Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет8/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126
Діндер тарихы

д. Діндер тарихының әдісі


Әрбір ғылым саласының өзіне тән бір әдісі бар. Діндер тарихының, тарих, социология және филология салаларының әдістерінен де пайдалана отырып, өзіне тән дискривтивті яғни бұрмаламай сол күйінде беру тарапсыз түсіндіру әдісі бар. Дін философиясынан өзге дін басқа ғылыми салаларымен ортақ баға беру әдісі арқылы діндер тарихы қандай да бір дінді жақтауға байланысты теологиялық, кәләм яғни сенім ілімдерінен бөлек тұрады. Діндер тарихы діндерді, қандай болса сол күйінде қарастырады. Сондықтан діндер тарихы саласында жұмыс істейтін зерттеуші ғалымдар негізінде қандай дінді ұстанса да ғылыми зерттеулерінде тарапсыз яғни бұрмаламай әрекет етуі керек. Өйткені дін ғылымдары қағида қоймайды, дұрыс-бұрысы емес, діндерді қандай болса сол ерекшеліктерімен танытады.
Діндер тарихында анықтау әдісімен қатар салыстырмалы әдісі де қолданылады. Діндерде түрлі оқиғалар орын алады. Бұл оқиғалардың анықталуы, феноменологиялық әдіске байланысты. Феноменологиялық әдіспен белгіленген феномендерді салыстырмалы әдіспен қолға алсақ та болады.

Е. Діндер тарихының басқа ғылымдармен байланысы


Қазіргі таңдағы ғалымдар ғылымдарды сыныпқа бөлгенде, дінмен байланысты бар ғылым салаларын бір бөлімге топтастырды.
Сонымен қатар «дін білімдері» атын алған бұл білім салалары: діндер тарихы, дін феноменологиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша дін философиясынан құралады.
Орта ғасырларда шіркеу ғана үстемдікке ие болған. Шіркеу христиандықтан басқа діндермен байланысуға рұқсат етпейтін. Батыс әлемі қарым-қатынас жасаған қоғамдардың бастапқы қауымдық діндерін зерттеуді бастаған кезде, шіркеулерде болып жатқан реформаға байланысты зерттеу жүргізуге мүмкіндік туды. Осылайша эволюцианың ортаға шығуы сәнге айналды. Осының нәтижесінде діннің шығуы жайлы еңбектер жазылып, талас-тартыстар басталды.
Діннің қайнар бұлағы жайындағы бұл пікірталастарға реті келгенде тоқталамыз. Эволюция және басқа еңбектердің алғашқы толқуы басылған соң оған қарама-қайшы кітаптар жазылды. Нәтижесінде діннің ғылыми және сыншыл көзқараспен зерттелуі керек екендігі ортаға қойылды. Бұл ғылыми және сыншыл зерттеулерді жүргізу үшін университеттердің құрылымында діндер тарихы кафедралары, зерттеу институттары құрылды. Сонымен қатар жоғарғыда аталып өткен салалары да осы жолдан өтті. Бұл білім салаларында жазылған еңбектер уақыт өте келе дамып, дін мәселелерінің алуан түрлерін анықтауға негізделген бұл білім салаларының арасындағы жақындықтарына қарай, бұларды дін ғылымдары тақырыбымен бір шаңырақ астына топтастырылды.
Діндер тарихымен бірге дін ғылымдары аясындағы басқа ғылым салаларына тоқталып өтуде пайда бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет