Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет12/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Діндер тарихы

Діндер тарихының дамуы


Адам баласы екінші бір адамның сеніміне әуестеніп, зерттеп білгісі келеді. Бұл мәліметтерді ең алдымен ежелгі Греция мен Рим жазушыларынан көре аламыз. Бұлардың Геродот (Б.э.д. 500 жыл) зерттеу жасаған халықтарының діндері жайлы мәліметтер берген. Бұл қызығушылық орта ғасырда Еуропада да бар болатын. Алайда басқа діндер жайында жазатын жазушылар христиандар соларға еріп кетпесін деп басқа діндерді даттап жазатын. Мұндай еңбектерге тоқтау қоятын мұсыман жазушылары да бар еді. Осылайша дүниедегі түрлі діндер жайлы хабар беріліп және бұл мәліметтер қазіргі таңда құнды деректер болып отыр.
Қазіргі таңда осы заманғы діндер тарихы еңбектерінің бастауы бірнеше ғасырға созылып жатады. Негізінде бұл кезең Ислам әлемі мен батыстағы кейбір еңбектердің ықпалымен болды. Бұл еңбектердің дамуын қысқаша былай баяндасақ болады:

а. Ислам әлемінде діндер тарихының атқарған қызметтері


Ислам әлемінде діндер тарихына қатысты еңбектерге тоқталмас бұрын, айтылатын нәрсе бұл саланың ең басты қайнар бұлағы Құран Кәрім екені даусыз. Өйткені Құран Кәрім «Әһли Кітап» тіркесін қолдануда. Яһудилік, христиандыққа тоқталып, ханифтік, сабийлік, мәжусилік және пұтқа табынушылық жайлы сөз етеді.
Хижри алғашқы ғасырда діни пікірталастарды қамтитын «мақала» - лар, (одан кейін «мақалат») екінші ғасырдан бастап басқа діндерге қатысты «раддия», - лар (бір көзқарас немесе пікірді жоққа шығару мақсатымен жазылған еңбек) жазылды. Одан кейінгі жүзжылдықтарда фырқа-мәзһәбтармен қатар басқа діндер жайлы да жазылған «әл-Фирақ» (ағымдар), «әр-Радд» (терістеу), әд-Диянат» (діндер) және «әл-Миләл» (діндер) секілді еңбектер пайда болды. Кейін бұлар «әл-Миләл уән-Ниһәл» ға айналған. Миләл – хақ діндер, ниһәл (діндер-мәзһәбтар) – батыл діндер үшін қолданылған.
Ислам әлемінде діндер тарихы жайлы жазылған көптеген еңбектер бар. Бұлардың бірнешеуіне мысал келтірер болсақ: «әл-Фирақ» әл-Бағдади (Әбу Мансур Абдулқадир әл-Бағдади ө-429/1038), «әл-Фарқ Бәйнәл Фирақ», «әл-Миләл уән-Ниһал» әл-Бақилләни (Қады Әбу Бәкір ө-403/1012), «әл-Миләл уән-Ниһал» Ибн Хазм (Әбу Мұхаммед Али б. Хазм ө-456/1064) «Китәәбул Фасл фил-Миләл уәл-Әһуәәи уән-Ниһәл» әл-Әсфарани «Әбул Музаффар ө-471/1078) «әл-Миләл уән-Ниһал» Шәһристани (Әбул Фәтх Мұхаммед б. Абдулкәрим әш-Шәһристани ө-548/1183) «әл-Миләл уән-Ниһал» атты еңбектер түрлі діндерді қамтитын туындылар. «әд-Диянәт» Хасан б. Муса ән-Нәубахтинин (ө-298/910) «әл-Араау уәд-Диянәәт», «әл-Әдиян» Әбул Маали Мұхаммед б. Убайдуллаһ (ө-485/1092) «Бәйәәнул Әдиян» атты еңбектер Ислам әлеміндегі жалпы мағынада алғашқы діндер тарихы зерттеулері болып саналады. «әр-Радд» түрінде жазылған көптеген еңбектер бар. Бұларға Ғазалидің (ө505/1111) «әр-Раддул Жәмил», атты еңбегін мысал келтірсек болады. Бұл еңбектермен қатар тек қана Исламға дейінгі араб көп құдайшылдығы жайлы қолына қалам алған Ибни Кәлбидің (ө-204? 206/819-821) «Китәәбул Әснам», атты еңбегін атап айтуға тұрарлық.
Ислам әлемінде салыстырмалы діндер тарихы саласында да маңызды туындылар жазылған. Бұлардың басында әл-Бирунидің (әл-Бейруни) (Әбур-Райхан Мұхаммед б. Ахмед әл-Бируни, ө-440/1048 кейін шамамен 453/1061) «әл-Аасаару-л Бақия» және «Китәбу-т Тахқиқ мәә лил –Хинд»,- атты еңбектері.
Бұлармен қатар Ибн Нәдимнің (Ө-380/990) «Фиһристи; Мухаммед әл-Хузайлдің (ө-226/840) «Китәәбил Мәжуус уә Китәәбус Сәнәуия» -сы, Әбул Аббас Ахмед б. Мухаммед әс-Сәраһсидің (ө-286/899) «Рисәлә фи Уасфи Мезәәһиби-с Саабиин» - і, Әбу Зәйд әл-Бәлхидің (ө-300/941) «Китәәбу Шәрааии-л Әдиян»-ны, Абдуллаһ б. Мукаффаның (ө-142/759) ежелгі Иран діндерімен қатысты аудармалары бар. Айрықша арабша жазылған діндер тарихы туралы еңбектерді де көп кездестіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет