Есімін өзінің қасиетті кітабынан алған, қасиетті кітабы (Құран Кәрім) алғашқы қалпын қазіргі таңға дейін сақтап, өзгертілмеген жалғыз ғана дін – Ислам. Қазіргі таңда бір миллиардтан астам сенушісі бар Ислам, бір ұлттың, бір топтың, бір аймақтың діні емес жалпыға ортақ дін. Ислам адамзаттың ортақ рухани шырағы.
Негізінде барлық пайғамбарлардың жеткізген діні Ислам деп те айта аламыз. Ислам рухани ағаш секілді. Бұл ағаш ең кемеліне жетті, есімін алды, мақсатына жетті. Ислам иләһи діндердің жалпы аты болып, Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға 23 жыл ішінде келген уахи арқылы кемеліне жеткен және қияметке дейін адамдардың мұқтаждықтарына жауап беретін, толықтырылған діннің арнайы аты. Расында бұл жайлы Мәида сүресінің үшінші аятында былай баяндалады:
«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ, сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым».
Құран Кәрім, барлық пайғамбарлар алып келген таухид сенімінің негізі бірдей екенін баяндайды. Бұл сенім негіздері Исламның мәнін құрайды. Негізінде Ислам Хз. Адам (а.с.)-ға барып тіреледі. Пайғамбарлардың тарихына көз жүгіртер болсақ ол жерде өзгеріп отырған тек қана үкімдер ғана. Осылайша Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға дейін жалғасқан «Ислам дәстүрі» толықтырылып соңғы нүктесіне Ислам діні арқылы жетті.
Исламның үндеуі барлық адамзат баласына арналған. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның барша адамзатқа жіберілгендігі жайлы Құран Кәрімде анық көрсетілген. Құран Кәрімде «Ия Әйуһәннәс» (Уа адамдар) сөзінен осы нәрсені көре аламыз.
Ислам сенім, ибадат және ахлақи үкімдерінде жеке тұлғаға үндеумен қатар қоғамды да қамтиды. Жеке тұлғалардың дұрысталуымен қоғамның да онымен байланысы болғандықтан түзеледі және үлгілі қоғам пайда болады. Ислам дүние мен ахиретті тең ұстап, орта жолды ұстануды, адамзаттың бірлікпен тату-тәтті өмір сүруін мақсат етеді.
Ислам алуан Ислами білімдердің ең бастысы болғандықтан егжей-тегжейлі тоқталмаймыз. Бірақ басқа діндермен салыстырылуы үшін негізгілеріне тоқталып біршама ерекшеліктерін баяндаймыз.
Исламды иман, ибадат және ахлақ түрінде үшке бөліп қарастыру дәстүрге айналған. Біз де осы жолмен бірінші иман және ислам терминдеріне кейін иманның шарттарын, Исламның шарттарын (бейнелі құлшылықтар) және Исламдағы ахлақ мәселелерін, қорытынды ретінде Исламның басқа діндерден айырмашылықтарын, сонымен қатар сол ерекшеліктерінің өзіндік қасиеттерін қолға аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |