Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет40/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126
Діндер тарихы

б. Фундаменталистік иудаизм:


Фундаменталистік иудаизм реформистік иудаизмге қарсы күресуші ретінде пайда болған ағым. Реформалық өзгерістерден кейін кейбір раввиндер 1885 жылғы Питтсбург платформасынан алынған қарарларға барынша қарсы шықты. Бұлардың басында Исаак Бермайс және Зажхариа Франклен болып қарсы болған поптар басқа топ құрды. Бұл топқа фундаменталистік иудаизм аты берілген. Қазіргі таңдағы консервативтік иудаизмге асыл сипатын қайтарған адам Соломон Шаттер болып табылады. Бұлар Америкадағы реформистік иудаизмнен кейінгі екінші үлкен ағым саналады. Израйльде ортодоксальды ағымнан кейін екінші кезекте тұрады.
Бастапқы ортаға шыққан уақытта фундаменталистік иудаизмді, ортадоксальдыдан айыру мүмкін емес еді. Синагогтарда ортадоксальдық Сиддур дұға кітабын қолданатын. Әйелдер, ерлер бөлек отыратын. Ерекшелігі құлшылықтың ивритше емес ағылшынша болуында. Консервативтік иудаизм болмысы ретінде ортадоксаль иудаизмнің Америкалық түрі еді. Кейіннен реформист пен ортадоксальды иудаизм арасында ортақ бір жол тапты. Қазіргі кезде консервативтік иудаизм көне иудей шариғатын мойындайды, бірақ оны да өзгертуге болады дейді. Әйелдердің «миньян» деп аталатын он кісілік жамағатқа қатысуына болады. Шабат ережелерін орындауда ортадоксальдықтардай өте мән беріп қарамайды. Басқа ұлттарға үйленуге болмайды. Иудаизмге кіру мәселесіне ортадоксальдықтар сияқты мұқият қарайды. Реформисттерге қарсы яхуди анадан туылмаған баланы яхуди қабыл етпейді.
Консервативтік иудаизмның ең басты ерекшелігі– олардың сионист екендігі. Соломон Шаттер «католик сионист исрайыл» теориясын ортаға қойған адам.

в. Жаңашыл (Reconstructionist) иудаизм:


Қайта құру әрекетін 1983 жылы 102 жасында өлген Америкалық иудей Мордежай Менахем Каплан құрған. Каплан консервативтік иудаизмде көп болған. Ол ұзақ уақыт бойы консервативтік иудаизмнің академиясы «Еврей теологиялық семинарларында» қызмет еткен. Кейіннен ол консервативтік иудаизмнің ортаға шығу мақсаты қайшы деген себептермен ол топтан бөлініп, 1968 жылы өз тобын құрды. Бұл топтың аты «Қайта құрушылар» деп аталған. Қазіргі таңда кейбірі қайта құрушылардың әрекетін фундаменталистіктің оң қанат бөлігі деп анықтама береді.
Мордежай Менахем Каплан танымал яхуди ойшылы және философы. Оның пікірлері реформист, фундаменталистік және тіпті осы заманғы ортадоксальдарға да ықпал еткен. Оның «Өркениет ретінде иудаизм» атты еңбегі яхуди әлемінде қабыл етілген. Каплан Иудаизмді яхуди халқының мәдени бағасы ретінде қарайды. Иудей дінінің бүгінге дейін келуі иләһи болғандығынан емес, мәдени құндылығында жатыр дейді. Олардың көзқарасы бойынша яхуди заңының сақталуы тиіс. Өйткені бұлар, еврейлердің драмалық жағдайда халық болуының көрінісі. Басқа яхуди мәзһәбтарының ғибадат кітаптарындағы «таңдаулы халық» сенімін Каплан өзінің ғибадат кітабында жазбаған. Оның ойынша яхудилер де басқа халықтар сияқты. Тәңір яхудилерді емес, яхудилер Тәңірді таңдаған. Осы себепті «таңдалған халық» сенімінің ешқандай мағынасы жоқ. Ол сионизмді де ұстанады.
Капланның пікірлерінің саясында пайда болған реформаторлық әрекетінің сенімдері реформист яхудилердікіне жақын. Өлімнен кейін қайта тірілу мен ақыретті қабыл етпейді. Бұл әрекет Таураттың Тәңір уахиі емес, исрайылұлдарының тарих бойы қалыптастырған еңбек екендігін алға тартады. Мәсіхшілдікті қабыл етпейді. Реформист және консервативтіктердегі секілді синагогта әйелдер мен ерлер бірге отыра береді. Әйелдер раввин бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет