Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет63/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126
Діндер тарихы

б. Протестант ағымы


«Протестант» сөзі – көтерілісші, қарсы шығушы деген мағынаны білдіреді. XVI ғасырда Мартин Лютер (1489-1546 ж.ж.) Рим католик шіркеуінің күнәні кешіру билігіне, оны оңай табыс көзіне айналдыруына, Киелі кітаптың құпия-жорамалдары мен діни үкімдерін өз мүдделеріне қарай орайластыруға, құлшылықтың латын тілінде орындалуына қарсы шықты. Олардың бұл қарсылығы өз нәтижесін берді. Протестанттар да өз пікірлерін ақтап, қолдады. Осылайша дін жолындағы реформация басталды. Соның нәтижесінде әр түрлі протестандық шіркеулер құрыла бастады. Араларында кейбір айырмашылықтары болмаса, протестандық ағымдардың бір-бірімен ортақ ерекшеліктері бар. Протестанттардың басқалардан бөлектеп тұратын ерекшеліктер мыналар:
1. Папаның билігін және ол мүлдем қателеспейді деген көзқарасты мойындамайды. Христиан дінін ұстанатын адамдардың барлығы бірдей тең құқылы.
2. Шіркеу Киелі кітапқа жорамалмен тәпсір жасай алмайды. Әрбір христиан Киелі кітапқа өзінше түсінік бере алады.
3. Сакраменттердің алғашқы екеуін (шомылдыру рәсімі және нан мен шарап діни құлшылығы) қабыл етеді.
4. Шіркеулерде суреттер мен мүсіндер қойылмайды.
5. Англикан шіркеуінен басқалары айқыш қолданбайды, шоқынбайды.
6.Құлшылық пен діни жоралғылар ана тілдерінде орындалады. Уағыз-насихаттарды құлшылықтың бір тармағы ретінде санайды.
7 Аралық мекенді (жаннатқа да, тозаққа да жатпайтын жер) және мәңгілік жазаны мойындамайды.
8. Мәриям ана туралы көзқарастары өзге ағымдарға қарағанда мүлдем басқа, оған онша маңыз бермейді.
9. Үштік сенім барлық протестанттарда да бар. Бұл жөнінде басқа христиан шіркеулерінен айырмашылығы жоқ.
10 Әулие-әнбиелерді қабыл етпейді. Әулиелер үшін шіркеулерде арнайы діни жоралғылар жасамайды.
11. Протестанттық шіркеулер: лютерандық, англикан, реформистік шіркеулер сияқты тармақтарға бөлінеді, сонымен қатар методистік, конгрегасионалистік сияқты тәуелсіз шіркеулер де бар.

Бөлім сұрақтары:
1-Христиан сөзінің мағынасы не?
2-Төрт үлкен Інжіл кітаптар қайсылар?
3-Павел неліктен христиандар үшін маңызды?
4-Христиандардың орталық шіркеулері қай жерде?
5-Хз. Иса қай қауымға пайғамбар болып келді?
6-Яхудилер неліктен Хз. Исаны қабыл етпеген?
7. Протестант мәзһәбы қалай пайда болды?
8. Базар күн христиандар үшін неліктен маңызды?
9. Құран Кәрім христиандықты мойындай ма?
10. Христиандықтың бұрмалану себебі қайсылар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет