-сыра (-сіре) жүрнағы — әуелгі -сы және -ра фор-Маларынан күралған байырғы косымша. Бұл журнак езі жалғанған есімдерден солардың әрқайсысының маз-І^Ұны арқылы аталатын қадір-қасиетке зәрушілікті, мүқ-®Ждықты білдірерліктей немесе сондай касиеттен Tan-
шылық көретіндікті аңғартарлыктай туынды етістіктер жасайды. Мысалы: ағайынсыра, әлсіре, жетімсіре, қаң. сыра, қымызсыра, ойсыра т. б. Осы форма арқылы жы- ламсыра, күлімсіре деген етістіктер де жасалған, бірақ олардың семантикалық реңктері баскаша.
-ыра (-іре) жұрнағы көбінесе еліктеуіш сөздер-деп олардың мазмұны арқылы аталатын я берілетін не-гізгі сипаттары ұдайы білініп я көрініп тұратындаіі туынды етістіктер жасайды. Мысалы: барқыра, бұрқы-ра, жарқыра, дүркіре, зіркіре, күркіре, сарқьіра, шүр-қырсі, іиырқыра т т.
-ырай (-ірей) жұрнағы — әуелгі -ыр және -ай (-ыр + ай) формаларынан кұралған көне косымша. Бұл жұрнак көбінесе сын есімдерге, бейнелеуіш сөздерге жалғанып, олардан сыртқы, ішкі бейне, кескін, келбет, мүсін тәрізді көріністер мен қүбылыстарды білдіретін туьшды етістік жасайды. Мысалы: кіші-рей, тік-ірей, тас-ы-рай, тыс-ырай, бақ-ырсій, іиаң-ырай, аж-ырай, бад-ырай т. б.
Бұлардан езге кейбіреулері тек белгілі бір есім-дерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етіс-тіктерден туынды етістік жасайтын әрі кене, әрі мар-дымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады: -ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.); -шы, -ші (аунақ-шы дөңдек-іиі, жан-іиы, мал-шы, қаң шы, көпір-ші, т. б.); -ан, -ен, -ын, -ін, -н (бас-ын, жир-ен, оя-н) (оя-т), үйре-н (үйре-т), жұба-н (жұбат); -ырқа, -ірке (есірке, мүс-ірке, тас-ырқа, тос-ырқа т. б.); -ырқан, -іркен (аз-ырқан, аіи-ырқсін, тұш-ырқан, іиам-ырқсін, шім-іркен т. б.); -ына, -іне (ес-іне, ңат-ына, пыс-ына т. б.); -қа, -ке, -ға, -ге (бүр-ке, иіс-ке, қоз-ға), -ди, -тьій, -ти (-қаз-ди, дүр-ди, сұс-ти, таш-ти, төс-ти т. б.) т. б.
ә) Күрделі етістіктер және олардың
ж үйесі
Қазақ тілінде кемі екі я онан да аса компоненттер-ден құралып, сейлеу тілінде де, жазба тілде де бірдеп қолданыла беретін етістік тіркестері мен етістікті тіркес-тер тіпті көп. Мысалы: жәрдем ет; көмек көрсете көрі телефон соға сал; жәрдем беретін бол; ңүлак, сала жүР'• қол үшын жалғап жібере қой; ала келсе игі еді, кегіп бара жатыр екен; тарс ете түсті; жығылайын деп туР> лақтырып тастай салғысы келіп отыр екен; қүлап ке№ жаздап барып ңалды т. б.
Құрамы мен кұрылысы жағынан әр түрлі бола Typ es да, осыпдай есімді тіркестері мен етістікті тіркестер-діи бәрі де казак тіл білімінде бір категория ретінде карялыгі, күрделі етістік деген термиимен аталып жүр. Бірак осы күрделі етістіктердің мағыналарын ажырату-да, кызметтерін анықтауда, оларды жүйелеп талдауда іс жүзінде қыруар қиыншылықтар да ұшырасып жүр. Ондай киыншылыктардың болуы даусыз, өйткені осы тіркестердің ішінде мазмұндары да басқа-баска, фор-малары да сала-сала, өз алдарына жеке-жеке категория ретінде талдануға тиісті әлденеше топ күрделі сөздер бар. Сыр-сипаттарын тану үшін де, білу үшін де осы-ларды әуелі іштей саралап алған макүл. Ал оларды жік-
с ү үшіи, ең алдымен, күрделі етістіктің құрамындағы сөздерініи мағыналарының жай косындысы емес, сол компоненттерден құралған күрделі түлғаның (единица-нын) негізінде туып қалыптасқан жаңа бір семантика болатыны есте үсталуға тніс. Сонымен бірге, күрделі етістіктің әр түрінің компоненттері өзінше басқа-басқа болуларына қарай, олардың арақатынастары да, ма-ғыналары мен формалары да сара-сара болатыны еске-
рілуі қажет.
Бірақ күрделі етістіктсрді ажырату, саралау мәселе-сінде қиьшдықтар да жоқ емес. Ол қиындыктардың бір •үшығы етістіктің жай (еркін) тіркесімен астас болса. екіншіүшығы күрделі етістіктердің өздерін іштей жіктеп, бір-бірінен саралаумен байланысты. Мысалы.осы күнгі күрделі етістіктер әуелгі жай (еркін) тіркестерден туып өрбігені анық. Солай бола тұрса да, бұл екі категориянын саралануына тек компоненттердің ішкі лексика-семан-тикалық, лексика-грамматикалық мазмұндары, олардың арақатынастары ғана себеп болмаса, сыртқы фор-маларында ерекшеленерліктей дәнекер тумаған, демек. олардың формалары әуелгі қалыптарын езгертпей сақ-тап қалған. Ал компоненттердің арақатынастары женін-де айтылатын негізгі қағидалар мыналар: егер етістік тіркестің құрамындағы компоненттердін әрқайсысы езді-өзіне тән бастапкы лексикалык мағыналарын түгел сақ-тап тұрып, сөйлем ішінде алды-алдына жеке сұрауға жа-Уап беріп, дербес мүше бола алса, ондай етістік тіркес бркін тіркес немесе жай синтаксистік тіркес саналады {үйге жүгіріп кірдім — жүгіріп үйге кірдім; машинадан fetcipin түстім — секіріп машинадан түстім); егер тіркес-тегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен тең түс-
кенімен, бір-бірінен жекелекбей, біртұтас мағына (тұл-ға) құраса,— ондай тіркес күрдеді тіркес саналады (алып бар, алып қсійт, кіріп шық, оқып бар, алып кет
б.); Күрделі етістіктердің түрлері және олардың қыс-қаша сипаттары төмендегідей:
1. ...жәрдем ет, ән ecu... деғен күрделі етістіктер (есім мен көмекші етістік) тек семантика жағынан ғана емес, күрделі етістің грамматикалануыиа, демек, етістіктің барлық грамматнкалық (морфологпялық, синтаксистік) парадигмаларын жасауға жэне сол парадигмаларда кол-дануға таяныш болады (жәрием етеді, жәрдем етті, жәр-дем етсе игі еді, жәрдем еткісі келіп отыр, жәрдем етіп келеді, жәрдем еткен адам т. б.). Бүл үлгі бойынша жа-салатын күрделі етістіктің лексикалық мағынасына бі-рінші компонент (есім) негіз болса, екінші компонент (кемекші етістік) сол есім сезді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді (жәрдем ет — жәрдемдес; ән сал — әндет), бірақ кемекші етістік қызмет жағынан жүрнаққа ұксас болғанымен, формасы мен мағынасы жағынан ешуақытта да оиыглен (жұрнакпен) тең түсе алмайды. Сөйтіп, күрделі етістіктің бұл формасы (үлгісі) сырткы түрпаты (құрамы) жағынан да, ішкі мазмүны (семантикасы) жағынан да құранды болып келеді. Осы себептен бұл үлгі бойынша жасалатын етістіктер күрделі қүранды етістік деп аталады (ағалық ет; үлгі ңыл; қа-был ал; ғалым бол; айғай сал; дем ал; бас и, жанжал шығар; бет ңой; серуен сал; естен тан; бас қатыр; зар қақ; жаңсы көр; еңбек сіңір т. б.).
2. ...алып кел, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет, келе кет, жи-нап ал, сұрап ал тәрізді жеке-жеке тіркестерді алсак, олардың әрбір компонентінде өзді-езінше дербес лекси-калык мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі. Күрделі етістіктің бұл түріне тән әрбір тіркестің лекси-калық мағынасы қүрамындағы екі компоненттің мағы-наларынан құралады. Мысалы, алып кел, алып бар, ке-ліп кет деген күрделі (құрама) етістіктерді талдап қарасақ, дәлме-дәл болмағанымен, шамамен айқында-ғанда, біріншісі ал да кел, екіншісі — ал да бар, үшініШ-сі — кел де кет деген үғымдарды білдіреді. Бірак, солаИ бола тұрса да, барып кел, келіп кет етістіктерінің компо-ненттері, тарихи түрғыдан қарағанда, әуел-баста сөйлеМ-нің жеке-жеке мүшесі болғандарымен, кейінгі замандар'
да бөлшектенбейтін бір күрделі мүше болып қолданылу нәтижесінде, күрделі етістік ретінде жүмсалатын болып калыптасқан. Күрделі етістіктердің езге топтарынан ажкрату үшін, бұл топты шартты түрде құрама күрделі етістік немесе жай күрделі етістік деп атауға болады. Етістіктің еркін тіркесінен жай күрделі етістікті ажыра-туда кандай қиыншылық ұшыраса, жай күрделі етістік-тен сараламалы (аналитикалық) етістікті ажыратуда да сондай киыншылык кездеседі. Олай болатын себебі — бұлардың сыртқы формаларында ешқандай дыбыстық я басқа айырмашылық болмайды (ж оқ); езара түрлес, формалас келеді, ейткені олардын, шығу теркіні, тегі, та-биғаты бір; айырмашылықтары ішкі мазмүнында ғана, ал мазмұндары компоненттердің ара қатынастарыиа байлан.ысты болады (апар, әпер, әкел, әкет, түрегел). Сол сияқты айта сал, жаза түс, қарай кер... деген ана-лктикалық етістіктер екі етістіктің (етістік пен етіс-тіктің) тіркесінен күралған. Бұл үлгі бойынша жасала-тын аналитикалық етістіктІн. лексикалық мағынасына алғашқы етістік ғіегіз (жетекші) болады да, оған косы-латын кесемшенің жұрнағы (-а, -е, -й; -п, -ып, -іп) мен соңғы кемекші етістік селбесіп (мысалы: -а сал; -а түс; -й көр) алғашқы (жетекші) етістіктің мағынасын сара-лайтындай қосымша грамматикалық семантика (мән) күстейді, демек, -й сал... тәрізді кұрама формант грам-матикалық дәнекер есебінде жұмсаладьу Жетекші етістікке жамалатын грамматикалық семантиканы айт және айта сал, жаз және жаза түс, ңара және қарай көр деген жалаң және күрделі етістіктерді езара салыстыр-ғанда тез аңғаруға болады. <Сейтіп, бұл үлгі бойынша жасалатын етістіктердіц кұрамындағы кемекші компо-ненттері жетекші (негізгі) етістіктің лексикалық мағы-иасын өзгертпейді, тек оған айқындай түсетіндей қосым-Ша грамматикалық семантика жамайды. Осы себептен етістіктің бұл түрі аналитикалық етістіктер деп атала-ДЫ.^Сараламалы етістіктерді жасауға дәнекер болатын форманттар, әсіресе кемекші етістіктер түрлі-түрлі бо-лады.
3. ...бетке шіркеу түсіре көрме; бойын аулаңқа сала береді; жүмған аузын ашпай қойды; місе тұтса игі еді; ^Үрек жалғап алдық; жігері ңұм бола жаздады... деген кҮрделі етістіктер — тұрақты тіркестер, яғни идиома-Іі^анған тіркестер. Бұлар (іштей) грамматикалық жа-
рЫнан бөлшектенбейтіндей болып, лексика-семантика-
1
лық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орғіыккан бір бүтін түлға (единица) есебінде қолданылатын тұракты етістіктер, күрделі етістіктер ер-кін жүмсала беретіндіктен. күрделі етістіктердің жүйесі мен күрамы идиомаланған, лексикаланған күрделі то-бы деген атпен арнайы қаралады. Мысалы: опық жеді, тсіяқ жеді, қүр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, аран тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу сплды, жан алқымғсі алды, ауыз салды, көз салды, оісек көрбі, т. б.
Бүл аталған қүранды етістік, қүрама етістік және түрақты етістік деп аталатын күрделі етістіктермен қа-тар етістіктің аналитикалык етістіктер деп аталатын түрі де бар. Аналитикалық етістіктердің күрделі етіс-тіктерге қарағанда, компоненттерінің араларындағы байланыстары мен қатынастары өте күрделі болады Ол күрделіліктің сыры төменде «Аналитикалық етістіктер» дегенде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |