Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет11/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
Діни термин ретінде дін сөзі қалай түсінілуі керек?
Алғашқы адам неліктен бір дінге сенуге мұқтаж болды?
Діндер тарихы қандай діндерді зерттейді? Неліктен?
Діндер тарихының зерттеу әдісі қандай?
Дін философиясының діндер тарихымен қандай байланысы бар?

2. БӨЛІМ



ДІНДЕР ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ,

ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ



Діндер тарихыны маңыздылығы мен қажеттілігі


Қазіргі таңда түрлі себептерге байланысты басқа діндерді үйрену зиялы тұлға үшін сөзсіз міндетке айналды. Өйткені әрбір зиялы тұлғаның жалпы мәдениеттер ішінде діндер тарихының мәдениетіне де мұқтаждығы бар.
Діндер тарихы түрлі діндерді жан-жақты үйрететін ғылым саласы. Діндер тарихының көмегімен дін фактілерін салыстыру арқылы жақсы түсіне аламыз.
Бүгінгі күнде адамдар және қоғамдар бір-бірімен сауда-саттық, экономикалық, саяси, мәдени, әскери, діни байланыстар орнатуда. Бұл қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуы діни сенімдердің үйреніліп соған қарай мәміле жасауға байланысты. Тағы бір жағы бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, спорт жарыстары секілді себептермен адамдардың өздері жайлы мағлұмат алу жолы және мүмкіндіктері артты. Осының нәтижесінде басқа сенімдер және тіпті өмірден өткен адамдардың сенімдері жайлы қызығушылық артты. Сонымен қатар діндер арасында бәсеке, миссионерлердің әрекеттері, адамдардың өз діндері мен басқа діндерді де дұрыс үйренуіне түрткі болды. Бір дінді қорғауға тырысу, басқа діндерді жан-жақты үйренуге байланысты екендігі ұмытылмауы тиіс мәселе. Олай болмаған жағдайда нәтижелі болуы мүмкін емес. Бұл барлық діндер мен дін өкілдеріне қатысты нәрсе. Әрбір дін өкілі ұстанған дінін одан әрі жақсы түсінуге, ұғына білуге және басқа діндердің алдында қорғауға мән беруде. Әрбір адам ұстанған дінін ең дұрыс дін деп ойлайды және бұл діннен бас тартпаймын деп есептейді. Кез-келген адамның бір дінге күйе жағудан, жамандаудан аулақ болып, өзінің ұстанған дініне берік болуын және оған мән беруін қалыпты жағдай деп білуіміз тиіс. Осы себепті Шәһристани «Әл-Миләл уән-Ниһәл» атты еңбегін жазуының себебін «Оқығандарға ғыбрат, мұнан ғыбрат алғандарға да бір шамшырақ (жол көрсетсін) болсын деп бір қорытындыда жинақтадым», - дей отырып ойын ортаға салады. (12)
Ислам әлемінде және мұсылмандар арасында діндер тарихы мен салыстырмалы түрде жазылған еңбектерге деген теріс ұстаным бар екендігі байқалады. Қазірге таңда кей жерлерде теріс ұстанымдар ұшырасып жатады. Азияның бірнеше жерлерінде діндер тарихына, айрықша басқа діндер туралы сөз қозғауды жаратпай жатады. Дегенмен діндер тарихы мен салыстырмалы түрде жазылған еңбектер әрі пайдалы, әрі Ислам принципіне де сай келеді. Мұны аңғарған Әбу Хасан Али әл-Хасан ән-Нәдуи мұның маңызы жайлы қысқаша былай деп түсіндіреді: «Салыстырмалы зерттеулерге болған қажеттілік ұшан-теңіз. Өйткені мұсылман салыстырма жасамайынша, Аллаһтың мәңгілік әрі толық жетілген кәміл дін арқылы өзіне берген игіліктердің қадірін білмейді. Мұсылман Исламның ғибадат пен сенім негіздерін басқа діндермен салыстырмайынша Исламға деген шүкіршілігі мен мақтанышын өз дәрежесінде ұғына алмайды». Нәдуи айрықша Хз. Омар (р.а.) – дың «Ислами ортасында өсіп, жаһилия (надандық) кезеңін білмеген адам Исламда сатылаған сайын бұзуы әбден мүмкін», - деген риуаят келгендігін айтады. (13)
Қанунидің Сүлеймания Мешітінің заңнамасында, Сүлеймания мешітінің имамында болуы керек сипаттардың арасында «Исламның ақиқатын ортаға қоя алуы үшін діндер мен салыстырмалы діндер тарихын білуі тиіс», - деген шартты қосқандығы айтылған. (14) Бұл төрт ғасыр бұрын да діндер тарихының маңыздылығына мән берілгендігінің дәлелі. Сондықтан да барлық діндерді қаз қалпында жеткізетін діндер тарихының және салыстырмалы діндер тарихының маңыздылығы мен қажеттілігі айрықша.
Діндер тарихы саласында ең алғаш және маңызды зерттеулерді жасаған мұсылман ғалымдары екендігі көңіл аударарлық жай. Өйткені олар бұл мәселелерде Құран Кәрімді басшылыққа алады. Құран Кәрімде басқа да діндер жайында мағлұматтар берілген. Мұсылмандардың Құран Кәрімде аталып өткен басқа діндерге қатысты мағлұматтарды түсініп, баға беруі діндер тарихы аясында жүзеге асады. Сондықтан да ешбір мұсылманда діндер тарихына қате пікір болмауы тиіс. Мұсылман ғұламалар мен мұсылмандар діндер тарихының мәнін түсіне отырып басқа діндерге де көңіл бөлген. Бұл көңіл бөлудің түрлі себептері бар.
Олардың басқа дінге көңіл бөлулерінің себептерін былай тізбектесек болады:
1. Исламның жайылуы нәтижесінде мұсылмандардың қол астындағы немесе көрші қоғамдардың сенімдерін үйренуге деген қажеттіліктің туындауы;
2. Исламды басқа дін мен сенімдегі халықтар арасында жаю үшін олардың ұстанған діндерін үйрену және оларға Исламның артықшылықтарын көрсету;
3. Ислам дінін қабылдағандардың арасында ескі сенімдерін әлі де ұстанып жүргендер болғандықтан бұл сенімдердің бастауы Исламнан бұрын екендігін көрсету;
4. Басқа дін мен мәзһәбтардың Исламның сенім негіздерін бұзу жолындағы іс-әрекеттерінен Исламды қорғау, басқа дін мен сенімдердің жаңсақ және қате мәселелерін ортаға салу;
5. Құран өзінен алдыңғыларды растап, әр қауымға ескертуші жіберілгендігін және олардың «Ислам шеңберінде» болғандығын білдіргендігі жайлы мағлұматтарды түсіндіру және бағалай білу;
6. Ислами кішіпейілділікті түсіндіру және көрсете білу;
7. Құран Кәрімнен басқа иләһи қасиетті кітаптарда Хз. Мұхаммед (с.а.у.) – ның келетіндігі жазылғандығынан хабар беруі. Осы себепті бұл мәселенің зерттелуі әрі басқа дін өкілдерінің назарын осыған аудару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет