12 – тақырып. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық əрекеттестік технологиясы.
Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара əрекеттестігі бойынша тəрбие жұмысын ұйымдастыру əдістемесі. Ата-аналарды мектептегі тəрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі.
Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Педагогтың ата-аналар комитетімен əрекеттестігі. Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының негізгі формасы. Сыныптық ата-аналар жиналысының сан алуан түрлері, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық өзараəрекет, ынтымақтастық, ата-ана, ата-аналар жиналысы, конференция, педагогикалық білім, практикум, дəріс, педагогикалық пікірталас.
13-тақырып. Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тəрбиелік жұмыстар.
Балалар бірлестігі - тəрбиелеу мен əлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың бос уақытындағы іс-əрекет формалары. Оқушылардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру əдістемесі.
Инновациялық тəрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту жəне нығайту.
Негізгі ұғымдар: балалар бірлестігі, балалар-жастар ынтасы, əлеуметтену, субмəдениет, балалар субмəдениеті, шығармашылық бірлестіктер, формалды емес бірлестіктер, педагогикалық қолдау, даму, бос уақыттағы іс-əрекет, клубтық бірлестік.
14–тақырып. Тəрбие жұмыстарының нəтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.
Мұғалімнің психодиагностикалық мəдениеті. Тəрбие үдерісі тиімділігін зерттеу бойынша сынып жетекшісі іс-əрекетінің қағидалары.Тəрбие жүйесінің диагностикасы. Тəрбие жүйесінің нəтижесін зерттеу əдістері.
Тəрбие үдерісі тиімділігінің негізгі өлшемдері. Оқушылардың тəрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері.
Оқушы тұлғасы мен сынып ұжымы диагностикасының үлгілі бағдарламасы. Оқушылардың тəрбиелік диагностикасының мазмұны. Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар. Тəрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының əдістері. Тəрбие жұмысы диагностикасының əртүрлі əдістері мен əдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.
Сынып ұжымының диагностикасы: сынып ұжымының қалыптасу деңгейі мен тұлғааралық қарым-қатынас жағдайын зерттеу. Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру.
Негізгі ұғымдар: диагностика, нəтиже, тиімділік, психологиялық-педагогикалық диагностика, психодиагностикалық мəдениет, диагностика бағдарламасы, диагностика əдістемесі, ұжым диагностикасы, тұлғаралық қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |