«Ортодокс» тура көзқарас және сенім деген мағынаны білдіреді. 1054 жылы Батыс-Шығыс болып бөлінгеннен кейін Византия ортодоксальды христиан дінінің орталығы болды. Бір-бірімен сенім мен рәсімдер жағынан ортақ нәрселері болғанындай біршама ортадоксальды шіркеулер Византияға қарайтын. 1453 жылдан кейін Ресей ортадоксальды шіркеуімен Стамбұл ортадоксальды патриархы арасында пікірталастар жүрді. Алайда 1917 жылдағы Ресей төңкерісінен кейін тоқтатылды. Ресей ортадоксаль шіркеуі патриархы болып атала бастады.
Ортодокс әлемінде үлкен төрт патриархтық бар. Олар: Стамбул, Александрия, Антиохия және Иерусалим. Шіркеулердың басым көпшілігі осы төрт патриархқа бағынады. Бірақ дербес немесе жартылай тәуелсіз шіркеулер де бар. Монофизиттік шіркеулермен қатар, жоғарыда аталған шіркеулер бірден-бір «Шығыс шіркеулері» болып табылады. Стамбул патриархы Фенер немесе Рим ортодоксалды патриархы деп те аталады.
Ортодоксальды ағымның ерекшеліктері және католиктер мен басқа да христиандық ағымдардың бір-бірінен айырмашылықтары жалпы мынадай:
Рухани басшылары Патриарх.
Папаның үстемдігін, Исаның өкілі екендігін, қателеспейтіндігін мойындамайды. Киелі Рухтың Ұл арқылы Әкеден келгеніне сенеді.
Алғашқы жеті мәжілісті және оның шешімдерін мойындайды, бірақ кейінгі мәжілістерді де, шешімдерін де қабылдамайды.
Икондарды молынан қолданады, оған құрмет көрсетеді. (икон: Исаны, Мариямды және қасиетті әулиелерді бейнелейтін ерекше тәртіппен салынған шіркеулер мен үйлердегі суреттер).
Құлшылық әр елдің тіліне қарай орындалады.
Крестерінің тармақтары бірдей болады. Солдан оңға қарай шоқынады.
Евхаристия діни құлшылығында нанға ашытқы, шарапқа су қосады.
Қуаттандыру шомылдыру рәсімінен кейін артынша орындалады.
Поптар үйлене алады. Монахтар, епископтар және патриархтарға үйленуге болмайды. Ерлі-зайыптылардың ажырасуы кейбір шарттарға қарай жүзеге асырылады.
Тозаққа не жаннатқа бармаған адам аралық мекенде қысқа уақыт қана күте тұрады. Күнәһар адам күнәсінің дәрежесіне қарай айыппұлын өтеп қателігінен құтыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |