Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет79/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

-қақ, -кек, -ғақ, -гек жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудыратын омонимдес қосымшалар болғанЫ-мен, бұлардьщ зат есімнен гөрі сын есім тудыру к а б іл е - ті басым. Өйткені бүл жұрнақтар қосылған формалар-дың көпшілігі сын есім есебінде жұмсалады, оныц бер

жағында, етістіктерден бұл косымшалар арқылы туатын сын есімдер, өзінің негігзі (түбірінің) лексикалық ма-ғыналарына орай адамның кейбір мінез-құлқыньщ, та-биғаттың кейбір көріністерінің бейне-сипаттарын білді-реді. Мысалы: асқақ, тоңғақ, жабысқақ, оңғақ, тайғақ, майысқақ, қатқақ, урысқақ, т. б.





    1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары етістіктен зат есім тудыру жағынан қандай енімді болса, сын есім тудыру жағынан да сондайлықты қабілетті. Оның бұл ерекшелігі осы жұрнақтың, жоғарыда айтылғандай, зат есімге де, сын есімге де ортақ (омонимдес) қосымша бо-луына байланысты. Сондай-ақ, бұл жүрнақ аркылы жа-салған туынды сездердің әрі зат есім, әрі сын есім кыз-метін атқаруы да оның (қосымшаның) осы ерекшелігіне тікелей қатысы бар құбылыс екені күмәнсыз.



-ма (-ме...) жұрнағы арқылы жасалған сын есімдер тікелей өздері туған негіздерінің (түбірлерінің) лексика-лық мағыналарына байланысты сындық ұғымдарды біл-діреді. Мысалы: қызба (адам), бөспе (сөз), бояма (мі-нез), жалдама (ақы), қынама (бел), жайылма (сөйлем), құрама (нәрсе), сырма (пенжек), аспа (шам), көшпе (құм) т. б.



  1. 58. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСШ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР




    1. -ыс, -іс, -с жұрнактары кейбір етістіктерден нақ-тылы лексикалық мазмұнына орай туынды есім жасай-ды. Мысалы: ұқсас, таныс, талас, жалғас, тіркес, келіс, кетіс т. б.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет