Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет4/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ОХТН зертханалық

Метанның оттегінде жануы. Жиналған метан газын пробиркаға үштен бір бөлігіне дейін толтырып, қалған бөлігіне газометрдегі оттегімен толтырайық. Ол үшін метанды жинағандағыдай пробирканы суға төңкеріп, оттегі пробиркаға толған кезде оның аузын бас бармақпен басып, судан шығарып алу керек. Пробирканың сыртын құрғатып сүртіп, сілкілеу арқылы метан мен оттегін араластырады. Соңынан пробирканың аузын жанып тұрған спирт шамына жақындатса, метан оттегінде неліктен қатты қопарылыс бере жанатынын түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Этилен алу және оның қасиеттер.Реактивтер: концентрациялы күкірт қышқылы мен этил спиртінің қоспасы (1:4), бром суы, калий перманганатының 2 процнттік сода қосывлған ертіндісі, керамика түйірлері немесе пемза, мыс, аклюминий сульфаттары.
Пробиркаға алдын ала даярланған күкірт қышқылы мен этил спиртінің қоспасынан 3-4 мл құйып, ішіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза немесе керамика түйірлерін салады. Пробирканы газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындап, натронды ізбес түйірлеімен толтырылған хлор-кальций түтігімен жалғастырады да штативке көлбеу бекітеді. Натронды ізбес қоспаны қыздырғанда этиленмен бірге аз да болса бөлінетін күкіртті газдысіңіреді. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырады. Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды да, одан этилен газы бөлінеді. Қоспасы бар пробирканы қыздырған (100-1100С) кезде этил спирті күкірт қышқылымен қосылып, су бөлінеді де, этил күкірт қышқылын, яғни минирал қышқылдардың күрделі эфирлерін түзеді. Күрделі эфир әрмен қарай этилен мен күкірт қышқылына ыдырамайды. Реакция теңдеуін аяқтаңдар.
С2Н5ОН+НО-SO3H®? Н2С - О- SO3H ®?

Н2С – Н
Мұндай күкірт қышқылы катализатор қызметін атқарады. Газ жүретін ұшынан шығып жатқан газдың қасиетін зерттеу үшін:
а) бром суы бар пробиркаға жібергенде, бром суын шығып жатқан газ түссізденедендіреді, оның түссізденуі бромның этилен молекуласындағы қос байланыстың π-байланысын үзіп қосылу реакциясы арқылы бромды этилен немесе 1,2-дибромэтан түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 2 проценттік сода қосылған калий перманганатының ертіндісіне жібергенде, ертіндінің күлгін түсі біртіндеп жойыла бастайды да қоңыр түсті марганец (ІV) оксиді (MnO2) тұнбаға түседі. Этилен тотығып екі атомды спирт этанольға айналады. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл жағдайда этилендегі қос байланыстың π-байланыс үзіледі де калий перманганатынан бөлінген оттегімен, су молекуласындағы сутегімен, гидроксил тобы есебінен пайда болған екі гидроксил тобымен қосылып, екі атомды спирт моекуласын түзеді.
б) бөліп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ жүретін түтіктің ұшында жағды:
С2Н4+2®2СО2+2Н2О
Этилен метанға қарағанда ашық жалынмен жанады және көміртек мөлшерінің көп болуына байланысты жанғанда күйе пайда болады. Оны жалынға шыныны немесе фарфор затты ұстау арқылы байқайды.
Этилен молекуласының концентрациялы күкірт қышқылымен әрекеттесуі. Құрғақ пробиркаға 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, этилен шығып жатқан түтікті ептеп қышқылы бар пробиркаға енгізсе, қышқыл этиленмен әрекеттесіп, түссіз сұйық қоңыр түске айнала бастайды. Нәтижесінде сірке этил эфирі түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция өндірісте қанық көмірсутектерін қанықпаған көмірсутектектерінен бөлу үшін қолданылады.
Этилен молекуласының концентрациялы азот қышқылымен әрекеттесуі. Құрғақ пробиркаға 2-3мл концентрлі азот қышқылын құйып, оған этилен газын юіберсе, қышқыл этиленмен әрекеттесіп, қоңыр тарта бастайды, сол кезде пробиканың қатты қызуы мүмкін, сондықтан оны суға салып, салқындату керек. Реакция нәтижесінде смола тәрізді күрделі қоспа түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Ацетилен алу және оның қасиеттері. Ацетилен алуды тартпа шкафта жасаған жөн, себебі кальций карбидінен бөлінген ацетилен иісі жаман фосфорсутек, күкүіртсутек, т.б. улы зат қоспалары болуы мүмкін. Ол адам организміне зиянды.
Раективтер: кальций карбиді, калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, катализатор.
Ацетилен алу. Тәжірибе жасау үшін алынатын Вюрц колбасы кеңдеу болуы керек, себебі кальций карбиді сумен әрекеттескен карбид бетінде көпіршіктер түзіледі, ол көпіршік колбаның көлемі кіші болса, газ жүретін түтікке еніп, ацетиленмен бірге шығады. Карбидке дистильденген су қосса, реакция өте тез жүреді. Карбидтен бөлінетін ацетиленнің қасиетін анықтағанда реакцияның өте тез жүруі қажетсіз. Сондықтан реакцияны бір қалыпты жүргізу үшін су орнына ас тұзының қанық ертіндісін немесе спирттің (1:1) судағы ерітіндісін пайдаланады.
Құрғақ Вюрц колбасына 5-6 түйір кальций карбидін салып, колба аузын бөлгіш воронкасы бар тығынмен тығындайды. Воронкаға ас тұзының қанық ертіндісін құяды. Колба бүйірндегі түтік ұшы сүйір газ жүретін түтікке жалғасады. Воронкадан аз-аздап ерітіндіні тамшылатқанда, колба ішінде кальций карбиді мен су әрекеттесіп, ацетилен түзеді:
С \
| | Са + 2НОН → Са (ОН)2 + НС ≡ СН
С ∕
Түзілген ацетиленді керегінше алу үшін воронкадан ерітіндіні белгілі мөлшерде есеппен тамызу керек. Бұған қыздырудың керегі жоқ.
Ацетиленді жағу. Газ жүретін түтіктен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатады, ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады. Мұнда көміртегінің проценттік мөлшері этилен молекуласындағыдан да көп екені байқалады. Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
НС≡СН + О2→
Ацетиленнің тотығуы. Ацетиленді содамен сілтіленген немесе қышқылданған калий перманганаты тұзының ертіндісіне жібергенде ерітіндінің ашық қызғылт түсі өзгеріп, марганец (IV) оксидінің қоңыр тұнбасы пайда бола бастайды, оның өзі ацетиленнің тотыққанын көрсетеді. Ацетиленнің тотығуы молекула арасындағы үш байланыстың үзілуі арқылы жүреді. Егер калий перманганаты содамен сілтіленген болса, онда реакция бірнеше сатымен жүріп, сонында қымыздық қышқылы түзілді, ал ерітінді қышқылданған болса, көмір қышқыл газы түзіледі. Сілтілік ортада реакция мына төмендегі схема бойынша жүруі мүмкін:
2КМnO4 → K2MnO2 + 2[O]
[O]+ H – OH HC = CH [O] + H - OH
HC≡CH │ │
OH OH
этендиол – 1,2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет