Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет42/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126
Діндер тарихы

ә. Құлшылық


Иудейлер құлшылықтарын «синагогада» (өздері оны «Бет ха Кнесет» деп атайды) орындайды. Синагога – Иерусалимдегі әйгілі ғибадатхананың күйреуінен кейін иудейлердің құлшылық етуге арналған орындарына берген атауы. Түркияда хавра деп айтылады. Синагогада шиыршықталып оралған қолжазба болып табылатын Таурат орамдары сақталған «Арон ха Кодеш» деп аталатын Иерусалиге қараған жағында қасиетті бөлме бар.
Синагогаларда иудейлердің діні мен ұлттық рәміздерінің бірі – жеті тармақты шырағдан (Менора) орналасқан. Олардың тағы бір символы – Дәуіт патшаның мөрі ретінде қабылданған «Маген Давид» деп аталатын алты бұрышты жұлдыз. Құлшылық кезінде ең маңызды сәт Таурат орамдарының түйіншектерден шығарылуы және оның раввин тарапынан оқылуы. Синагогада иудейлер иврит тілінде дауыстап Таураттың бөлімдерін оқиды. Иудейлерде құлшылық тек синагогада ғана емес, үйлерде де орындала береді. Үйдегі кіре беріс есіктің жақтауында «Мезуза» деген ұзын мұржаға шиыршықталып оралған Таураттың қысқаша үзінділері жазулы тұрады. Үйге кіріп шыққанда иудейлер Мезузаға қолын тигізіп, саусақтарын сүйеді. Құлшылықты Иерусалимге қарап орындайды. Мұны «мизрах» яғни шығыс тұсы деп атайды. Басына шағын тақия киіп, үстіне бір шапан іліп алады. Әйелдер құлшылыққа қатыса алмайды. Дегенмен бастарына жаулық киіп құлшылықты көрулеріне болады.
Иудаизмдегі ғибадат Ислам дініндегі мешітте шын ықыласпен әрі белгілі бір тәртіппен орындалатын құлшылыққа ұқсамайды. Иудей құлшылықтарында белгілі бір жүйе, тәртіп жоқ. Әркім қалағанынша діни жырларға қатыса алады немесе қасындағылармен сұхбат құрады. Синагога ішінде жамағат ары-бері сенделіп жүреді, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрады, оқылып жатқан дұғаларға құлақ асып отырғандар өте аз, көбісі тыңдамайды да. Олардың ойынша синагога – құлшылық қылатын орыннан гөрі жиналыс орны сияқты. Діни ән-жырлар иудей құлшылығының басты негізін құрайды.
Иудаизмде иләһи өлең және дұғаларда Барухтың өлеңі мен Шема Исраел Дұғасы ең жақсы үлгі болады. Барухтың өлеңі: Шүкір ет! Тәңірге, Аты Ұлы болғанға шүкір ет. Шүкір ет! Әрине Тәңірге шүкір ет! Аты Ұлы болғанға;
Бүгін де, мәңгілікке де.
Ежелден яхудилер діндеріне беріктігі мен имандарын Шема Исраел Дұғасы арқылы жеткізетін.
Тыңда (құлақ ас) Исраел,
Ол біздің Тәңіріміз, Ол жалғыз;
Ол үшін сүй,
Оны, сенің Тәңіріңді,
Шынайы жүрекпен, бүкіл жан-дүниеңмен, барлық күш-қайратыңмен...
Өте ұзын бұл дұғаны яхудилер, туылғанынан өлгенге дейінгі өмірінде әрдайым қайталайды. Діндар яхудилердің өмірінде дұға ең маңызды рол атқарады.
Яхудилерде құлшылық күнделікті және апталық болып екіге бөлінеді. Күнделікті құлшылық; таңертең, түсте және ақшам уақытында жасалады. Апталық құлшылық сенбі күні Синагогада болады.
Таңертең діни салтта бір дұға (Таллит) оқылады. Киімнің ішінен киілетін кішкентай мата бөлігі (арба канфот) мұның орнына қолданыла береді. Шабаттан (сенбі) басқа күндерде таңертең діни салттарында екі дұға белдікке байланады. Бұл белдіктердің ішінде қағазда Таураттың шығу және тәсния бөлімдерінен (115) екі-екіден жазылған бір құты тағылады. Дұғалардың ең маңыздысы саналатын 16-сы аяқта тұрғанда, басқалары оқып жатқанда, тізерлеп, денені шайқалтып, сәжде секілді әрекеттер жасалады. Дұға жасап жатқанда салт-дәстүрді ұстанатын яхудилерде арнайы киіну әдісі бар.
Күніне үш рет жасалатын күнделікті құлшылық, 13 жасына толған кем дегенде он кісімен орындалады. Және осыны дұрыс деп санайды. Мәжбүр болған жағдайда адам өз басына дұға жасай алады.
Апталық сенбі күнгі құлшылығы (Шабат, Сәбт) жұма күні кешке күннің батуымен басталып, сенбі күні кешке аяқталады. Бұл құлшылық синагогада орындалады. Ол күні от жағуға, жұмыс істеуге, тіпті көлік қолдануға да тыйым салынған. Иудей сенімі бойынша Тәңір әлемді алты күнде жаратып, жетінші күн демалған. Осы себептен еврейлер жетінші күні болатын сенбі күнін демалу мен құлшылыққа арнаған. Сенбі күні оларда ресми демалыс күні болып саналады.
Синагога Исламдағы мешіттер іспеттес, көпшілікпен құлшылық жасалатын орын. Синагогада жамағатпен құлшылықта тек балиғат жасына жеткен (он үш) кем дегенде он ер кісі болуы тиіс. Бұған «Минян» дейді. Құлшылықты раввиндер немесе жамағаттың бірі жүргізеді. Синагогалардың өзіндік белгілі бір архитектуралық стилі жоқ. Климатқа және мәдениеттерге қарай формасы әр түрлі боп келеді. Бірақ барлық синагогаларда міндетті түрде үш элемент кездеседі. Олар: Арон Ха-Кодеш, Нер Ха-Тамид және Тева. Арон Хе-Кодеш – Таурат орамдары сақталған орын, ғибадатханадағы «михрапқа» ұқсас қызмет атқарады, ол кіре беріс есіктің қарсы бетінде орналасқан, үстіңгі жағы сапалы матадан тоқылған. Иудей арыстаны саналған арыстан суреттері, жеті тармақты шырағдан (Менора), алтыбұрышты Дәуіт жұлдызшасы (Маген Давид) және әр түрлі ивритше жазулармен безендірілген жапқышпен жабылған.
Синагогалар – қасиетті орын. Ондай орындарда мүсінге ұқсаған нәрселер қойылмайды. Өйткені ондай мүсіндер бар жерде құлшылық етуге қатаң тыйым салынады. Синагогаға қарапайым, тақуалыққа тән киіммен келу керек әрі басын жауып кіру шарт. Бас киімсіз Синагогаға кіру ол жердің қасиеттілігіне және Тәңірге құрметсіздік көрсеткен болып саналады. Осы себепті иудей ерлері бастарына «кипа» делінген тақияға ұқсас бас киімін киеді. Әйелдер бастарын жауып жүреді. Синагогада құлшылық болып жатқанда ерлер мен әйелдер бөлек отырады. Әйелдер үшін арт жақта, мешіттердегі «махфилге» ұқсас бөлек орын дайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет