10–тақырып. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-əрекеті.
«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың əлеуметтік-экономикалық шарттары. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары. Оқушының салауатты өмір сүру стилінің негізгі компоненттері: аса жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, жеке бастың гигиенасы, дағдылы тамақтану, травматизмнің болмауы, салауатты дағдылар, дене белсенділігі.
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың əлеуметтік- педагогикалық технологиясы. Еңбек күн тəртібі мен демалысты ұйымдастыру əдістемесі. Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу жəне нашақорлықтың алдын алу əдістемесі. Кикілжіңнің алдын алу жəне оларды жеңудің психологиялық-педагогикалық əдістемесі.
Негізгі ұғымдар: құндылық, құндылық қатынас, салауатты өмір салты, салауатты өмір салтына құндылық қатынасы, компонент, салауатты өмір сүру стилі, микроəлеуметтік орта, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тəрбиелеу, мақсаттылық, еңбек режимі, профилактика, кикілжің, демалыс режимі.
11 - тақырып. Оқушылармен жүргізілетін кəсіптік бағдар беру жұмыстарының əдістемесі.
Кəсіптік бағдар – оқушылардың мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттеліктері мен дайындығын қалыптастыруға мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-əрекеті. Кəсіптік бағдар беру жұмыстарының мəнді сипаттамасы (мақсаты, міндеттері, мазмұны). Кəсіптік бағдар беру жұмыстарының тəрбиелік сипаты. Мектептегі кəсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары. Кəсіптік бағдар беру – директордың тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, мектеп психологының, пəн мұғалімдерінің бірлескен іс-əрекеті.
Оқушылармен жүргізілетін кəсіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділік əдістемесі: ойындар, пікірталас, жағдаяттарды талқылау жəне т.б.
Негізгі ұғымдар: кəсіптік бағдар, кəсіптік бағдар беру жұмыстары, мамандықты таңдау, тəрбиелік сипат, кəсіптік бағдар берудің бағыттары, формлары, өлшемдері, кəсіптік бағдар берудің тиімділігі, белсенділікəдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |