Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет77/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126
Діндер тарихы

3. Шаман


Дәстүрлі түркі дінінде шаманның маңызды орны бар, маңызды субьект болып саналады. Түркілерде діни рәсімдерді жүргізіп рухтармен байланыс құратындығына сенетін адамды «шаман» (монғолдарда бақсы) деп атайды. Шаман тунгус тіліндегі «шаман» сөзімен бір мағынада. Шаман сөзіне сүйене отырып түркілердің ежелгі діні шаманизм болған деп баға беру жаңсақ пікір. Қадірлі ғалым Түркияда алғаш діндер тарихы профессоры, алғаш рет түркілердің дінінің Көк Тәңірі-жалғыз Тәңір діні болғандығын қорғап шыққан марқұм Хикмет Танию, шаман сөзінің түркілерге жат екендігін, түркілердің шаманизм деген діндері болмағандығын, олай атаудың жаңсақтығын ортаға қойған. (Қараңыз Х. Танию, Турклерин дини тарихчеси, Истанбул 1978, 10-12; «Шаманлык вейа Шаманизм», Турк Ансиклопедиси ХХХ/203-205). Өйткені шаман, дінде тек қана бір қызметші, екіншіден дінде дін адамына қарап ол дінге ат берілмейді (христиандыққа поп діні, иудаизмге раввин діні деп аталмайтындығы сияқты). Айрықша Ресей патшалығы кезінде түркі тайпаларынан бір топ, Ресей патшасына барып діндерінің шаман діні емес екендігін білдірген, батыс шығыстанушылары мен миссионерлердің берген бағаларын қабыл етпеген.
Қашқарлы Махмуд «шаман» сөзінің арабша «каһин» (сәуегей) сөзімен түсіндірген. Шаман сонымен қатар дәрігер және сиқыршы. Оның Тәңірлер мен адамдар арасында дәнекерлік жасауға қабілетті, таңдалған адам екендігіне сенеді. Ұлы Тәңірлер мен жаман рухтарға тек қана шаман діни рәсім өткізе алады.
Шаман, Тәңірлер тарапынан тағайындалғандығына, рухтар оның билігінде екендігіне, табиғаттағы кейбір сырларды білетіндігіне сенілетін, кең қиялдағы, мистикалық әрі табиғатынан ақын адам. Әсерлену кезінде рухының аспанға шарықтағанына немесе жер астына түскендігіне, шамандық құдіретінің өзінің басына келіп кемпірқосақ бейнесіне еніп басын, тәнін толтыратындығына сенеді. Сондықтан да шаманның дабылында кемпірқосақтың суреті бар.
Шамандық атадан балаға беріледі, үйрену арқылы қол жеткізетін нәрсе емес. Ешкім шаман болғысы келмейді. Тек қана аталардың рухтарының мәжбүрлеуімен шаман болуына тура келеді. Шаман үміткері, қария, тәжірибелі шаманның қасында тәрбиеленеді. Шамандар көбінесе ер адамдар, әйелдер сирек болады. Шаманның діни рәсім үшін шапаны, дабылы және шашақ пішінді киіз қалпағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет