Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет85/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Йога дегеніміз не?
2. Индуизмнің негізгі бес уақыты қайсылар?
3. Танасух дегеніміз не?
4. Брахма, Вишну және Шива қандай тәңірлер? Олардың қызметтері қайсылар?
5. Брахман дегеніміз кім?
6. Индуизмде құлшылық жалғыз орындала ма әлде жамағатпен бе?

11. БӨЛІМ

ДЖАЙНИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ


Үндістан – ұлыстар мен тілдері көп ел болуымен қатар, қазіргі кезде өмір сүріп жатқан бірқатар діндердің пайда болған жері. Б.з.д.VI ғасырда буддизм және джайнизм, ал б.з. XVI ғасырда сикхизм пайда болды. Индуизмдегі касталық жүйеге және брахман сыныбының беделіне қарсы шыққан діндерден буддизм әлемдік сипатқа, ал джайнизм мен сикхизм ұлттық ерекшелікке ие болды. Бұл соңғы екеуі (сикхизмдегі кейбір ережеден тыс нәрселерді бір шетке қоя тұрсақ) Үндістаннан сыртқа тарай қоймаған. Бұларға біршама тоқталамыз.
Үндістанда тараған джайнизм кейбір ғалымдардаң пікірінше, сектаға немесе тариқатқа жатады. Джайнистердің саны 3 миллионға жуық. Бұл діннің негізін қалаған – махавира (б.з.д. 599-527) деп танылса да, шындап келгенде джайнизм Парсвадан (б.з.д. VIII ғ.) бастау алатын өте ерте кезеңге тән. Парсваның доктринасын Махавира одан әрі жетілдіріп, бір жүйеге түсірді. Батыстық авторлар Махавираны бастапқы кезде аталмыш діннің негізін қалаған деп көрсетсе, ендігі жерде оны реформатор ретінде сипаттап жүр.

1. Махавираның өмірі


Бенаресте туылған Парсваға «Parsvanatha» (жеңімпаз) деген ат берілді. Парсва мына жалған дүниелік істерден бас тартып барлық нәрсенің сырын білгеннен кейін халыққа өзінің үгіт-насихатын уағыздай бастады. Ол жүз жасады. Өлгенге дейін айлар бойы диета ұстады. Парсва, Махавира мен Будданың өмірбаяндары арасында едәуір ұқсастықтардың бар екендігі байқалады. Бұлардың үшеуі де кшатрий (ханзадалар мен әскерлер) кастасына жатады.
Парсваның доктринасы мен жамағаты весалилік ханзада Вардхамана тарапынан жаңартылып жетілдірілді. Вардхамана отыз жасында үйін, бала-шағасын тастап кетіп, монахтың киімін киіп, монахтықтың бір белгісі ретінде бес тал шашын жұлды. Біраз уақыт өткен соң киімдерін шешіп, тыржалаңаш кезуді шығарды. Отыз ай сынақ жаттығудан кейін ең үлкен сынаққа аяқ басады; ол он үш жыл бойы нәпсісін аяусыз қинап, бір ағаштың түбінде терең ойға шомып отыра беретін әдет шығарды. Рух көші (самсара) шеңберінің түпнегізіне еніп кеткенше, азапқа толы дәруіштік өмір сүрді, ақырында рух көшінен құтылар жол табады. Сол себепті Вардхаманға «Ұлы қаһарман Махавира», жеңімпаз немесе «адами ашкөздіктен құтылған» дегенді білдіретін Жина аты берілді (Жина санскритше бір сөз, бір термин).
Джина (Джайна) өз доктринасын тектілер мен қарапайым халық арасында уағыздады. Ол өз уағыздарын қасиетті тіл саналған санскритше және жергілікті магадхи диалектісінде жүргізді. Маңайына түрлі касталардан адамдар жинап, үлкен жамағат құрды. Осы істі отыз жылдай жалғастырды. 72 жасында (б.э.д. 527 жылы) Бихарда дүниеден өтті. Тиртанкара (өткел жасаған, қайталап тұрған дүниеге келу шеңберінің селінен өткел тапқан, жол көрсеткен) ретінде Махавираға тағзым етілген. Оның Нирванаға жетуі джаинист күнтізбенің бастауы болған. Джаинизм аз уақыттың ішінде алдымен Махавираның мемлекеті Блхар-Ориссада, кейін б.э.д. ІІІ ғасырда бір қуаңшылық себебімен Үндістанның оңтүстігі мен батысына тараған. Бірақ бұл таралу монахтардың киіну мәселесіндегі тартыстарды және бөлінулерді де өзімен бірге ала келген.
Вардхаманы жақтайтындарды «джайнист» дейді. Бұл сөз Махавираны атайтын жеңімпаз мағынасындағы джина сипатынан тараған. Джинаның доктринасын «джайнизм» деп атады.
Махавираның (Джина) кезеңі мен мемлекеті Будданыкімен сабақтас. Олардың өмірі, наным-сенімдері және еңбектері арасында өте ұқсастықтар бар. Махавира Буддадан бұрын дүниеге келген. Бірақ ол Будданың доктринасы уағыздалған заманды көріп өтті. Екеуі де брахмандарға әрі олардың құлшылық ету тәсілдеріне қарсы шықты. Жалпы олар рух көші теориясын жақтады. Бұл екі әрекет брахмандардың беделіне деген қарсылық көрсету еді; көптәңірлікке, тым қатал касталық жүйеге және қанды құрбандықтарға қарсы реакция ретінде қалыптасты. Араларындағы айырмашылық джайнистердің тақуалыққа анағұрлым маңыз бөлулері және өз нәпсілерін азаптауда тым шектен шығушылыққа барулары еді. Дегенмен буддизм бұл мәселеге әлдеқайда түсіністікпен қарайды. Джайнистер сондай-ақ мүсіндерінде адамдарды толығымен жалаңаш етіп көрсетеді.
Джаинизм брахмандардың ықпалына және кейбір үнділік көзқарас жүйесіне қарсы шыққан болса да, үнді түсінігінің жалпы шеңберін және ғибадатхана рәсімдерінде брахмандардың ролін қабыл етеді. Ахимсаны (қиындыққа бармау, өлтірмеу) принцип ретінде алып, қандай болмасын жаратылысты өлтіруге тыйым салады. Сондықтан да егінмен айналыспайды, жұмыс істеуді таңдайды. Тамақтану тәртібі барынша қатаң. Тамақтанулар үшін аздаған жеміс пен көкөніс жеткілікті. Жақсы джаинист ішкен суын, дем алған ауасын сүзгіден өткізуі міндетті. Сондықтан әрдайым аузында мата байлап жүреді, кішкентай болсын жаратылысты өлтіріп алмауы үшін жүріп бара жатқанда алдын сыпырып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет