Адырбекова г. М. Органикалық химияның теориялық негіздері



бет3/16
Дата24.04.2024
өлшемі322.5 Kb.
#499694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ОХТН зертханалық

Шынымен жаралану. Лабораторияда жиі кездесетін жәйт қолды шынымен кесіп алу. Кесіп алғанда жараға шыны түсіп кетсе, птнцетпен оны алып тасйды. Сонымен жараны иодтың спиртті ерітіндісімен өңдеп, байлап қою керек.
Егер қан бірден тоқтамаса, қан тоқтататын мақтаны басу керек, оны гидроскопиялық мақтаны 10%-тік FeCl3 ерітіндісіне батырып дайындайды. Қан тіпті тоқтамай жатқан жағдайда қолды резинадан жасалған созылмалы жгутпен байлап керек. Қан тоқтай салып жгутті алып тастайды.
Күйген кездегі бірінші көмек. Термиялық күйік кезінде, күйген орынды тез 40%-тік этил спиртіндегі 5%-тік танин ерітіндісімен өңдеу қажет, көпіршіктер түзілмеуі үшін. Осы ерітіндіге батырылған мақтадан компресс қойса тіпті жақсы болады.
Концентрлі қышқылдармен күген орынды сумен жуып, сосын 1%-тік сода ерітіндісіне батырылған мақтамен компресс жасайды.
Күшті сілтілермен күйгенде күйген орынды сумен жуып, 1%-тік сірке қышқылына батырылған мақтамен компресс қояды (тұз қышқылын да қолдануға болады). Қышқыл немесе негіз көзге тигенжағдайда, жақсылап сумен жуып, нейтралдау қажет (2%-тік бор қышқылымен негізді, 2%-тік соданың ерітіндісімен қышқылды нейтралдайды).
Броммен күйген жағдайда жараланған орынды бромның қоңыр түсі кеткенше 1%-тік натрий карбонатының ерітіндісімен өңдеуді, содан кейін 5%-тік мочевина ерітіндісіне батырылған мақтамен компресс жасайды.
Сұйық фенолмен күйгенде ағарып қаоған орынды терінің түсі қалыптасқанша глицеринмен сүртеді. Содан жараланған орынды сумен жуып, глицеринге батырылған мақтамен компресс қойылады.
Егер уақытылы көмек көрсетілмесе, ұзақ уақыт жазылмайтын жара болып қалуы мүмкін.
2. Жұмыс Метан және этиленді алу .
Реактивтер: натрий, калий ацетаты, натронды ізбес, сода, калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, концентрациялы тұз қышқылы.
Метан алу және оны жағу. Бір бөлік сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестің қоспасын фарфор тостағаншада араластырып, құрғақ пробиркаға салып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен беркітеді де, штативке көлбеу орнатады.
Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын алдымен бром суы құйылған, содан кейін калий перманганаты ерітіндісі бар пробиркаға батырады. Бөлініп жатқан метанның әсерінен екі пробиркадағы ерітіндінің де түстері өзгермейді. Бұл қалыпты жағдайда және катализаторсыз метанның бромданбайтынын және тотықпайтынын көрсетеді.
Қыздыруды тоқтатпай тұрып, метанды су астында жинайды. Ол үшін газ жүретін түтіктің ұшын суы бар ыдысқа батырып, газ көпіршіктері шыға бастаған кезде түтік ауызына су толған пробирканы төңкереді де суды ығыстыру арқылы метанды пробиркаға жинайды. Газ жүретін түтікті судан шығармай тұрып, қыздыруды тоқтатпацйды. Газ толған пробирканы су астында бармықпен ауызын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына жақындатып, ауызан ашады, немесе аузынан тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып, жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз-аздап су қую керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де жану толық жүреді.
Мына реакцияның теңдеуін аяқтаңдар:
O
1 ) CH3 C + NaOH ® ?
ONa
2) CH4 + O2 ® ?


Метанның ауадан жеңілдігін анықтау. Салмағы бірдей екі бос колба алып, біреуіні таразаның бір табағына ауызын төмен қаратып іліп, екінші табағына жай қойып, теңестіреді. Таразыдағы ауызы төмен қараған қолбаға метанды жіберсе, таразының тепе-теңдік қалпы бұзылып, метан толған колба жағы көтеріле бастайды. Бұл метанның колба ішіндегі ауадан жеңіл екенін дәлелдейді, ал метан аузы жоғары қарап тұрган колбаға жібергенде, таразыда ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Бром суы мен калий перманганатына метанның әсері. Метанды жинап алғаннан соң немесе газ күйіндегі бөлініп жатқанда газ жүретін түтік арқылы бром суына жіберсе, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Оның себебі не?
Сондай-ақ бөлініп жатқан метанды калий перманганаты бар ерітіндіге жіберседе ешқандай өзгеріс көре алмаймыз. Оның себебін түсіндіріңдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет