Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Түркі халықтарының дәстүрлі діни сенімдері



бет75/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Діндер тарихы

1. Түркі халықтарының дәстүрлі діни сенімдері


Түркілер иудаизм, буддизм, манихеизм, зороастризм, христиандық және Исламды дін ретінде қабыл етпей тұрып, өз наным сенімдеріне қандай ат бергендігі нақты белгілі емес. Қалай айтсақ та «түркі халықтарының дәстүрлі діні» деген тақырыптағы сенім-нанымдарға әр қилы аттар берілді (Кейбір зерттеушілер шаманизм, кейбіреулері тоюнизм, енді біреулері біртәңірлі дін деген ат берді). Солардың ешбіреуі түркі халықтарының өзіндік діни сенімдерін толықтай қанағаттандыра алмады.
20-30 жыл бұрын-ақ түркі халықтарының дәстүрлі сенімдері шаманизм деп аталып келген-ді. Бірақ түркі халықтарының шаманизм деген діні де, басқа діндері де болмаған, сондай-ақ шаманизм толықтай діни феномен бола алмаған. Ол бір жол, бағыт болып табылады, оның түркілердің діни сенімдеріне онша қатысы жоқ.
Түркі халықтары шаманизм деп аталатын жолды да, анимизмге қатысты элементтерді де, тотемизмге байланысты кейбір ерекшеліктерді де ұстанды, бойына сіңірді, бірақ бұл аталған жайттар ешбір уақытта өз басына дін ретінде танылмады. Тек дәстүрлерде, діни сенімдер арасында өмір сүріп келді. Мұнымен қоса, түркі тайпаларына ортақ, бүгінде Сібір-Алтай түріктері арасында әлі де болса, белседілігін жоғалтпаған дәстүрлі діни сенімдер баршылық. Мұны түркілердің ұлттық сенімдері деуге де болады. Бұл ұлттық сенімдер басқа діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырағаны сияқты, басқа дін мен мәдениетке де ықпал етті.
Түркі халықтарының дәстүрлі діні – толеранттық дін болып табылады. Бұл діннің сенім негіздері жалғыз ғана тәңірге және оның еркі барлық нәрсеге жүріп тұратындығы туралы доктринаға құрылды. Сондықтан Исламды қабылдаған түркілер ескі діни сенімдеріне тән кейбір элементтерді ешбір өзгеріссіз жалғастыра берді. Ал кейбір мәселелерде шамалы ғана өзгерістер жасады. Исламға қайшы деп білгендерін жойып отырған немесе жаңа сипатқа ие етіп, ислами идеологияға сәйкестендірді. Ескі сенімдеріне тән элементтердің еш өзгеріссіз Исламды қабылдағаннан кейінгі жерде де жалғастырылуы – ескі сенімдердің Исламның түпкі идеясына сәйкес келетіндігінің бір дәлелі. Шынын айтқанда, түркілердің Исламды барлығы бірден және өз еріктерімен дін ретінде қабыл етулері осы негізбен байланыстырылады.
Барлық бұл білдірілген мәселелер бола тұра, саяхатшылардың түркілердің сенімдеріне қатысты айтқан мәліметтерінің арасында, тіпті бір саяхатшының берген мәліметтерінде қарама-қайшылықтар кезедеседі. Бірақ ортақ келісілген нәрсе және Орхон Ескерткіштерінде жазылған түркілердің жалғыз тәңірі, ұлы тәңір сенімін өзгеріске ұшыратпай әрі өмірлерінде жақсы іске асырулары. Бұдан бөлек сенім, құлшылық және өмірлеріндегі мәліметтер, саяхатшылардың назарына сүйенеді. Бұл зерттеулерде өлкелердің, топтардың, тайпалардың сауатты немесе надан топтардың ықпалы болуы керек. Мұны Түркияны толық білмейтін зерттеушілер қазіргі кезде жасаса, түрлі сенімдерді табулары мүмкін. Зиялының, оқығанның, наданның, халықтың, дін адамының, мешіттегілердің, сырттағылардың бір-бірінен бөлек сенімі мен түсінігі, тіпті іске асырулары болғандығын көреміз. Бұл тек қана біздің өлкеміз үшін ғана емес, барлығына қатысты.
Түркі халықтарының дәстүрлі діндерінде екі түсінік, екі тармақ бар. Олардың бірі – шаманизм, тотемизм және политеизмге тән элементтер сақталған «халық діні», ал екіншісі – шаманизм мен тотемизмге қайшы келетін, біртәңірлікті дәріптейтін «ресми діні». Бұл екі тармақтың өзара айырмашылығы болса да, бір-бірімен тіптен байланыссыз деуге болмайды. Біреуі тайпаның, екіншісі алпауыт мемлекеттердің өмір мұраттарына бағынып, дамып отырды. Мемлекет діні мен халық діні арасында кейбір айырмашылықтар болғанмен, екеуіне де ортақ наным-сенімдер мен элементтер бар. Өзара ортақ жақтары айырмашылықтарға қарағанда басымдау.
Қытайлық, византиялық, армениялық және сириялық дерек көздері түркі тайпаларының барлығында біртәңірлік, яғни Көк Тәңірі сенімі болғанын айғақтайды. Ғұндар, көк түріктер, ұйғырлар сияқты түркі мемлекеттерінде, түркі тайпаларының барлығында дерлік дін орталығында Көк Тәңірі (Ұлы Тәңір, Бір тәңір) сенімі бар. Көк Тәңірі сенімінің негіздерін Орхон жазбаларынан анықтауға болады. Орхон жазбаларында жиі ұшырасатын «Тенгри», кейде «Түрік Тенгрисі» деп те аталады және бір ғана «ұлттық тәңірі» ерекшелігіне ие болды.
Түркі диалектілік ерекшелігінде Тәңір; «Тәңгрі», «Тангара», «Тингир», «Көк Тенгриси» және осылардан тараған сөздермен білдіріледі. Көк/Аспан Тәңгірі терминіндегі Аспанның Тәңірдің сипаты ретінде, «Ұлы» мағынасында қолданылғандығы қабыл етілген. Сол себепті Көк Тәңірі «Ұлы Тәңір» дегенді білдіреді.
Түркі тайпаларының барлығында дерлік «Жаратушы тәңір» яғни Тенгриді кездестіруге болады. Тәнгри Б.э.д. ІІ ғасырда ғұндарда «Көктегі (Сәмәуи) Ұлы Тәңір» сипатымен танымал және осы сипатпен ұлықталады. Тәнгри немесе Тәңір сөзі Исламды қабыл еткен түркілер арасында Аллаһ сөзімен қатар қолданылып келген. Түркілер, Аллаһ және Тәңір сөзін бірге қатар қолданған. Орны келгенде Тәңір деген (Тәңір қонағы, Тәңір бұйрығы секілді) орны келгенде Аллаһ деген (азанында, дұғасында, кітабында, соғыста Аллаһ деген) (202).
Орхон ескерткіштерінде Тәңірдің барлық ұлы сипаттары жазылған, жазбалардағы түсіндірмелерде түркілердің сенген Тәңірі жалғыз, «аспанда», мәңгілік, ортағы және ұқсасы жоқ, өмір сыйлаушы, жаратушы, жан алушы, қалауына сай әрекет етуші, жәрдем беруші, жазалаушы, құлдың дұғасын қабыл етуші, қамқоршы және кешіруші, әр нәрсені өте жақсы білуші, адамдарға білім беруші және жол көрсетуші. Және осы тарихи мәліметтерде қағандарды таққа шығаратын және егемен мемлекет құруларын қамтамасыз ететін де Тәңір. Түркілерге қағандықты беретін де Сол. Тәңір (Тәнгри) түркі халқының өмірі мен тәуелсіздігімен айналысқан Білге Қаған, Күл Тегін Қағанды таққа отырғызған да, табысқа жеткізген де, Тоныкөкке табыс сыйлаған да Көк Тәңірі. Түркілерді жеңіске жеткізетін де, қалауына мойынсұнбағандарды жазаландыратын да Ол.
Жоғарыда аспанның, төменде жердің, ортада адам баласының жаратылғанына сенілген. Бұл сенім Орхон ескерткіштерінде орын алған.
Түркілер ежелден бері көк Тәңірі дініне және Бір Тәңірге сенген. Бұл сенімдер түркі қоғамдарында абыройдың сақталуында және тәртіптің пайда болуында маңызды рөл атқарады. Түркілердің бұл жалғыз Тәңір түсінігі қытайлықтарға да ықпал еткен. Қытайлықтардың жалғыз Тәңірді баяндау үшін қолданып жүрген «Тиен» сөзін түркілерден алғандықтары айтылуда (203).
Түркі мәдениетінде дін мен шынайы өмір, барлық уақытта бірге. Түркілер барлық ұлы сипаттарды теңеген Тәңірге және Оның қалауларына мойынсұнуда мұқияттылық танытқан. Әлем, аспан және жер сияқты, екі жазықтықтың құрамасы түрінде сипатталады. Аспан мен жер алғаш жаратылған кезде қатарлас болғандығына және аспанның жеті баспалдағы бар екендігіне сеніледі.
Жұлдызды бақылау ісі көп тараған. Ай кезеңдерін бақыт әкелетін, бақытсыздық әкелетін деп бағалайтын. Ай толғанда ешқандай іске кіріспеген. Айдың толғаны әскердің әрекетке көшуіне жақсы уақыт болып саналатын. Қамари айдың соңғы күндері, жаназа істері үшін ең қолайлы уақыт. Өйткені бұл күндер ақырзаманның болатындығын білдіріп, қайта тірілуді меңзеп тұрғандай.
Түркілерде ақырет сенімі бар. Адамның өлетіндігін, Тәңірдің белгіліген уақыты келгенде өлу үшін туылғандығы және тек Оның өлмейтіндігіне сенген. О дүниеде екінші өмірдің бар екендігі, жақсылық пен жамандықтарына байланысты есеп берілетіндігі, «Махшар күні» есеп алынуы үшін сот құрылатындығы және рухтардың бар екендігі қабыл етіледі.
Түркілерде өлім, қатаң және табиғаттан тыс жағдай, орындалуы міндетті құдайлық іс екендігі қабыл етіледі. Өлімді демнің таусылуы, жанның денеден шығып құс секілді ұшып кетуі деп түсінеді. Өлген адамдарды кебіндеп көму әдеті бар. Өмірден өткен аталар үшін ат, сиыр, уақ мал құрбан етіліп «ас» деп қонақтарға арнайы ас беріледі. Өлген адамның жағдайына қарай өлінің ақырет өмірі жайлы пікірлер айтылады. Өлім, ақырет және рәсімдерге қатысты түсінік және дәстүрлер өзгермей болмысын сақтаған. Қазіргі таңда бұл әдеттер мұсылман түркілердің бір бөлімінде сол күйі сақталып, енді біреулерінде кейбір өзгерістерге ұшыраған.
Түркілерде тозақ пен пейіш сенімі бар. Өмірден өткен кісі үшін шалынған құрбандықтар, өлінің пейішке бара жатқанда мінетін малдары ретінде қабыл етіледі. Жақсы рухтардың пейішке, жаман рухтардың тозаққа кіретіндігіне сенеді. Пейіш аспанның жоғары бір қабатында. Жақсы рухтар пейіште тұрып жатыр, Тәңір мен адам арасында шапағатшы болады. Адамның қасында екі періште бар. Бұл екеуі өмір бойы адамды әрдайым бақылап отырады. Оң жақ иықтағы Яайучи адамның жақсы іс-әрекеттерін, сол жақ иықтағы Көрмөс жаман әрекеттерін жазады. Адамның өлгеннен кейінгі іс-әрекеттеріне Яайучи мен Көрмөс куәгерлік етеді.
Түркілер жақсы мен жаман рухтардың бар екендігіне сенеді және аталарының рухтарына құрмет көрсетеді. Дәстүрлі түркі сенімдерінің арасында аталар культі, өлген аталарына құрмет, тағзым, берілгендік түркілерде маңызды орынға ие. Өлген аталар үшін құрбан шалынады. Бұл жағдайлар патриархаттық жанұяда отағасының сенімдерінің белгісі болып саналады. Аталар өлгеннен кейін де рухтарының көмегімен отбасы мүшелерін қорғайтындығына сенеді.
Түркілер, өмір сүріп отырған орталарының Тәңір тарапынан жаратылғандығына сенеді және қасиетті саналады. Жер-Су (Жер-Суб) жер бетінде өмір сүріп жатқан жақсы рухтардың жиынтығы, соңы жоқ жаратылыс және әдеміліктің қайнары. Бұлардың Тәңір тарапынан жіберілген қасиетті сыйлықтар екендігіне иланады. Жер-Су арқылы баяндалатын қасиеттілік, үлкен императорлықтар кезеңіне көз жүгіртер орынға айналған. Көк Түрік жазбаларында қасиетті Жер-Су термині әрі қорғаушы рухтарды, әрі отанды білдіреді. Қасиетті Жер-Судың түркілердің тағдырында зор ықпалы бар.
Түркілерде тау, өзен, көл, бұлақ, ағаш, орман және жартас культтері түркі жазбаларында Жер-Суб атымен жинақталған. Бұларға сену Жер-Су сенімдерінің бір бөлімін құрайды. Жер-Су рухтарының ең маңызды өкілі, таулар. Тау культі, Көк Тәңірге құлшылыққа қатысты жағдайға айналған. Түркілер таулардың Тәңірлердің орны екендігіне сенген. Биік таулардың аспанға жақын болуы осы сенімнің қайнары болып саналады. Сондықтан да әр тайпаның бір қасиетті тауы болған. Көк Тәңірге құрбандық осы тауларда шалынады. Өтүкен мен Тәңір тауының таулар арасындағы орны ерекше. Қасиетті саналатын тауларға жылдың белгілі уақытында зиярат етіліп, құрбандық шалынады (Мысал ретінде Көктүріктер әр жылы, бесінші айдың 10-20 күндерінің ішінде Алтын тауға шығып Тәңірге құлшылық ету арқылы қажылық жасаған) (204).
Түркілердің арасында су мен оттың маңызы ерекше. От отыннан, отын судан пайда болған. Су жетілдіруші, тұнық әрі таза. Судың молдығы ғұламалықтың, ақылдылықтың және күш-қуаттың символы. Суды ластауға тыйым салынған. От үлкен тазалаушы. Тазалығынан күмәнданылған нәрсе екі от арасынан өткізіліп тазаланады. «Ыстау» да тазалаудың бір түрі.
Ошақ, жанұяның тірегі және «табу» түсінігімен қорғалады. Ошақ, ошақты өшіру және күлдерін тарату ұлттың жоқ болуының белгісі. Судың қадірлі, оттың және ошақтың қасиетті саналуы қазіргі таңға дейін жеткен. Қазіргі таңда түркілер арасында жаман қарғыс «Ошағың сөнсін» болып саналады. Бұл қарғыс, әрі ұрпақтың бітуі әрі қасиеттіліктің жоқ болуы дегенді білдіреді. Сол себепті отқа судың құйылуы, жанып жатқан оттың өшірілуі жақсы деп есептелмейді. Қазіргі таңда от пен ошаққа қатысты тіркестер, мақалдар көп.
Түркілер, отқа құрмет көрсеткен және оттың адамды жамандықтардан қорғайтын ерекшелігі бар деп сенген. Оттың алауынан түрлі мағыналар шығарылған. Оттың алауының жасылдау болуы, жаңбырдың жаууының, егіннің жақсы және берекелі болуының, алаудың қызыл түсті болуы соғыстың, сары түсті болуы жұқпалы аурудың, қара түсті болуы қағанның өлімінің немесе ұзақ жол жүрудің белгісі болған.
Исламнан бұрын түркілерде адам дұшпаны және жасырын бір күш бейнеленген «тағдыр» сенімін кездестіреміз.
Қорыта айтар болса Исламнан бұрын дәстүрлі түркі діні дәстүрінде жалғыз Тәңір, ақырет, «хашр», пейіш, тозақ, періште, шайтан, рух, рухтың өлмейтіндігі және құрбан секілді сенімдер бар. Көңіл аударсақ бұл сенімдер, Исламның да бұйырғаны және сенілуі тиіс сенімдер. Бұл түркілердің не үшін бірдей және шынайылықпен мұсылман болғандығының, басқа діндерге көрсетпеген қызығушылығын Исламға көрсетуі, Исламның түркілердің 98 пайызын құрайтын басым көпшілігінің дініне айналғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет