Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет99/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
Діндер тарихы

Дұға (намаз)


Сабииліктегі дұға дегеніміз ол – намаз. Дұға сабиилердің бүкіл өмірін қамтиды. Шомылдыру рәсімдерінде және құлшылықтардың қай-қайсысында болмасын, дұға оқылады.
Сабиилердің дұғасы ұлы тәңір Малка д Нхура мен оның әміріндегі жарық елшісі Манда д Хиия секілді болмыстарға арналады. Жарық болмыстар және ата рухтарынан басқа тіршілік иелеріне дұға етуге тыйым салынған. Сабии дұғалары «Ұлы Өмірдің Атымен» сөздерімен бастайды және «Өмір Ұлы», «Өмір ең жоғары» сөздерімен аяқталады.
Қазіргі таңдағы сабиилікте дұға, бөлек бір құлшылық түрі емес, басқа құлшылықтардың айнымас бір бөлшегі. Бірақ қасиетті мәтіндерде дұға, көрінісі құлшылық үкімінде. Өйткені, сабиилер жүйелі, күнделікті дұғаға (намазға) шақырылуда, күніне бес уақыт дұға етулері талап етіледі. Мұнымен қатар күніне 7 сағат және түннің үш уақытында көздердің Тәңірге бағытталуы, еріндердің Оған шүкіршілік етуі талап етіледі.
Сабиилер өзге ғибадаттары секілді дұғаларын солтүстікке қарап оқиды. Жарық патшасының орны солтүстік екендігіне сеніледі. Сондықтан да құбыла солтүстік деп біледі.

Құрбандық


Сабиилікте құрбандық діни-мерекелік тағамдардың бірі саналады. Құрбандық шалу дәстүрін жарық елшісі Хибил Зива әмір етіп, оны өзі бас болып орындаған деген сенім бар. Құрбандыққа жануарлар шалынады. Қошқарды немесе көгершінді құрбандыққа шалып, құлшылық рәсімі орындалады. Шалынатын құрбандықтың құлағына Ұлы тәңірдің аты, ізгілігі және құрбандық етінің адалдығы, оның денсаулыққа пайдалылығы айтылады.
Сабиилерде құрбан бір монах немесе оның жәрдемшісінің көмегімен іске асырылады. Құрбан рәсімінде 5 мәселеге мұқият болады. Бұлар мыналар: Құрбандықта темір пышақтың қолданылуы, құрбандық шалынып жатқанда монахтың қолында 15 см ұзындығында таяқ ұстауы, құрбан рәсімінен бұрын монахтың пышақ және таяқпен шомылуы, құрбан шалынып жатқанда монахтың бағытын солтүстікке бұруы, монахтың құрбан шалынып болған соң қолындағы таяқты өзенге тастауы.
Құрбан етілген малдың тазалығына сенеді. Сондықтан да, шомылып тазаланбаған адамның құрбандықты ұстауына рұқсат жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет