Конфуций көне қытай жазбаларының барлығымен таныс болды. Оның мақсат-мұраты – әлеуметтік өмір, салтанатты жиындар, ел басқару туралы мағлұматтарды жинақтау, моральдық-этиканың және салт-дәстүрлердің үзілмей жалғасуын қамтамасыз ету, сөйтіп ата-бабалар культіне негізделген қытай мәдениетін қалыптастыру еді. Осылайша Конфуций мен оның шәкірттері ежелгі қытай философтары мен данышпандарының жазып қалдырған баға жетпес құнды дүниелерін жинақтап, оларға түсініктеме жазды. Конфуцийге шынайы берілген және одан әдебиет, тарих, философия дәрістерін алған шәкірттері өлімінен кейін оның сөздерін жинастырды.
Конфуцизмнің қасиетті кітаптарын құрайтын екі коллекция бар еді. Олар: Бес классикалық кітап (Воу Кинг) және Төрт кітап (Се Чоу).
Бес классикалық кітап:
Реформалар кітабы (Йи Кинг): Мистикалық және метафизикалық құбылыстар.
Тарих кітабы (Шу Кинг): Маңызды құжаттары және тарихи мәліметтері.
Өлең-жырлар кітабы (Ши Кинг): 305 әр түрлі өлеңдер.
Рәсімдер кітабы (Ли Кинг): Діни жоралғылар мен рәсімдерге қатысты естеліктері (этика, әдеп).
Көктем мен күз жылнамалары (Кун Киу): Көктем мен күзге байланысты күнделікті жазылып отырған оқиғалар қамтылған.
Төрт кітап: ХІ ғасырда Сунг ақсүйектер әулеті кезінде топтастырылған бұл коллекция ел басқарушы топтың тәрбиелік негізін құрады. Қызметке алыну үшін жасалған емтихандарда ел билеушілері осы кітаптарды пайдаланып отырды. Аталмыш төрт кітап мыналар: 1. Конфуцийдің айтқан нақыл сөздері (Лунь Ю). 2. Менсиустың сөздері (Монг Це). 3. Орта жол доктринасы (Чонг Ионг). 4. Үлкен дерек-мәлімет (Та Хио).
3. Конфцуизмдегі тәңірге сенім
Конфуцийдің өсиеттері Қытайдың ұлттық дініне айналуы – ұзақ уақыт даму кезеңінің нәтижесі. Конфуций өзіне «діннің негізін қалаушы» деген атақ бермеген-ді. Осыған қарамастан, оның доктринасы кейіннен дін ретінде қабылдана бастады. Оның басты мұраты – елдегі шиеленіскен саяси жағдайды реттеу үшін ескі салтанатты рәсімдерді қайта қалпына келтіру болды. Сол ғасырлардан бастап үкімін жүргізіп келген ұлттық діни дәстүрлерді қайта жандандырды.
Конфуцизм Конфуцийден бастау алатын, Қытайға тән наным-сенімдер мен діни ғұрыптардан тұратын дін. Қытайдың діни тарихында қай кезеңде болмасын, Ұлы Тәңір – Көк Тәңір туралы түсінікті кездестіруге болады. Мұны «тиен» деп атады. Аталмыш Көк тәңірі Тиен – аса жоғары Тәңір, Көктің қожайыны. Одан төменірек көрінбейтін жаратылыс әлемі, әуедегі жын-перілер, бұлттағы, судағы және таудағы жындар мен ата-бабалар аруақтары тұрады.
Конфуций адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығымен қоса, өмір және өлім құбылыстарының, атақ-абыройдың бәрі көктен келгенін айтады. Шанг-Ти деп аталған Ұлы болмысқа сенім онда да жалғасын тапқан. Бірақ ол бұл Ұлы болмысты түсіндіруде әуелгіде қолданылып жүрген «Тиен» сөзін таңдап алды. Оның пайымдауынша, «Тиен» сол уақыттағы түсінік бойынша көктегі жаман үкім берушілерді жазаландыратын, жаңадан ақсүйектер тобын құрушы және таралғылар беретін аталарға қойылған ат емес. Тиен - Ұлы болмыс табиғаттың жүйелі тәртібін басқарады, барлығынан биік тұратын болмыс – Жаратқан Құдіретті еді, бұл жайындағы тағы бір сөз Дао. Дао адамның жүретін тура жолы, яғни моральдық-этикалық принциптер. Конфуций өзін қорғайды және қызметке тағайындайды деп есептеген Ұлы болмысқа жан-тәнімен сенді. Оның пікірінше, ұлы билеуші болған Тәңірі – құрмет пен құлшылық етуге әбден лайықты зат. Әлемнің жүйелі заңдылығын орнатқан – Сол.
Конфуцийліктің белгілі сенім жүйесі, діни тобы жоқ, бірақ құрушысы, Тәңір түсінігі және қасиетті мәтіндері бар. Конфуцизмде, Тәңір әлсіз адамдарды қорғау үшін билеушілер «Тәңір жолында» жәрдемші болсын және өлкенің әрбір жерінде тыныштықты сақтасын деп оқытушылар жіберген. Ол Ұлы, жердегі адамдарға үкім беруші және жамандар көбейсе де үкімі мейірімділікпен болмайды, өлу мен тірілу, абырой байлық та Тәңірдің билігінде. Тәңір әрбір нәрсені толық көреді және барлық істерде адамдармен бірге.
Достарыңызбен бөлісу: |