Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет18/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126
Діндер тарихы

2. Иман және Ислам

а. Иман


Иман сөзінің сөздік мағынасы иланып, сенім білдіру дегенді білдіреді. Термин ретінде сөзсіз растау деген мағынаға келеді. Осылайша иман бір нәрсені дұрыс деп табу және оның дұрыс екендігіне сену. Растаудың үш дәрежесі бар: 1) жүрекпен, 2) тілмен, 3) іс-әрекетпен растау. Тілмен айту жүректің растауымен бірігетін болса, бұл шынайы болмақ. Мұндай сенімің иесін «мүмин» деп атайды. Егер бірі тілімен айтып, жүрегімен растамаса шынайы сенім болмайды. Мұндай сенім иесін «мұнафық» дейді. Егер іс-әрекетімен көрсетер болса, бұл сенімін ісімен көрсетуі. Яғни бұйрықтарды орындап, тыйым салынған нәрселерді істемеуі.
Иман «тілмен айту, жүрекпен растау және амал ету» болып саналады. Бірақ бұлардың алғашқы екеуі иманның негізгі тірегі, ал амал негізгі емес кемеліне жеткендігінің көрінісі. Амал етпеген адамның иманы болуы мүмкін. Кейбір хадистерде иманның 60 немесе 70 тен астам бөлімі бар екендігі айтылады. Бұлардың алтауы (Иманның шарттары) иманның негізгі парыздары (Асли иман), қалғандары болса толықтырылуы (Кемали иман). Бұл мәселеде мына хадиске тоқталсақ болады: «Сіздердің иман тұрғысынан ең көркемдеріңіз, ахлақ жағынан ең көркем болғандарыңыз».

ә) Ислам


«Ислам» сөзінің сөздік мағынасы тәсілім болу, мойынсұну (итағат ету) дегенді білдіреді. Терминдік мағынасы Пайғамбар хабар берген нәрселерді қабыл ету және бүткіл болмысымен тәсілім болу. Сол себепті Ислам жүрекпен растаумен қатар, сырт көріністе Аллаһтың және пайғамбарларының бұйрықтарына мойынсұнуды білдіреді. Осы мағынада әрбір мүмин, мұсылман; әрбір мұсылман да мүмин болып есептеледі. Мүмин мен мұсылманның екеуіне де бірдей үкім беріледі. Иман рух болса Ислам оның тәні. Исламсыз иман, имансыз да Ислам болмайды. Ислам Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға келген діннің аты.

б. Иман мен Исламның арасындағы байланыс


Ислам ғалымдары Құран Кәрім және хадистерде кездесетін «иман» және «ислам» сөздерінің арасындағы байланысты зерттеген. Тілдік тұрғыдан иман мен ислам сөздерінің арасында айырмашылық бар. Иман жеке тұлғаға, Ислам жалпыға бірдей. Иман растау болса, Ислам мойынсұну. Растау болған жерде, мойынсұну да бар. Бірақ әрбір мойындау, мақұлдаған болып есептелмейді. Сөзбен немесе іс-әрекетпен мойынсұнған кейіп танытқанымен, жүрегімен қабыл етпейтіндер де бар.
Шариғат тұрғысынан, Ислам мен иман бір. Мүмин мен мұсылманға да бірдей үкім жасалады (Өмірден өтсе жуындырылып, жаназа намазы оқылады, мұсылман мазарына жерленеді, мұсылмандарға мұрагер бола алады). Хз. Мұхаммед (с.а.у.) кезінде адамдар мүмин, кәпір және мұнафық болып үшке бөлінетін. Бұл мәселеде Имам Ағзам Әбу Ханифа былай дейді: «Сөздік тұрғысынан иман мен ислам арасында айырмашылық бар. Бірақ шариғат тұрғысынан алғанда исламсыз иман, имансыз ислам болмайды».
3- Иман негіздері
Иман екі бөлімге бөлінеді: 1) Ижмали иман: Кәлима –и Таухид және Кәлима-и Шәһәдат, 2) Тафсили иман: Әмәнту.
Иман негіздері Құран Кәрімде бар. Иманның алты негізі бар екендігі хадиспен дәлелденген. «Әмәнту» мен басталған бұл алты негіз Имам Ағзамның «Фиқһул Әкбар» атты кітабынан алынған. Бұлардың барлығына жеке-жеке тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет