4. ЗАТ ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК СИПАТЫ
Сөз таптарының бәріне де негізгі ұйтқы болғандық-тан, зат есім солардың әрқайсысымен сейлем ішінде әр түрлі жағдайда тіркесіп, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Осындай әр тараптылығының нәтижесінде зат есім сейлемнің барлық мүшелері де бола береді.
Сөйткенмен, семактикалық жағынан негізінен заттык ұғымды білдіретіндіктен, зат есімнің ең негізгі де және ен басты да қызметі, әрине, бастауыш пен толыктауыш болуға лайық. Мысалы: Мүғалім — ауылдағы мәдени күшіміз (Б. Майлин); Үсті-басым, бет-аузым лезде үй-реншікті түрге түсті (С. Сейфуллин). Ананың қолты-ғындағы екі баланың дидары оттың арасынан Ержанға айқын көрінді (Ә. Әбішев). Осы сөйлемдердегі баста-уыштардың бәрі де — зат есімдер. Әбдірахман хатты аіиып оқыды (Б. Майлин); Нақ сол минутта иіыққан ән шынында Шүғадан басқаға лайықты емес еді (бұ да) деген сөйлемдердегі толыктауыштар да зат есімдерден жасалған.
оғарыда айтылғандай, кандай сөзбен тіркесуіне жә-не кай орында тұруына қарай, зат есім анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді. Мысалы: Біздің болысқа қаладан өкіл келді (Б. Майлин); Біз аяңдап үйге қарай жүрдік (бұ д а ); Түйелердің жанын-да көгендерде қозылар жатыр (С. Сейфуллин) деген сөй-лемдердегі болысқа, қаладан, үйге қарай, түйелердің жанында, көгендерде деген пысықтауыштар да зат есім-дерден жасалған. Сондай-ақ, майысып, солқ-солқ еткен врім талмын, Жас алма пісіп түрған шекер балмын (С. Торайғыров); (Біздің үйде әкем, шешем, Бағила, Үлтуған, мен — бес жанбыз (С. Мұканов) дегендердегі баяндауыштар да зат есімдерден жасалған.
азақ тілінде зат есімнің анықтауыш болуы — оның (зат есімнің) негізгі қызметі мен қабілетінің бірі — не-гізгі синтаксистік сипатының бірі. Ал зат есімнің негізгі синтаксистік сипатының төркіні де, себебі де казақ ті-ліндегі (сондай-ак, өзге түрік тілдерінде де) зат есімдер тек басқа сөз таптарымен ғана емес, езді-өздері де бір-бірімен тіркесе бере алатын ерекшелігімен байланысты. Демек, тілімізде зат есімге сын есім де (жақсы адам), сан есім де (бес адам), есімдік те (осы адам), есімше Де (оқыған адам, оқитын адам) анықтауыш болумеи.
<.атар, бір зат есімге екінші бір зат есім де анықтауыщ 5ола алады.
Зат есімнің езді-өзі, бір-бірімен тіркесу жүйесі, әдет-ге, түрік изафеті деп аталатын өз алдына категория еке-ні мәлім. Ал, бұл категорпяның калыптасқан заңьі бо-Еіынша, бір зат есім мен екінші бір (басқа бір) зат есім уш түрлі жолмен тіркесетіні аян: оның бір жолы — екі зат есімнің екеуіне де қосымша (алдыңғысына ілік сеп-тік жалғауы, соңғысына тәуелдік жалғауы) қосылып тіркесу жолы (үйдің иесі, баланың пальтосы), екінші жолы — екі зат есімнің біреуіне (тек соңғысына) қосым-ша косылып, біреуіне (алдыңғысына) қосылмай тіркесу жолы (қала азаматы, үй шаруашылығы), үшінші жо-лы — екі зат есімнің екеуіне де бірдей (алдыңғысына да, соңғысына да) ешқандай қосымша косылмай тірке-су жолы (тас үй, қой қора).
Әрине, жақсының аты және жақсы ат, үлкеннің киімі және үлкен киім, қызылдың бояуы және қызыл бояу де-ген сияқты тіркестерді колдануға әбден болады, бірақ осындағы анықтауыштардың сөйлем мүшелік кызметте-рі бірдей болғандарымен, семантикалық мағыналары бірдей емес. Дегенмен, өзара тіркескен осы сездерден екінші үлгі бойынша жаңа тіркес жасауға болмайды. Ендеше, бұдан сын есім бірінші үлгі бойынша анықта-уыш болғанда, оның мағынасы заттанатынын, екінші үлгі бойынша сын есім тіпті анықтауыш болмайтынын (оның жақсьі аты дегеннің екінші үлгіден табиғаты бас-ка), ал, үшінші үлгі бойынша анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қасиеті екенін көреміз. Сонымен қатар, бұдан зат есімнің анықтауыш болу кабілеті де, өресі де сын есімнен (сондай-ақ, өзге де анықтауыш болатын сөз таптарынан) әлдеқайда кең екені байқалады. Осы себептен зат есімнің анықтауыш болу қызметі бұл сөз табына тән негізгі сипатының бірі делініп қаралғаны мақұл.
Рас, изафеттің үш түрінің мағынасы мен өресі бірдей емес және бірдей болуы мүмкін де емес, ейткені онын әрқайсысы — алды-алдына жеке-жеке форма. Солай болса, ол үш форманың мағыналарында да, қызметте-рінде де өзді-өздеріне ғана тән ерекше касиеттері болу-ға тиіс және бар да. Олардың ондай ерекше қасиеттері бар екендігін сол изафеттің белгілі бір түрін жасауға я колдануға болмаған жағдайда екінші бір (басқа бір) түрін жасауға я қолдануға болатындығынан да көре-
міз. Мысалы: Тас бақа деп те, тастың бақасы я тас ба-қасы деп те айтуға болғанымен, бірінші тіркестен бақа-ның тасқа үқсастығы аңғарылса, кейінгі тіркестерден тасты жердің бақасы я тасты жерде өмір сүретін бақа деген мән түсініледі. Сондай-ақ, қолдың басы я қол ба-сы, қолдың үшы я қол үшы деп те айтуға болады, бірақ кол бас, қол үш деп айтуға болмайды. Оның бер жа-ғында, қолдың басы және цол басы дегендердің семан-тикаларында да, кейде қызметтерінде де өзара айыр-машылық барлығы байқалады. Ал, қол ара, қол арба, ңол айна, қол ағаш, қол жаулық, қол тиірмен, қол тұзсіқ, қол орамал, қол өнер, қол сағат, қол сандық, қол шана, қол шатыр, қол шоқпар, қол хат сияқтыларды алсақ, олар изафеттің бірінші, екінші түрлері былай түр-сын, іштей ара қатынастары жақтарынан да бірдей емес.
Бас агроном, бас дәрігер, бас қонақ, бас қүда, бас балуан, бас мақала, бас бәйгі дегендердің бәрінде де ал-ғашқы сөз (бас) бірікші деген мағынаны білдірсе, көз әйнек, көз аңы, көз таныс деген тіркестердегі ара каты-нас тіпті басқа. Әрине, соңғы үш тіркестен көз аумағы, көз аясы, көз нүры, көз қыры, көз үшы, көз шарасы, көз жанары, көз жасы, сияқты тіркестердің де, көздің нүры, көздің жасы, көздің жанары тәрізді тіркестердін де ара катынастары бір басқа.
Тілімізде тас қақпа және қақпа тас, тас қорған және ңорған тас, ағаш орындық және орындық ағаш деген сияқты тіркестердің қажетіне карай қолданыла беруі де зат есімнің анықтауыш болу қабілеті мен қолданылу өрісі өзге сез таптарының қай-қайсысынан болса да кем емес, кең екендігін дәлелдейді. Солай болса, зат есімнің осылайша өзді-өзі, бір-бірімен тіркесіп, анықтауыш бо-лып қызмет ету қабілеті бұл сез табының езіндік ерек-шеліктерінін. ең басты белгісініғі бірі болып саналуға тиісті.
с к е р т у : Бұл арада ағаш бұтақ және ағаш бү-тағы, ағаш станок және ағаш станогы деген тіркестер-дін араларындағы формалық айырмашылық пен мағы-налық айырмашылық сөз етілген жоқ. Сондай-ак, зат есімге тән изафеттік тіркестерден идиомаланған, лекси-каланған (мысалы: қол бала, көз ұшы, тас түйін, тас ңараңғы, тас бауыр, бас мақала ~ гауһар тас, тас жол) формалар да сөз етілмеді. Сол сияқты, үш я онан артық
3
зат есімдердің осы аталған изафеттік үлгілері бойынщ3 жасалған формалары да сөз етілген жоқ. Өйткені бұд мәселелер, бір жағынан, тікелей кадағаланып отырғаң тақырыптан аулак әкетсе, екінші жағынан, лексиколо-гияның, синтаксистің объектілерімен үштасып жатқац. дыктан, арнайы кең көлемде үңіліп талдауды керек етеді
т a р а у
СЫН ЕСІМ
Достарыңызбен бөлісу: |