2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» типтік оқу бағдарламасы «Білім» тобындағы мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқып-үйренудің мақсаты студенттердің мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздерімен таныстыру, тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
Тәрбие процесінде қолданылатын қазіргі келістер мен тұжырымдамалары туралы жалпы білім беру;
Сынып жетекшінің іс-әрекетінің бағыттарымен, оның атқаратын міндеттерімен таныстыру;
Тәрбие жұмысын диагностикалау, тәрбие процесін жоспарлау, оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің өзектілігі Болашақ ұстаздардың кәсіби құзыреттілігінің маңызды бөлігі ол тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша теориялық білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуы мен оны практикалық іс-әрекетте іске асыруға дайындығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу процесін ұйымдастыру үшін студенттер тәрбиенің фундаменталды ілімдері мен тұжырымдамаларын, тәрбие технологиялары мен формаларын меңгеру қажет. Сонымен бірге, олар тәрбие жұмысын жсопарлау, диагностикалау, ұйымдастыру бойынша іскерлііктер мен дағдыларды қалыптастыру тиіс.
Маңыздылығы Тәрбие жұмысының теориясы пәнін оқу негізінде студенттер сынып жетекшінің қызметімен, оның жұмыс формаларымен және бағыттарымен танысады. Тәрбие жұмысын ұымдастыру бойынша іскерліктер мен дағдыларды меңгереді.
«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» оқу курсының типтік бағдарламасының құрылымы мен мазмұнында ізгілендіру идеясын негіздеу ескерілген, теориялық жəне əдістемелік кешенде құрылған жəне тəрбие үдерісінде жалпыадамзаттық ізгілік құндылықтар басымдылығында, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-əрекеттік, аксиологиялық тұрғылар жүйесінде жүзеге асырылған.
«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» курсын оқыту барысында студент төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:
тəрбие жұмысының мəнін, мақсаты мен міндеттерін;
ҚР қазіргі заманауи тəрбие тұжырымдамаларын жəне мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесін;