Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Алғашқы қауымдық діндермен байланысты ұғымдар



бет120/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126
Діндер тарихы

2. Алғашқы қауымдық діндермен байланысты ұғымдар


Алғашқы қауымдық діндерде сан қилы ұғымдар мен түсініктер бар. Бұл ұғымдар әр тайпада әр түрлі сөздермен ұғынылғанмен де, түбінде бәрібір бір түсінікті берді. Осы ортақ ұғымдардың кең тарағандары мыналар:
1. Мана: Малинезиялықтар табиғаттан тысқары тұрған, көрінбейтін тылсым күшті түсіндіру үшін «мана» сөзін қолданды. Өзге тайпаларда бұл сөз басқа атаумен аталса да, бәрібір бір ғана мағынаны білдіреді. діндер тарихында алғашқы қауымдық тайпалардағы құдіретті, ықпалды немесе қауым үшін маңызды нәрселер (жануарлар, өсімдіктер, тастар және т.б.) мен тұлғаларда (тайпа көсемі, сиқыршы, дәрігер) байқалған тылсым құдіретті күштерді сипаттау үшін «мана» сөзі қолданылған. Алғашқы қауымдық-тайпа адамдары өздерінің көзге көрінбейтін тылсым күштермен астасып, байланысып жатқандығына сенеді.
Алғашқы қауымдық діндерде әрбір жаратылыстың өзіне тән ұғымы бар. Олардың түсінігі бойынша кей адамдар көп манаға ие. Манамен толған әрбір нәрсе қадірлі, қасиетті. Ежелгі адамдар өздерін сансыз көп көзге көрінбес тылсым күштер қоршап тұрады деген сенімде болды. Манасы бар және оны алып жүргендерге күш береді деп саналған әр түрлі тастар, шынжырлар, бойтұмарлар, тұрпайы суреттер – фетиш деп аталады.

2. Ұлы Тәңірі: Барлық алғашқы қауымдық тайпаларда жаратушы бір тәңір, яғни ұлы болмыс сенімі бар. Алайда түсініктері әр қилы. Бұл Ұлы Тәңірі өз үкімін жүргізіп отырады немесе өзінен төменгі дәрежедегі рухтар мен тәңірлерді басқарады. Ол табиғат күштерін бағындырады, ең жоғарыда тұрады, тілмен суреттеп, түсіндіру мүмкін емес. Адамдарды және барлық нәрсені жаратады. Ұлы тәңірі немесе Жоғарғы Рух – көк аспанның ең биік нүктесінен мына әлемге үкімін жүргізіп отыратын ұлы болмыс. Төменгі дәрежелі рухтар мен тәңірлерді олар аса жақын тұтты, шынайы берілді. Ұлы тәңірге тек үлкен апаттарға ұрынған кезде дұға жасап жалбарынады.
3. Табу: Табу полинезиялық сөзге жатады, «тыйым» мағынасын білдіреді. Бір нәрсенің табиғаттан жоғары тұрғанын, қауіп-қатерлі құдіреттілігін айқындайды. Полинезиялық сөзге жататын табу «мана күші» тұрғысынан алып қарағанда ұстау қауіпті екендігін және тыйым салынған нәрселерге қол тигізуге болмайтындығын білдіреді. Мана сенімінің табиғи нәтижесі ретінде манаға ие болған деп сенілген адамдар, жерлер және заттар қасиетті болып табылады әрі табу ретінде қабыл етіледі. Тайпа көсемдері, сиқыршы емшілер мана күштеріне ие болғандықтан, қасиетті саналады, олар табуға жатады. Сонымен қатар лас саналған адамдар (мысалы, етеккірі келген әйелдер) және заттар да табу ретінде қабылданады. Жаңа туылған нәресте, қайтыс болған адам және қанды нәрселер Табу болып саналады.
Табудың жұқпалы ауру сияқты басқа нәрселерге өтетіндігі айтылады. Табуға жататын нәрсеге жақындау үшін ұзақ дайындық рәсімдерін жасау керек. Тотемдер табуға жатады. Йудейлердің қасиетті кітабында сандықты құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған Узза деген біреудің Келісім сандығын көтеріп жүрген өгіздердің сүрініп құлауы салдарынан сол жерде бірден өліп кеткендігі жазылады. Кейбір жазушылар, ұстауға, жақындауға тыйым саналғандықтан Яхудилердің өсиет сандығын да табу деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет