жүргізу: Иммунферментті (ИФТ) не иммунхемилюминесценттті талдау (ИХЛТ) әдістерімен вирус антигендерін және АИВке қарсы түзілген антиденелерді анықтау. Бұл әдіс сезімталдығы (99%) мен арнайылығы (99,5%) өте жоғары деп саналады.

  • Иммоноблоттинг жүргізіп, диагнозды нақтылау: Бұл әдіс скрининг-тест нәтижесі оң болған адамдарға жүргізіледі. Әдіс мақсаты — статусы күдікті адамның қанындағы антиденелердің нақты қай АИВ антигеніне түзілгенін анықтау. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша вирустың үш беткей антигенінің кем дегенде екеуіне қарсы түзілген антидене анықталған жағдайда ғана тексерілуші статусы "оң" деп бағаланады.

    АИВ тест
    АИВ–оң адамдардың көбінде жұқтырғаннан кейін үш не он екі аптадан кейін арнайы антиденелер (сероконверт) түзіледі.[25] Оған дейінгі кезеңді "терезе кезеңі" деп атайды. Бастапқы инфекцияны сероконверсияға дейін қандағы АИВ РНҚсын не p24 антигенін тексеру арқылы да анықтауға болады.[25] Антиденеге тест не ПТР оң болған жағдайда, қанда басқа антиденелерге тексеріп не қайталап ПТР жасау арқылы нақтылайды.[23]
    18 айдан кіші балаларда анасынан алған антиденелердің болуына байланысты антидене тесті дұрыс көрсетпейді.[107] Осылайша АИВ диагнозы тек АИВ РНҚсына не кДНҚсына ПТР, не болмаса p24 антигенін анықтау арқылы қойылады.[23] Көптеген елдерде нәтижесі сенімді ПТР әдісі жасалмайды, сол себепті ауру белгілерінің көрініс беруін не қандағы АИВке түзілген антиденелерді анықтау үшін баланың өсуін күтуге мәжбүр болады.[107]
    Шұғыл тест
    Шұғыл тест әдістеріне: агглютинация реакциясы, полимерлі мембранадағы ИФТ, иммунологиялық фильтрациялы талдау және иммунхроматография жатады. Тест нәтижесін 15—30 минут ішінде білуге болады. Бұл әдіс, нәтижені дереу білу керек кезде, мысалы: шұғыл түрде операция алдында статус анықтау керек болған кезде өте тиімді әрі ыңғайлы.[108][109] Қазақстанда сілекей арқылы АИВ анықтауға арналған шұғыл тест (AmanBol) қолданылады.
    Жіктелуі
    Әлемде АИВ пен АИВ қатысты ауруларды жіктеудің екі жүйесі белгілі: ДДСҰ ұсынған АИВ жұқпасын және ауруларын сатылап жіктеу жүйесі[23] және Ауруды бақылау және болдырмауу орталықтары (ағылш. CDC) ұсынған АИВ жұқпасын жіктеу жүйесі.[110] CDC жіктеу жүйесі көбіне дамыған елдерде қолданылады. Дамушы елдерде зертханалық зерттеу жүргізу мүмкіндігі төмен болғандықтан, ДДСҰ ұсынған лабораторлы мәліметтерлі қажет етпейтін жіктеу жүйесін қолдану ыңғайлы. Екі жүйенің айырмашылығы болғанымен, статистика жүргізуде кедергі келтірмейді.[22][23][110]
    ДДСҰ жіктемесі
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет 1986 жылы ЖИТС анықтамасы мен жіктемесін ұсынды.[23] Содан бері ДДСҰ жіктемесі бірнеше рет жаңартылып, толықтырылған, ең соңғы нұсқасы 2007 жылы жарық көрген:[23]
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет