Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет79/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Түркі халқында өлілерді көму әдеті бар ма?
2. Түркі халқы Исламнан басқа қандай діндерді ұстанған?
3. Қандай ерекшеліктеріне байланысты Түркі халқы аз уақыттың ішінде мұсылман болды?
4. Ежелгі түркі сенімдерінің Исламға қандай ұқсас жақтары бар?
5. Түркілердің қандай мінез-құлық ерекшеліктері бар?
6. Ежелгі Түркі сенімдерінде құрбан сенімі бар ма?
7. Ежелгі Түркі сенімдерінде дұға қандай?
8. Қам деп кімдерді айтады?
9. Ежелгі Түркілерде Қағандар діни мейрамдарға қатысқан ба?
10. Қазіргі таңда ежелгі түркі халықтарының құлшылықтарын жалғастырып жүргендер бар ма?





10. БӨЛІМ

ИНДУИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ


Индуизм – Үнді түбегінде өмір сүріп жатқан халықтардың басым көпшілігі ұстанатын діни сенімі мен дәстүрлерін сипаттайтын сөз. Бұл сөз «Инд өзенінің жағалауында өмір сүретін» деген мағынадағы парсы тіліндегі бір сөзді пайдалана отырып батыстықтардың осы өлке халықтарының дінін сипаттау мақсатында айтылған. Ал үнділер өз діндерін «Санатана дхарма» яғни «ежелгі әрі мәңгілік дін» деп атайды.
Б.з.д. 1500 жылдары Шығыс Еуропа тауларынан келген арийлер Үндістанды жаулап алды. Олардың діни сенімдері мен дәстүрлерін қабылдап, жергілікті халықпен біте қайнасып, сіңсіп кетті. Жүздеген жылдар бойы тарихи даму процесі нәтижесінде Индуизм пайда болды. Бұл даму кезеңдерін бес дәуірге бөліп қарастыруға болады:
1. Ведалар дәуірі (шамамен б.з.д. 2000 немесе 1500-800 жылдар)
2. Упанишадтар дәуірі (б.з.д. 800-500/400 жылдар)
3. Классикалық дәуір (б.з.д. 500/400-б.з. 500 жылдар)
4. Ортағасырдағы теологиялық-философиялық дамып-жетілу дәуірі (Веданта)
5. Жаңа дәуір
Индуизм – ұлттық дін. Дүниежүзі халқының шамамен 12%-ы осы дінді ұстанады. Индуизмнің негізін салған адамы және айқын да анық сенім жүйесі жоқ, бірақ онда көлемді қасиетті кітаптар бар.

1. Қасиетті кітаптары


Индуизмнің қасиетті кітаптарының тілі – санскритше. Осы кітаптар колекциясының ең басында Ведалар маңызды орын алады. Веда гимндер жинағы деген мағынаны білдіреді. Үндістанның ең көне қасиетті жазбалары саналған Ведалар төртке бөлінеді:
1. Ригведа. 2. Самоведа. 3. Яджурведа. 4. Атхарведа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет