5–тақырып. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тəрбие жұмысының ерекшеліктері.
Ұжым тəрбиенің объекті жəне субъекті ретінде, ұжымның мəні.
Ұжымның теориясы мен практикасын қалыптастыруда А.С. Макаренконың рөлі.
Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен қызметтері. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Ұжымдық өмірдің эмоционалдық байлығы, оң əлеуметтік тəжірибені меңгеру үшін ұжымдық дəстүрлердің мəні. Сынып ұжымын дамыту жəне қалыптастыру бойынша сынып жетекшісінің əдістері мен тəсілдері оқушылардың тəрбиелеуші жəне дамытушы ортасы ретінде, ұжым мүшелерінің өзін-өзі жүзеге асырылуы мен қалыптасуының факторы ретінде.
Балалар ұжымы жағдайын анықтайтын мониторинг. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің құзіреттілігі.
Негізгі түсініктер: балалар ұжымы, қызмет, заңдар, балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері, ұжымдық іс-əрекет, қарым-қатынас мəдениеті, балалар ұжымы мониторингі.
Әдебиет: [11,12,13].
6-тақырып. Қазіргі таңдағы мектептің тəрбие үдерісіне педагогикалық қолдау.
Педагогикалық қолдаудың мəні – оқушылардың қабілеті мен ішкі жан-дүниесінің мүмкіндіктерін ашуға негізделген жеке тұлғаның субъективті қасиетін қалыптастыру. Педагогикалық қолдау қазіргі заманғы педагогиканың гумандық тұлғалық-бағдарланған парадигмасын көрсететін қағида ретінде.
Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу жəне оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мəселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық əдеп жəне т.б.).
Педагогикалық қолдаудың əдістері мен тəсілдері.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық қолдау, гуманистік парадигма, тұлғаның субъектілігі, ашық ақпараттық кеңістік, білімдік кеңістік, тұлғаның өзіндік үдерістері, өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі тану, өзін-өзі іс жүзінде көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |