Лао-Цзыдан кейін даоцизм деп аталған сенім жүйесі, түрлі дін мен мәдениеттің ықпалымен бір жүйеге түсті. Түрлі мектептер пайда болып және түрлі ағымдар дүниеге келді.
Даоцизмнен тараған бағыттар мыналар:
1. Мистикалық бағыт: Өкілдері Чуанг-Цзы және Лиеһ-Цзы (Б.э.д. ІV ғасыр). Екі философ та осы бағыттарға арнап кітаптар жазған. Чуанг-Цзы, Лао-Цзының ілімін ары қарай дамытып, жақсартқан. Ол да Дао сияқты жалпы табиғат заңдарына сенеді және әр нәрсенің мистикалық сезіммен, медитация жолымен түсінілетіндігін жақтайды. Чуанг-Цзы былай дейді: «Біз бұл заңды аша алмаймыз, бұған ақылымыз жетпейді. Оны тек қана сезімдерімізбен түсінеміз, сондықтан өзімізді басқа нәрселерден ажыратып және жүрегімізді тазалауымыз керек».
Лиеһ-Цзының бағыты, даоцизмнің кең тараған түрі. Ол әлемнің шексіз заңға сай әрекет ететіндігін қабыл етеді. Ол бойынша адамдар өздерін осы күшке бейімдесе, ешнәрсе істемей және рухын күшейтуді жалғастырса тағы да ұзақ өмір сүре алады.
2. Индивидуализм бағыты: Өкілі Янг Цзы (Б.э.д. ІV ғасыр). Даоцизмнен шығумен қатар оған жақындығы да ұзақтығы да бар. Шектен тыс тағдырды жақтайды. Бұл бағыт бойынша барлық нәрсе тағдырға байланысты және барлық нәрсені жүргізетін тағдыр. Философиясында Дао болмаған бұл бағыт тек қана адамның берекесі мен бақытын қарастырған. Көпшіліктің билігіне қатысты принциптер емес, жеке басын түзелту үшін қағидалар қойған.
3. Легалист бағыт: Бұл бағыттың өкілі Хан-Фей-Цзы, Ли Су, Шанг-Цзы. Бұл бағыттың көзқарастары б.э.д. ІІІ ғасырда жүзеге асқан. Бұл бағыт бойынша бұл дүниеде барлық нәрсе жұлдыздардың жолдары іспеттес, белгілі заңдарға сай әрекет етеді. Сол себепті бұл бағыт, мемлекеттің халықты өз жайына қалдыруын және заңдарға сай жасауын қорғайды.
4. Алхимик бағыт: Чианг Дао Лин (Б.э.-34) осы бағыттың жақтаушысы. Бұл діни және философиялық бағытқа қарағанда сиқырмен байланысы бар бағыт. Сиқыр және дуа үлкен орынға ие. Дуамен айналысатын бүгінгі даоцизм осы бағытпен байланыстырылады.
Б.э.д. 221 жылы Қытай Императорының даоцизмді өзіне мәңгілік өмір сыйлайтын дін ретінде қабыл еткендігі алға тартылады. Уақыт өте келе даоцизм, буддизм және жергілікті сенімдердің ықпалында қалған. Буддизм Қытайға келген уақытта даоистер, Қытайға келген бұл діннен өздерінің пікірлеріне ұқсас меселелер тапқан. Даоцизмге қатысты кейбір Тәңірлер, буддизмнің әсерімен тәріздерін өзгертті. Буддизмнің ең үлкен ықпалы даоцизмде монах жамағатының дамуында байқалады. Өйткені Лао-Цзының пікірлерінде бұған іспеттес жамағаттарға қатысты сөз кездеспейді.
Лао-Цзы, алғашқы орында тек қана тұлғаның азаттығын мақсат еткен сөздер айтқан. Б.э. І ғасырда Қытайда даоистік ұйым пайда болды, ұйымның Папа сияқты діни басшысы бар. Ол саяси күшке де ие. Бұл діннің дуа жасаушы монах ерлері мен монах әйелдері бар.
Буддизм және жергілікті сенімдердің ықпалының салдарынан ХІІ ғасырда «Шындықты дамыту» атымен реформаторлық қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыс монахтардың үйлерін тастап кетуі, ет жемеуі секілді қатаң қағидалар қойған.
Қытайда 1949 жылғы саяси қозғалысқа дейін екі үлкен даоист ағым болмысын сақтаған. «даоның тараған бірлігі» және «даоның жиналыс залы» деп аталатын бұл екі мектеп бойынша дао, адамның бөлігін құрайтын әлемдік энергия. Адам бұл энергияға мойынсұнып салауаттылық пен байлық, көп бала және тыныш өмірге қол жеткізіледі. Бұл ағымның ізбасарлары даомен байланыс құру үшін дуа, сиқыр және бойтұмармен айналысады. Түрлі діндерден бейнелеулер тағзым мен құрмет көрсетілген. 1957 жылы Пекинде «Қытай Даоистер Бірлігі» құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |