Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет38/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126
Діндер тарихы

7. Қазіргі иудей ағымдары


1789 жылғы ұлы француз революциясынан кейінгі пайда болған түрлі саяси-әлеуметтік өзгерістер иудей әлеміне де қатты әсер етті. Революциядан кейін Еуропада еврейлерге деген көзқарас, қарым-қатыныс өзгере бастайды. Еврейлер аздап болса да тыныштыққа қауышты. Мұндай жайлы орта еврейлердің иудей діні жөніндегі түсініктеріне ықпалын тигізді.
Жылдар бойы күтілген Мәсіхтің келмей қоюы да еврейлердің көңілдеріне күдік ұялатып, тіпті күдерлерін үзе бастаған еді. Еуропа иудейлері сол тұрып жатқан елдерінің шарттарына бағынып өмір сүргенді жөн көрді. Ал бұл жағдай олардың дәстүрлі ортодоксальды иудейлік түсінікті қайта қарап шығуларына себеп болды. Өйткені дәстүрлі иудаизмның иудейлік сенімдері жөніндегі көзқарастары қазіргі жағдаймен тіптен сәйкес келмейтін еді. Иудаизмді қазіргі заманның шарттарына сәйкестендіру әрекеттерінің нәтижесінде төрт түрлі ағым пайда болды.

а. Ортодоксальды иудаизм:


Ортодоксальды иудаизм өзге ағымдардан өзінше жеке бөлініп шықты. Бұл ағым Парсылықпен басталған және раббани иудаизммен дамыған негізгі ағымның күніміздегі көрінісі.
Таурат, Талмұт және басқа раввиндік еңбектерден қолда қалған классикалық Яхуди шариғаты Халакханың соңынан ерген топқа Ортадоксальды иудаизм деп аталды. Ортадоксальды иудаизм жазылған Таураттың Тәңір тарапынан Хз. Мұсаға жаздырылғанына және ауызша Таураттың (Мишна Талмұт) да ауызша уахи етілгеніне сенеді. Ортодоксальды сенімде иудейлер Таурат заңдарына бағынбағандықтан қуғын-сүргінге ұшырағандықтары сөз болады. Маймонидестің он үш тараудан тұратын иман негіздерін догма деп қабыл етіледі. Ортодоксальды иудаизм бойынша еврей халқы тәубе етіп, Таураттың бүкіл қағидаларын орындайтын болса, Мәсіх сөзсіз келіп, қуғын-сүргін аяқталып, иудейлер шынайы үйіне оралып, ғибадатхана қайтадан қалпына келтірілетін болады.
Ортодоксальды иудаизм осындай себептерге байланысты иудей шариғаты – Халакхада өзгеріс жасауды, оны қайта жорамалдауды кұптамайды. Сонымен қатар оны қазіргі заманның шарттарына қарай ыңғайлау үшін аса айлакерлікпен әккі саясат жүргізу арқылы нығаюды көздейді. Мәселен, Халакхаға қарағанда сенбі күні от жағуға тыйым салынды. Ортодоксальды иудейлер электрлік құралсыз оттан пайдаланды. Мұның Халакхаға қайшы келмейтіндігін айтады. Сенбі күні машиналарын қолданбайды, электрлі заттарға жақындамайды. Кашер (кошер) құралдарын бұлжытпай орындайды (Кашер жеп, ішілетін нәрселердің дінге сай құралы). Кашер құралдарына сай келмейтіндерді жемейді, мұндай заттарды сататын дүкендерден еш нәрсе алмайды. Бұдан басқа Кашер құралы бойынша ет пен сүтті бірге жемейді, ет пісірілген ыдыста сүтті, сүт пісірілген ыдыста етті пісірмейді. Ортодоксальды иудейлер өздерінен басқа иудейлерді нағыз иудей деп есептемейді. Ортодоксальды болмаған иудей күнәһар болып саналды. Ортодоксальды иудейлердің басым көпшілігі сионист деген пікірлер бар. Израйльде ортодоксальды иудаизм мемлекеттің ресми діни ағымы. Осы уақыттарға дейін басқа Иудей мәзһәбтарының іс-шараларына рұқсат берілмейтін. Соңғы уақыттарда Израйльде барлық ағымдар бірлестік құра бастады, алайда бұл ағымдар мемлекет кірісінен қолдау алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет