6. Монахтың қасиеттеу рәсімі (Orde, Ordo): Шіркеу иерархының үш жоғарғы дәрежесінде болған дьякон, поп және епископтардың қасиеттелуі рәсімі. Бұл жоралғылар қасиеттеу рәсімі үшін жасалады. Қасиеттеу рәсімін епископ орындайды.
7. Неке (Mariage): Католик шіркеуі бойынша неке дегеніміз – Иса мен шіркеу арасындағы рухани байланыстың символы әрі қасиетті сакраментке жатады. Діни жоралғы ретінде үйленіп, отбасын құру екі жастың бір-бірінің өзара келісімін алып, оның шіркеу тарапынан бекітілуі және екі жұптың шіркеуде қасиетті мызғымас байланыс орнатуы болып табылады. Католик және армян шіркеулері ажырасуға мүлдем рұқсат етпейді. Православие шіркеулері ажырасуға белгілі бір шарттарға сай рұқсат береді.
Христиандар арасында сенім, діни құлшылық секілді мәселелер төңірегіндегі келіспеушіліктер алғашқы ғасырлардан-ақ басталғандықтан және Қадыкөй мәжілісінен кейін шындап бөлінушілікке ұшырады. Бұл бөліну процесінде пайда болған басты ағымдарды былайша тізіп беруге болады: католик, православия, протестандық және монофизиттік ағымдар.
Католик христиан әлемінде ең көп ұстанушылары бар ағымға жатады. Бұл ағым Хз. Исаның ізбасары Петірден бастау алады. Рухани басшысы – Папа. Папа бүгінгі таңда Ватикан мемлекетінің де басшысы. Папаны кардиналдар сайлайды. Иерархияда епископтар және монахтар кардиналдардан кейін тұрады. Бұл ағымның басты-басты ерекшеліктері мынадай:
Діни басшы – Папа. Папа – Исаның ізбасары, Петірдің мирасқоры.
Папа кателікке ұрынбайды, жаза баспайды. Рим – өзге де шіркеулердің рухани орталығы және ол барлығынан беделі жоғары.
Шіркеу әлемдік болып табылады (католик сөзі – әлемдік дегенді білдіреді.); одан басқа құтылар жол жоқ. Шіркеу Киелі рух тарапынан басқарылады. Інжілдердің құпия-сырын шіркеу ғана шеше алады.
Киелі рух Әке мен Ұлдан пайда болады.
Исаның бойында тәңірлік және адамдық екі түрлі табиғат бар.
Әдет-ғұрыпқа тыйым салынбайды.
Иса сияқты Мәриям да күнәдан пәк. Бойға біткен басты күнәдан аулақ. Мәриям Құдай тағаланың қасында адамдарға шапағат етеді. Ол қазір көкте (197).
Әулиелер де Тәңірдің алдында шапағат етеді. Олардың суреттері мен қасиетті аманаттарына кұрмет көрсетіледі. Аттарына күн сайын салтанатты рәсім ұйымдастырылады.
Адам басты күнәні бойында арқалап жүреді. Адамның күнә жасауы табиғи нәрсе. Күнәға бір табан жақындау. Ең маңыздысы күнәдан арылу. Бұл, күнәдан арылу бөлмесінде попқа күнәні мойындау арқылы орындалу керек. Балиғат жасына жеткен әрбір христиан жылына ең кемі бір мәрте күнәдан арылып тұруы 1215 жылы Латеран мәжілісінде қабылданды.
Сакраменттер – жетеу. Монахтар қауымы үйленбейді. Шіркеуде қиылмаған неке – некеге жатпайды. Ажырасқаннан кейінгі жерде басқа біреумен үйлену зинақорлық (некесіз қатынас) саналады. Шомылдыру рәсімі сумен орындалады. Аталмыш рәсімнен өтпей тұрып өлген адам мәңгілік тозаққа кіретін болады. Евхаристия діни рәсімінде нанға ашытқы салынбайды.
Жиырма бір мәжілісті және оның шешімдерін қабылдайды.
Жұма күні ет және майлы тағамдар жемейді. Тұншығып немесе қылқынып өлген жануардың еті мен қанын адал санайды.
Ақыреттегі әділетті сотты, пейіш-тозақты және аралық мекенді (жаннат не тозаққа бармаған адамдар жиналатын мекен) мойындайды.
Құлшылық тілі – латын тілі. (1965 жылы ІІ Ватикан мәжілісінде әр түрлі тілдерде орындауға рұқат берілді).
Достарыңызбен бөлісу: |