Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет9/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126
Діндер тарихы

Дін феноменологиясы: Феномен-көрініп тұрған зат. Феноменология-көрініп тұрған заттың жүйелі түрде жан-жақты талқылануы. Діннің көрінген, сыртқа білінген тарапын жүйелі түрде зерттейтін білім саласының аты дін феномологиясы. Дін феномологиясы тарихи дамуына тоқталмай, діни фактілерді, көрінісіне қарай көңіл бөледі. Алуан түрлі діндердің ғибадат және діни рәсімдерін, қасиетті жер, уақыт, зат және тұлғаларды зерттеп ортақ нәрселерді табуға тырысады. Мұнымен қатар дінде көзбен көрінбейтін нәрселер де бар. Бұлар бір негізге орналасып, пайда болғанда зерттеу обьектісі болады.
Дін феноменологиясы діни сезімнің және осы сезімдердің пайда болуының бүткіл әлемде бір-біріне ұқсайтындығын айтады. Барлық діндердің негізі мен мақсатының бір екендігін дәлелдеуге тырысады. Мұнымен қатар діни символдарында құпия мағыналарды ортаға қоюмен және ауыспалы мағынада қолданылған сөздердің қасиетті мағынасын анықтаумен айналысады.
Дін феноменологиясы мағлұматтарын діндер тарихынан алады. Бірақ ол бұл материалдарды тарихи тұрғыда емес жүйелілік тұрғысынан таразылайды. Осылайша діни ұстанымдарды, діни құбылыстарды даму сатыларымен салыстырады. Дін феноменологиясы басқа ғылымдармен кейбір мәселелерде біріккенімен, бір ғылым саласы ретінде де олардан ажырайтын жақтары да бар.
Дін социологиясы: Дін – қоғамдық қатынастарды, қарым-қатынастан туындаған оқиғалар мен діни топтарды зерттейді. Сол себепті бұл ғылым саласы әлеуметтік діни бірлестіктерді, діннің мемлекет, ұлт, жанұямен қарым-қатынасын, дін саласында ортаға шыққан әлеуметтік оқиғаларды, түрлі діни жамағаттар мен қоғамның қарым-қатынасын қолға алады. Олай болса дін социологиясының зерттеу обьектісі қоғамның негізгі және діннің сырт көрінісі мен әлеуметтік процестер, бұлардың құрылымдары және заңдылықтары. Басқаша түсіндірер болсақ тарих сахнасында адамзат куә болған нәрселерін дін мен қоғамның зерттеулерін, өмірдегі әлеуметтік көріністері осы ғылым саласының зерттеу обьектісі болып табылады.
Дін социологиясы бір жағынан қоғамның, екінші жағынан дін ғылымдарына сүйенеді және осы екеуінің арасын байланыстыруға тырысады.
Дін социологиясы, дін психологиясы және салыстырмалы діндер тарихы діннің теориялық, практикалық және социологиялық түсіндірмелерін біріге отырып зерттейді. Әдеттегідей діннен туындаған топтарды қарастырғанда дін ғылымдарының жалпы мәліметтерінен және қоғамдық ғылымдардан пайдаланады. Сонымен қатар діни топтардан шыққан «жамағат», «мәзһәб», «тариқат» және құрия топтар да дін социологисының зерттеу обьектілеріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет