Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет15/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары
1 – Дін сезімінің әрбір адамда болатындығын мысалмен түсіндіріңіз?
2 – Осы заманғы діндер дін сезімінің қанағаттандыра ала ма?
3 – Бір адам неліктен өз дінімен қатар басқа діндерді де
білуге міндетті?
4 – Мұсылмандар неліктен басқа діндерге көңіл бөлген?
5 – Европалықтар неге басқа діндерді үйренгісі келмейді?
6 – Салыстырмалы діндер тарихын оқудың қандай пайдалары бар?
7 – Дінсіз қоғам бар ма? Неліктен?
8 – Ислам әлемінде діндер тарихы еңбектеріне мысал беріңіз?
9 – Батыста діндер тарихы еңбектеріне мысал келтіріңіз?
10 – Діндер тарихын үйрену сіздің ойыңызша шарт па? Неліктен?


3. БӨЛІМ

ИСЛАМ ИЛӘҺИ ДІНДЕРДІҢ БІРІ

А. ИСЛАМ


1. Ислам туралы жалпы мағлұмат
Аллаһ тарапынан, адамзатқа пайғамбарлар арқылы жіберілген, уахи арқылы келген діндер «иләһи дін» деп аталады. Ұлы Аллаһ тарапынан жіберілген барлық пайғамбарлар алып келген діндер иләһи діндер ретінде қабылданады. Бұл ерекшеліктерімен иләһи діндер уахидың жемісі деп саналады және онымен байланыстырылады. Уахи болса Аллаһтың адамдар арасынан таңдағандарға арнайы бір түрде хабар беруі деп танылған. Уахи алғандар яғни пайғамбарлар оны адамдарға жеткізіп және оған мойынсұнуларын қалайды. Уақыт өте келе бір пайғамбардың алып келген үкімдеріне мойынсұнудан бас тартып, тура жолдан адасқан кезде Аллаһ қайтадан елшілер арқылы бұйрықтарын жаңалап, нықтай түсті. Ислам түсінігінде бұл жаңару дін ретінде Исламмен, кітап ретінде Құранмен, пайғамбар ретінде Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – мен тоқтатылды.
Мұсылман мемлекеттерінде «иләһи дін» орнына «самауи дін» сөзі қолданылатындығын, кей кездерде тақырып аты ретінде қолданылғанын көреміз. «Самауи» сөзі аспанға қатысы бар, аспанмен байланысты деген мағынаны білдіреді. Ислам түсінігінде Ұлы Аллаһ мекенге мұқтаж емес. Сондықтан да дін бір жерге емес тікелей Жаратушымен байланыстырылуы тиіс. Бұл термин аспанды Тәңірдің мекені деген діндерге қатысты. Өйткені, кейбір діндерде көк Тәңірлері (sky gods) бар. Ұлы Тәңір (high god) термині және ұғымы негізінде өзгеше. Иләһи діндерде Ұлы Тәңір сенімі болғандықтан, оған «самауи» тіркесі сай келмейді. Құран Кәрім Ұлы Аллаһтың Хз. Адам (а.с)-нан Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ға дейін келген уахи және пайғамбарлардың дінін «Ислам» деп атаған. Яһудилік пен христиандық тіпті Құранда аты аталған діндерді де иләһи дін ретінде сипаттайды.
Ислам эволюцианерлердің түсіндіргені секілді адамдардың және діндердің эволюция жолымен дамуын қабылдамайды. Құран Кәрім Ұлы Аллаһтың адамды ең әдемі бейнеде (18) сенім қажеттілігімен қатар (19) жаратқандығы жайлы баяндайды. Адам, әдемі бейнемен және жаратылысымен Аллаһты іздеу сезімімен жаратылса да, жалғыз қалдырмаған. «Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ» (20) Бұл ескертушінің міндеті «Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік» (21) түрінде түсіндіріледі. Бұл аятты онан әрі айқындай түсетін тағы бір аятта былай келеді: «Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз» (22). Тағы да Рағыд сүресінде: «Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар» (23) делінеді. Аллаһ әрбір пайғамбарды жіберген халқына емін-еркін жеткізсін деп, сол халықтың тілінде сөйлейтін пайғамбар жіберген. Ибраһим сүресінің 4 – аятында бұл жайында былай делінеді: «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп, елінің тілінде ғана жібердік». Құранның арабша жіберілуінің сыры осында жатыр. Құранда бұл мәселеге былай тоқталады: «Расында біз мұны арабша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер» (Юсуф сүресі 2 - аят).
Ислам басқа діндердің арасында өзінің атын қасиетті кітабынан алған жалғыз дін (24). Құран Кәрімде Аллаһ «Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (Мәида 3–аят) дей отырып Исламнан басқа дін таңдағанның дінінің қабыл етілмейтіндігін (Қараңыз Әли-Ғымран 85 – аят) айтады. Сондай-ақ Исламмен дін толықтырылып кемеліне жетті, Аллаһ жаратқан құлдарына деген нығметін тәмәмдады.
Хз. Мұхаммед Аллаһтың елшісі және соңғы пайғамбары (25). Бір аятта Хз. Исаның былай дегені білдіріледі: «Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Аллаһтың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін «Ахмед» атты пайғамбарменен сүйіншілеймін» (Сафф сүресі 6-аят). Осы және басқа аяттардан (26) пайғамбарлардың бірдей негіздерді жеткізу, уахи етілген кітаптардың өзінен алдыңғыны растап, бекітуші, өзінен кейін келетіндерді сүйіншілейтіндігі пайғамбарлар шежіресінің соңғы өкілі Хз. Мұхаммед (с.а.у.) кітаптардың соңғысы Құран Кәрім екендігін түсінуімізге болады.
Исламның Киелі кітабы Құран келгені секілді жазылып, жатталуы секілді өзіне тән ерекшелігімен діндер арасында бөлек орны бар және хақ дін салтының ең жақсы үлгісін бейнелейді. «Хақ дін» тіркесі Құран Кәрімде төрт жерде кездеседі (27). Құран Кәрімнің кейбір сүрелерінде орын алған және бірдей басталған үш аят (28) осы тақырыпты айқындай түседі. Бұл жерде аяттардың екеуіне ортақ сөздің мағынасы мынадай: «Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да» (29).
Иләһи діндер деген тақырыппен үш бөлімде Ислам, яһудилік, христиандыққа тоқталамыз. Иләһи діндер деп тоқталуымыздың себебі оқырмандардың басым бөлігінің мұсылман болуы және осы өңірде иләһи дін деген кезде жоғарыда аталып өткен діндер діндер еске түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет