Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


ә. Исламның басқа діндерден айырмашылықтары



бет27/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126
Діндер тарихы

ә. Исламның басқа діндерден айырмашылықтары


1) Ислам хақ иләһи дін, қайнар көзі уахи болып табылады, әлемдік дін, барлық адамзат баласына жіберілген. Қияметке дейін жалғасады.
2) Ислам, атын өзінің қасиетті кітабынан алған. Қасиетті кітабы пайғамбары тарапынан жаздырылып, жаттатылып және тексерілген. Осылайша қазіргі таңға дейін ешқандай өзгеріске ұшырамаған, ақыл мен білім алдында өз құндылығын сақтап келген қасиетті кітабы бар дін.
3) Исламда таухидтың ең көркем бейнесі бар. Таза әрі кәміл Аллаһ сенімін орнықтырған. Исламда Аллаһтың сипаттары басқа жаратылғандарға, жанды-жансыздарға телінбейді, адамға ұқсатылмайды. Ол ешнәрсеге ұқсамайды. Аллаһқа адамға ұқсатуға, адамды Аллаһқа ұқсатуға болмайды. Исламда Аллаһтың көркем есімдері (әсма-ул хуснәә) бар. Исламда Аллаһтан басқасына жалбарынбайды, дұға етілмейді, Аллаһтан басқадан сұрамайды, сәжде мен рукуғ жасалмайды, құрбан шалынбайды, ант етілмейді. Одан басқаға өз күнәсы үшін тәубе етпейді.
4) Исламның белгілі сенім жүйесі, пайғамбары, қасиетті кітабы бар.
5) Исламда Аллаһ тарапынан жіберілген барлық пайғамбарлар қабылданады, оларды бөліп-жармайды. Пайғамбарлар Ұлы Аллаһтың құлы әрі елшісі. Исламда пайғамбарлар - Тәңір деген түсінік жоқ. Оларға жараспайтын жағдайлар мен қисынсыз оқиғаларды телмейді. Олардың бес ерекшелігі қабыл етіледі.
6) Хз. Мұхаммед (с.а.у.) соңғы пайғамбар. Одан басқа ешқандай пайғамбар көзінің тірісінде өзі алып келген діннің мемлекеттік деңгейде іске асқандығын көрмеген.
7) Исламда ең жоғары баға Құранға беріледі. Төрткүл дүниеде Құранның бір ғана нұсқасы бар.
8) Исламда дүние мен ақыреттің тепе-теңдігі бар. Дүние ақыреттің егістігі.
9) Исламда сенім негіздері мен діни ұғымдар, қарапайым, қуатты, анық, нақты, түсінілуі, түсіндірілуі, қабыл етілуі жеңіл, ақыл-ойды тығырыққа тіремейді.
10) Ислам жеңілдік діні. Бір адамды мәжбүрлеп мұсылман қылу қабыл етілмейді. Жүректерден орын алу арқылы жайылады. Тілі, ұлты, діні қандай болса да кәлима-и шәһәдатты айтса мұсылман болады. Адамдарды бай-кедейлігіне, ұлтына қарай бөліп-жармайды, жартылай жеңілдік деген нәрсе жоқ. Теңдік пен әділеттілік басшылыққа алынады.
11) Ислам адамдарды ақылдарын қолдануға шақырады. Ақыл-есі бар адам жауапты болады, ақыл мен білімге мән береді. Ислами өлшем; ақыл, білім, ой, үйрену, жұмыс істеу мәселелеріне және тұлға мен қоғам байланысына жеткілікті дәрежеде орын берілген.
12) Исламда адам ең әдемі бейнеде жаратылып, оған халифалық берілген. Адам туылғаннан күнәһәр болып есептелмейді. Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда күнәдан пәк, мұсылман болып туылады. Исламда жауапкершілік, күнә және тән тек қана тұлғаның өзіне қатысты.
13) Исламда ғибадат пен мінез-құлыққа қатысты үкімдердің орны ерекше. Исламда қажылықтан басқа құлшылықтың барлығы бір жерге қатысты емес, барлық жерде орындала береді. Адам жамағатпен немесе жағдайына байланысты жалғыз өзі де атқара береді. Құлшылық орнында мүсін, суреттер қойылмайды. Құлшылыққа шақыру азан арқылы болады. Құлшылықта Аллаһ пен құлдың арасына ешкім түсе алмайды. Исламда монахтық өмір немесе ол жерге жақындатпау деген нәрсе жоқ. Үйленбеу, ажыраспау сияқты шамадан тыс ауыр келетін бұйрықтар жоқ. Бірақ ішкі және сыртқы тазалық бар. Сүннет бар.
14) Ислам әйел затының құқығы мен мәртебесін қорғайды.
Міне осы және басқа да ерекшеліктерімен Ислам әр кезеңде, барлық жерде өзін нақты көрсете алады.

Бөлім сұрақтары
1 – Исламның сөздік мағынасы не?
2 – Хз. Мұхаммед (с.а.у.) қай жерде және қашан дүниеге келді?
3 - Иманның шарттары қайсысы?
4 – Исламның құлшылық ретінде басқа діндерден айырмашылығы қайсысы ?
5 – Кімдер мұсылман бола алады, ерекше бір шарты бар ма?
6 – Құран қанша жылда түсіп бітті?
7 – Мұсылман қажылық құлшылығы үшін қай жерге баруы керек?
8 – Жұма намазы барлық мұсылмандарға парыз болып есептеле ме?
9 - Мұсылмандар неліктен барлық пайғабарларға иман етеді?
10 – Құраннан басқа келген үлкен кітаптар қайсысы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет