Батыста қазіргі таңдағы түсінік бойынша діндер тарихы еңбектері Макс Мюллер (1823-1900) – мен басталған. Макс Мюллер 1856 жылы «Салыстырмалы мифология» және 1870 жылы басылған «Діндердің негізі және дамуына қатысты дәріс естеліктері» атты еңбегі арқылы басқа діндердің зерттелуіне жол ашып, үлкен ықыласқа бөленді. Англияға орналасып Oксфорд Университетінде діндер тарихы пәні оқытушы болып қызмет атқарды. Неміс ғалымы Макс Мюллер «Шығыстың қасиетті кітаптары» атты аударма жұмыстарын бастап, ең алғаш «дін ғылымдары» тіркесін қолданған. Ол және оның соңынан ергендер діндердің ғылыми зерттелуінде филологияны қайнары ретінде қабылдап діннің негізіне тек қана тіл зерттеулері арқылы қол жеткізілетіндігін алға тартты.
Одан кейінгі жылдарда Голландияда Ж. П. Тиел және Шантопи до ла Соси бұл салада маңызды зерттеулер жасаған. Осылайша уақыт өте келе Париж, Брюксель, Рим секілді орталықтарда діндер тарихы университеттің оқу бағдарламасынан орын алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан кейін діндер тарихы саласында жасалған зерттеулер уақыт өткен сайын дами түсті. Қазіргі таңда осы салада және салыстырмалы немесе феноменологиялық салада жасалынған зерттеулер көңіл аудартарлық. Бұл кезеңде түрлі елдерде осы салада көптеген ғалымдар жетіліп шықты. Бұлардың арасында Р. Петтаззони, М. Элиада, Ван Дер Люи олардың басында Р. Отто, Г. Меншинг, Ж. Вах, Ф. Хайлер, Г. Дюмезил, Е. Г. Парриндер, С. Г. Ф. Брендон, Эрик Ф. Шарп, Н. Смарт, М. Китагавва, Р. Ж. Заеһнер, У. Бианчи, В. Смит, В. Стром, Ханс Ж. Схоепс және Мичел Пиелерді айта аламыз. Бастыста діндер тарихы және Салыстырылмалы діндер тарихы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Түрлі университеттерде кафедралар ашылып, ғылыми журналдар шығарылды.
3. Діни сезімнің қайнары
Дін сезімі жаратылыстан (фитраттан) пайда болады. Дін ғылымдары саласында жасалған зерттеулер, дін сезімінің жаратылыстар бар екендігін растауда. Макс Мюллер жасаған мұқият және егжей-тегжейлі зерттеулердің нәтижесінде дін сезімінің адамзат табиғатында жаратылыстан бар қасиет екендігін анықтаған. Бенжамин Констант, «Дін, адамзат тарихында ең басты қозғаушы күш. Діни өмір табиғатымыздың ежелден келе жатқан және одан ажырамас қасиет», - деген. Діни сезімді, қорқу, үміт немесе кез-келген бір себеппен кейіннен пайда болған нәрсе деп қарау жаңсақ. Өйткені бұл жаратылыстан бар қасиет.
Адамның жаратылуынан бүгінгі күнге дейін әрдайым және барлық жерде ұлы, құдіретті бір күшке сиыну, жәрдем тілеу қажеттілігі орын алады. Бұл қажеттілік адам баласындағы діни сезімнің жаратылыстан екендігінің дәлелі. Адам басқа жаратылғандардың арасындағы таңдаулы бір болмыс. Ұлы Аллаһ оны жер бетінің халифасы қылды. (15) таулар мен көктер міндетіне ала алмаған аманатты, жауапкершілікті ол өзіне алды. (16). Бұл ауыр міндеттің үдесінен шығу үшін Ұлы Аллаһ түрлі дарын мен қабілет берді. Діни сезім де осылардың арасында. Рум сүресінің 30 – аятында Жаратушы Аллаһ былай дейді: «(Мұхаммед (с.а.у)) Бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды».
Осы тақырыпқа қатысты Әбу Һурайра (р.а.) – дан риуаят етілген бір хадис шәріпте: « Әрбір туылған бала мұсылман болып дүниеге келеді. Одан кейін анасы, әкесі яһуди болған болса яһуди, насрани (христиан) болса насрани, мәжуси болса мәжуси қылады» (17). Бұл хадисте дін сезімінің жаратылыстан; таза, пәк жаратылған адамның жанұя мен өскен ортасының ықпалымен олардың ұстанған дінін қабыл ететіндігін білдіруде. Айрықша бұл хадиспен христиандықтағы дүниеге күнәһәр болып келеді дегенге жауап ретінде адам бұл дүниеге пәк болып келіп, алған тәлім-тәрбиесіне қарай қалыпқа келетіндігін дәлелдеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |