Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет39/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
Діндер тарихы

ә. Реформистік иудаизм:


Реформистік иудаизм XIX ғасырдың бас кезінде неміс иудейлері арасында тарады. Оның авторлары Абраам Гейгер және Мосес Менделсон. Реформистік иудейлер қазіргі таңда Америка иудейлерінің 40%- ын құрайды. Израйльде 5-6 мыңдай реформист иудейлер бар.
Реформист иудейлер ортодоксальдық көзқарастарды қабылдамайды. 1885 Питтсбургт Платформасында алған ұйғарымдарында ортадоксалдық сенімдерді қабылдамайтын болды. Оның орнына мына төмендегі пікірлерді құптайды:
Иудей діні ең ұлы Тәңірдің пікір-ойын ұсынады.
Реформа денемен тірілуді, сонымен қоса жаһаннамдағы тартатын жаза мен жәннаттағы игілікті бүтінімен мойындамайды.
Реформа бұдан әрі Иса Мәсіхтің оралатынын күтіп отырмайды.
Иудейлердің Палестинаға оралу мәселесі тексерілмейді.
Иудейлік бір халық емес, бір жамағат.
Израйль бір тәңірлік доктринасын насихаттаған барлық діндер мен сенімдерге құрметпен қарайды.
Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету иудейлердің міндеті.
Ескі иудей шариғатының тек қана қазіргі заманымызға сай келетіндері қабыл етіледі. Жеп-ішу, киіну, салттық тазалыққа қатысты діни құралдар күшін жойды.
Иудейлік әрдайым дамып отыратын дін. Өткенінен байланысын жоғалтпайды, алайды Танах пен Талмұтқа байланып қалмайды.
Иудаизм мен ғылым ешуақытта да бір-біріне қайшы келмейді. Киелі Кітаптағы мұғжиза және басқа да оқиғалар бұрынғылардың салт-дәстүрінен басқа ештеңе емес.
Бұл принциптер кейбір дүмпулердің себебімен 1937 жылы белгілі бөлімдері өзгертілді. Қазіргі таңда реформистік иудаизм зайырлы иудаизмге айналды. Иудейлікке тек мәдени бір факт ретінде қарайды. Танахтың иләһи екендігі қазіргі таңға ықпалы талқылануы керек. Шабат, кашер ережелеріне мән берілмейді. Синагогта әйелдер мен ерлер бірге отыра береді. Синогогтарда әйелдер де поп қызметін алып, діни рәсімдерді жүргізеді. Синагогта басқа кипа кию міндетті емес. Басқа ұлттарға үйленуге болады. Иудейлікке кіруге ешқандай шектеу жоқ. Басқа дін мен сенімдерге құрметпен қарайды. Бұлардың көзқарасы бойынша дінге жаңадан өзгеріс енгізуге болады. Синагогтарда діни рәсімдер азайтылған, әнге орын берген. Сенбі тыйымдарының кейбірі күшін жойған. Талмұтты және Мәсіхшылдықты қабыл етпейді. Реформистік иудаизм осындай қатаң реформаларының салдарынан қазіргі кезде үлкен дағдарысты бастан кешіруде. Оларды яхуди ретінде қабыл етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет